Сабақтың тақырыбы Симфониялық оркестрдегі ішекті-ыспалы аспаптар Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата15.02.2020
өлшемі118 Kb.
#58105
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Асем музыка 4


Күні:23.11.18.

Сынып: 4 «ә»

Пәні: Музыка


Мектеп: 37 гимназия

Мұғалімі: Кикимова Әсем

Қатысқандар: Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Симфониялық оркестрдегі ішекті-ыспалы аспаптар

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға ішекті-ыспалы аспаптар туралы түсіндіру, оларды ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Симфониялық музыкаларды қадір тұтуға, түсініп тыңдауға баулу, қызығушылықтарын арттыру,

шығармашылық қасиеттерін дамыту.



Бағалау критерийлері

Симфониялық оркестрдің не екенін және де оның маңыздылығын толықтай түсінеді

Тілдік мақсаттар

Альт, контрабас, виолончель

Құндылықтарды дарыту

Шығармашылық, адамгершілік қасиеттерін, оқылым, айтылым, жазылым және тыңдалым дағдыларын қалыптастырып, дамыту

Пәнаралық байланыс

қазақ әдебиеті, көркем еңбек

АКТ қолдану

Аудиожазба, видеожазба

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


Сабақтың ортасы

30 минут


Тыңдалым бөлімі!

Ән айту бөлімі!




1.Амандасу

2.Түгендеу



Психологиялық дайындық.

«Жүректен жүрекке» оқушылар тұрып, бір-біріне қарап айтады. Сәттілік тілейді.

-Кел, жаныма тұр сыныптас

Өз алақаныңды маған аш.

Міне менің қолым бос,

Жылуыма жылу қос.

Оқушылар қарсы тұрып, бас бармақтан бастап саусақтарының ұштарын бір-біріне тигізеді.

1-барлық


2-істе

3-саған


4-сәттілік

5-тілеймін

6-алақандарын қосып-РАХМЕТ.

II.Жаңа сабақ.

Балалар бізге сиқырлы ертегі елінен хат келіпті.Барлығымыз бірге хатты ашсақ.

Сиқырлы хат.

Сиқырлы хат ашыл,

Ішінен білім шашыл , десек қалай болады.

Скрипкамен қатар ішекті-ыспалы аспаптар тобын құрайтын альт, виолончель және контрабас аспаптары. Бұл аспаптар симфониялық оркестр үшін ойлап табылған. Себебі. Олар оркестрдің дыбыс кеңістігін мейлінше толтыру үшін қажет болады.

Дыбыс бояуы (тембр) жағынан альт скрипкаға жете алмайды. Оның дыбысы қысыңқы, көмескі реңді болып шығады. Контрабас аспабы тек қана оркестрде қолданылады. Ол өзінің қою және төменгі дыбысымен оркестрдегі барлық аспаптар сүйенетін тірек іспетті. Ал виолончель дыбысының тек өзіне тән ерекше бояуы бар. Оның қоңыр да қою дыбысы Еуропа музыкасындағы қайғы мен мұң, аңсау мен күйініш сезімдерін жеткізе алады.

Музыка тыңдайық!

Виолончель аспабында Сен-Санстың «Аққу» шығармасы

Күйдің көңіл – күйі қандай?

Қазір, барлығымыз оқулығымыздың 47 бетін ашамыз . Бұл жерде сендерге «Симфониялық оркестрдің ішекті-ыспалы аспаптар» туралы мәлімет берілген , соны барлығымыз кезек-кезекпен тізбектеп оқимыз.



Музыкалық сауаттылық:

Скрипка-(орыс. скрипеть — сықырлау, итал.итал. vіolіno) — ысқылы ішекті музыкалық аспап

Альт-(лат. altus, итал. alto - биік, жогары), музыкада


  1. Балалар не әйелдердің төменгі дауысы;

  2. Хордағы немесе әншілер тобындағы балалар не әйелдер (меццо-сопрано, конральто) партиясы;

  3. Скрипкашылар тобының шекті аспабы (итал. ако). Симф. және камералық оркестрлердің күрамына енеді. Кейде жеке орындауда кездеседі;

Виолончель-(итал. vіoloncello) – ысқышпен тартылатын скрипка тектес 4 ішекті музыкалық аспап. Құлақ күйі квинта бұрауымен келтіріледі.

Конрабас-(итал. contrabasso) – ысқымен тартылатын ішекті музыкалық аспап. Көлемі үлкен (2 м-ге жуық), дыбысы жағынан ең төменгі дауысты скрипка типтес, 4 ішекті, кварта бұрауымен бұралады. Контрабастың 3 және 5 ішекті түрлері де болады.

Сергіту сәті.

Оқушыларға ноталарды боятқызу.



Дауыс ояту жаттығулары

До-ре-ми-фа-соль-ля-си-до; до-си-ля-соль-фа-ми-ре-до.

Ми – а, ми-а, ми-а, ми – а – а – а- аа.

Ән орындау.

Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әнін үйрену. Ән көтеріңкі көңіл күйде орындалады.

Жаяу Мұса туралы қысқаша мәлімет айту

Бірнеше рет ән қайталанады.



Сұрақтар қою:

1.Скрипка тектес қандай ішекті-ыспалы аспаптарды білесің?

2.Альт, виолончель және контрабас аспаптары не үшін қажет болды?

3.Бұл аспаптардың дыбыс бояуының ерекшелігі неде?

4. Аспаптардың дыбыс биіктігі тікелей неге байланысты?

5.Аспаптарды қалай ұстап орындайды?



6.Бұл аспаптар қай ғасырда қарқынды дамыды?




Өлең жолдары жазылған бет, журекше суреті

Сиқырлы хат



Аудиожазба



Нота суреттері



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет