Сабақтың тақырыбы: Синтаксистен өткенді қайталау



Дата19.02.2017
өлшемі63,25 Kb.
#11118
түріСабақ
Бердешова Ұлбосын Саменқызы
Ақтөбе облысы

Байғанин ауданы

Жаңатаң орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Синтаксистен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты: білімділік-сөздердің грамматикалық байланысу тәсілдері мен түрлерін меңгерте отырып, салыстыра талдау тәсілдерін ұғындыру; дамытушылық-сөздерді түрлі тәсілдермен байланыстыра отырып сөйлеу тілін дамытуға, өз ойларын еркін жеткізе алуға дағдыландыру, шығармашылық жұмысқа машықтандыру;

тәрбиелік-заман талабына сай білімді де парасатты азамат болуға тәрбиелеу.
Түрі: қалыптан тыс слайд сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, бағалау, интерактивті тақта, сөзжұмбақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, бейнелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

А)Оқушыларды түгендеу;

ә)Сабаққа дайындығын қадағалау;

Сабақтың эпиграфы: Туған тілім табындырған талайды,

Ел ертеңі саған ғана қарайды.

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,

Ана тілім әрқашанда арайлы!



Сабақтың ұраны:

Жаңа ғасыр талабы,

Жаңарулар заманы.

Біз болашақ жас ұрпақ,

Білім алу арманы

Оқушылар біз сабағымызды бастамас бұрын мыны сөзжұмбақты шешейік.

І.Сөзжұмбақ

1.Ілік септігі мен тәуелдік жалғауы арқылы жасалатын сөз тіркесі не? (матасу)

2.Сөздердің байланысу тәсілінің бірі (интонация)

3.Орын тәртібі жағынан іргелес тұрып та, алшақ тұрып та байланысқан сөз тіркесі (жанасу)

4.»Көзді ашып-жұмғанша» қандай тіркес? (тұрақты сөз тіркесі)

5.»Білгенге маржан» сөз тіркесі қандай байланысу тәсіліне жатады? (меңгеру)

6.Қара ала қандай сөз? (күрделі сөз)

7.Басыңқы сөзі есімнен келетін сөз тіркесі? (есімді)

8.Оқу-немен құдық қазғандай? (инемен)

9.Сөз тіркесінің екінші сыңары? (басыңқы)

Ортасынан синтаксис деген сөз шығады.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:



Синтаксистен өткенді қайталау.

2. Кітап-досың ақылшың.

262-жаттығу (Төмендегі өлең шумағында қанша сөз тіркесі бар және олар қандай сөз тіркесі?)

Жығылсам да, жүгірумен өтермін,

Аяңшының ақылын мен не етермін?!

Жығылармын, алқынармын, шаршармын-

Барар жерге бұрынырақ жетермін

Мыс:Аяңшының ақылын-матасу, есімді тіркес; жерге жетермін-меңгеру, етістікті тіркес; т.б.

3.Мақал-сөздің мәйегі.

(Мақал-мәтелдердің құрамында қанша сөз тіркесі бар және қандай сипатта жасалынған?)

Отызыңда орда бұзбасаң,

Қырқыңда қыр аспассың.

* * *

Екеудің үлесі –үшеуге үнем.



Мыс: екеудің үлесі-матасу т.б.

4.Тез тауып, бөгелмей айтыңдар.

Жел. Күн. Жаңбыр. Мал. Палуандар. Тапсырма. Жиын. Сабақ.

Мыс:Күн күркіреді. Жаңбыр жауды.т.б

5.Кім жедел?

А)еңкейген..., еңбектеген..., жайнаған..., масайраған..., қауқиған..., ербиген..., селтеңдеген...

ә)сөйлер..., айтылар..., келер..., бітер...

б)алатын..., оқитын..., істейтін..., көретін...

Мыс: еңкейген кәрі, еңбектеген бала, жайнаған өмір т.б.


6.Ойлан. Ізден. Тап.

сын есім+зат есім,

сан есім+зат есім, зат есім+зат есім,

есімдік+зат есім, есімше+зат есім,

зат есім+етістік, үстеу+етістік,

сын есім+етістік, сан есім-етістік

Мыс:талапты бала, он оқушы т.б.

7.Сыңарын тап.

Бір шымшым, бір жайым, бір шөкім, бір қайнатым, бір салым, бір асым, бір жұтым, бір ұрттам, бір ауыз, бір атым.

Керекті сөздер: айран, су, өлең, бұлт, шай, насыбай, ет, қамыр, тұз.

Мыс: бір шымшым тұз, бір жайым қамыр, бір шөкім бұлт т.б.



8.Суреттер сөйлейді.

(Интерактивті тақтадан аттың, иттің, күннің, үйректің, балықтың, жаңбырдың т.б анимациялық суреттер көрсетіледі.

Көрсетілген суреттер бойынша оқушылар сөз тіркестерін құрау керек.)

Ат шапты, ит үрді, күн шықты, үйрек жүзді, әтеш айқайлады т.б.



9.Біліміңді байқап көр.

Оқушыларға перфокарта таратылады.

Слайдта көрсетілген мысалдарды кестеге төмендегідей толтыру қажет.

тұрақты тіркес

көзді ашып-жұмғанша, тайға таңба басқандай т.б

сөз тіркесі

қызыл көйлек, сары ала балапан т.б

күрделі сөз

қызыл ала, келе жатыр, күні бойы т.б


10.Сәйкесін тап.


мысал

анықтауыштық

қатынас


толықтауыштық

қатынас


пысықтауыштық қатынас

Ажардың анасы

+







ақша бұлт

+






шеберлікке үйрену




+




бүгін келді.






+

балаға берді



+





Қорытындылау.

(Слайдтан тест тапсырмалары біртіндеп шығып көрсетіліп тұрады.)

Тест тапсырмалары

1.Сөз тіркесін тап.

А)ақ басты в)алып денелі с)қырық тоғыз

д)жәрдем ету е) әдемі қыз

2.Басыңқы сөзі сын есімнен құралған тіркесті тап.

А)көгілдір көл в)аппақ қар с)орамалға орау

Д)елге танылған е)оқуға құштар

3.Тұрақты сөз тіркесін тап.

А)дарқан дала в)ғұмырнама с)мұзға отырғызып кетті

Д)кедей-кепшік е)самал жел

4.Күрделі сөзді тап.

А)ақша бұлт в)қара торы с)жетпіс жыл

д)жолдан өту е)қоян жүрек

5.Сөздердің жалғау арқылы байланысын тап.

А)ерекше мінез в)ол сұрасын с)әзер жетті

д)талапты бала е)отан үшін

6.Интоноция арқылы байланысты тап.

А)Батыр жігіт. В)Қалың ой. с)Үнсіздік орнау.

Д)Абай - ақын е)Шартты белгі

7.Қандай байланысу түрі?

Мен естідім.

А)матасу в)жанасу с)меңгеру д)қабысу е)қиысу

8.Меңгеруді тап.

А)аман келді в)біздің өлке с)сынға түсті

Д)кең дала е)қонақ болу

9.Пысықтауыштық қатынасты тап.



А)жақтырмай қарау в)жаман әдет с)қатты қағаз

Д)жылқыны бағу е)түлкі тымақты

10.Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын тап

А)Мақтан қума. в)Білімге ұмтыл. с)Сенімнен шықпа.



Д)Білімнің пайдасы. Е)Отан үшін аянба.

Еңбек түбі-зейнет

Бағалау.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет