Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштар теңдігінің белгілері Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



Дата13.12.2021
өлшемі90,69 Kb.
#125251
түріСабақ
Байланысты:
26.11 геом 7Ж


Қысқа мерзімді жоспар

Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы


Бөлім:

7.2B Үшбұрыштар

Педагогтің аты-жөні:

Асан Мөлдір Асанқызы

Күні:

26.11.2021

Сыныбы: 7 «Е, Ж»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Үшбұрыштар теңдігінің белгілері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

7.1.1.21 Үшбұрыштар теңдігінің белгілерін білу және дәлелдеу

7.1.1.22 Үшбұрыштар теңдігінің белгілерін есептер шығару мен дәлелдеулерде қолдану



Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: үшбұрыштар теңдігінің белгілерін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: үшбұрыштар теңдігінің белгілерін дәлелдей алады.

Кейбір оқушылар: үшбұрыштар теңдігінің белгілерін дәлелдейді және есептер шығаруда қолдана алады.

Сабақтың барысы:


Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

ІІІ. Сабақ тақырыбын айтып, сабақ мақсаттарын анықтау:

7.1.1.21 Үшбұрыштар теңдігінің белгілерін білу және дәлелдеу


Өткенді қайталау. (Кубизм стратегиясы бойынша)

1)Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады?

(Аксиома: Кез келген екі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізуге болады)

2)Екі түзудің қанша ортақ нүктелері бар болуы мүмкін?

(Екі түзудің тек бір ғана ортақ нүктесі бар болады немесе ортақ нүктесі болмайды)

3)Кесінді деген не? (Түзудің берілген екі нүктесі мен олардың арасында жатқан барлық нүктелерінен тұратын бөлігін кесінді деп атайды.)

4)Сәуле дегеніміз не? (Түзуде жатқан нүкте сол түзуді жарты түзуге бөледі.Жарты түзуді сәуле деп атаймыз)

5)Бұрыштың түрлерін ата? (жазыңқы бұрыш,сүйір бұрыш,тік бұрыш,доғал бұрыш)

6)Жазыңқы бұрыш дегені міз не? (Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш жазыңқы бұрыш деп аталады)

7)Сүйір бұрыш дегшенміміз не?

(Тік бұрыштан кіші бұрыш сүйір бұрыш деп атадлады.)

8)Тік бұрыш дегенміз не? (жазыңқы бұрытың жартысытік бұрыш деп аталады))

9)Доғал бұрыш дегеніміз не?

(Тік бұрыштан үлкен ,жазыңқы бұрыштан кіші бұрыш доғал бұрыш деп аталады)




Оқушылар сабақ мақсатымен танысады.







Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.
10 мин

5 мин

10 мин

Теорема1 /І белгі/

Егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады.



Теорема 2. ІІ-белгі.

Егер бір үшбұрыштың бір қабырғасы мен оған іргелес екі бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес қабырғасы мен оған іргелес екі бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады.



1-тапсырма. 1-суретте ∠1=∠2, ∠5=∠6, АС=12 см, ВD=5 см, ∠4=470. АD, ВС ұзындықтарын және ∠3 бұрышының градустық өлшемін тап.

2-тапсырма. 2-суретте MN=NP, ∠NPK=1520. ∠NMP бұрышының градустық өлшемін тап.



Теорема-3. Егер бір үшбұрыштың үш қабырғасы сәйкесінше екінші үшбұрыштың үш қабырғасына тең болса, онда мұндай үшбұрыштар тең болады.

4-тапсырма. 4-суретте KT=DM, KM=DT. ∆TKM=∆MDT екенін дәлелде.

5-тапсырма. 5-суретте BC=AD, BE=DF, AE=CF.

  1. ∆ADF=∆CBE екенін;

  2. ∆ABE=∆CDF екенін дәлелде.



Сұрақтар мен тапсырмаларды орындайды.







Сабақтың соңы

8 мин


6-тапсырма. 6-суретте AD – BAC бұрышының биссектрисасы, ∠1=∠2. ∆ABВ=∆AСВ екенін дәлелде.
Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін ,не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.
Рефлексия:

Сабаққа мен белсенді / белсенді емес қатынастым.

Сабақтағы өз жұмысыма ризамын / әлі де жұмыстануым керек.

Шығарылған есептер түсінікті болды / тағы да қарап шығуым керек.



Үйге тапсырма:

№2.8-есеп












Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау










Денсаулық сақтау технологиялары.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Санитарлық талаптар сақталады.




Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1.

2.

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.



1.

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?



1.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет