Сабақ жоспары
1.Пән аты: Әдебиет
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: ІV
5.Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Ш. Айтматов «Ерте келген тырналар»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, «Ерте келген тырналар» хикаятын меңгерту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау, мәнерлеп оқу..
Сабақтың көрнекілігі: Шыңғыс Айтматовтың портреті, шығармалары.
Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1. «Робинзон Крузо» романнан үзіндіні мазмұндау.
V.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Шыңғыс Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсанда қырғыз жеріндегі Шекер аулында дүниеге келген. Әкесі Төреқұл өте парасатты, пайымды адам болған екен. Төреқұл ел басқару қызметінде болып, 1937-1938 жылдардағы «халық жауы» деген жазықсыз жаланың құрбаны болады. Кішкентай Шыңғыс бауырларымен бірге көп қиындық көріп өседі.
Ш.Айтматовтың шын мамандығы – табиғат сыйлаған жазушылық өнер: ол осы өнерін шыңдау үшін, жетілдіру үшін, М.Горький атындағы Әдебиет институтында оқиды. Шыңғыстың 1956 жылы жазылған «Жәмиля» хикаяты бірден жұрт назарын аударып, көп ұзамай орыс тілінде, ілі-шала Парижде француз тілінде жарық көріп, жас суреткердің есімін әлемге паш етті.
Қазақ, Қырғыз - ежелден қандас, бауырлас елдер. Бұрынғы кезде халық ақындары екі ауылда кезек-кезек ән шырқап, ақындар қазақ-қырғыз боп айтысып жүрсе, қазақтың ардақты ұлы Шоқан Уәлиханов – «Манастың» еуропалық өредегі тұңғыш зерттеушісі. Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып отыр. «Манастың» зерттеушісі Мұхтар Әуезов Шыңғыстың ұстазы болды. Жақсы дәстүр жалғасы деген – осы.
Бұл күнде Ш. Айтматовтың есімі дүние жүзіне мәшһүр. Шыңғыс – ең көп аударылған қаламгердің бірі. Жазушы бейнелеген кейіпкерлер, тек қырғыз халқының перзенттері емес, әлем халықтарына тән мінезбен, адамзаттық болмыспен бірігіп жатқан бейнелер. Сондықтан да оны ешбір халық жатсынбайды.
Жазушының «Боранды бекет» романы өмір мен өлімді, қасиет пен қасиетсіздікті, жер-анаға адамдардың қарым-қатынасы, қазіргі әскери полигондағы Найман – ана бейітінің тарихын айтатын – психологиялық роман.
2.Шығарма мәтінімен жұмыс жасай отырып, оның мазмұнын талдап түсіндіру.
3.Мәтінді тұтас оқып шығу.
VІ. Түсінік тексеру:
1. Сұрақтарға жауап беру.
Балалар көктемгі егіске нені қалай дайындады?
Ол дайындықты кім тексерді?
Тексеруде қандай кемшіліктер байқалды?
Оның қандай зардабы болуы мүмкін?
« Қар басқан жолдың жонынан таспа тілген» алғашқы үш күндік жұмысты жазушы қалай сүйсіне суреттеген?
Қар аралас жаңбыр жауғаннан кейінгі далаға ерте келген тырналарды балалар ненің белгісіне жорыды?
VІІ.Жаңа сабақты бекіту.
Кейіптеулерді табу
Табиғат суреттерін тауып дәптерге жазу.
VІІІ.Сабақты қорыту.
Бағалау:
Үй тапсырмасын беру:
1. Ш. Айтматовтың өмірі мен шығармашылығы.
2. «Ерте келген тырналар» хикаятының сюжетін баяндау.
Достарыңызбен бөлісу: |