Сабақтың тақырыбы Скалярлық және векторлық физикалық шамалар



Дата16.03.2022
өлшемі67,94 Kb.
#135978
түріСабақ
Байланысты:
Қмж
ContentServer, ContentServer, orys tili, Ағаш адистемесі, шартсыз.р Сман А, шартсыз.р Сман А, prezentatsiya-matematika-kvadrat-үshmүshe-8-klass, 2-дәріс.Эл.техн.материалдар.ЭТИ, Қорытынды


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абдыр Индира

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Скалярлық және векторлық физикалық шамалар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.2 – скаляр және векторлық физикалық шамаларды ажырату және мысалдар келтіру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар үшін:скаляр және векторлық физикалық шамаларды білу
Кейбір оқушылар үшін: скаляр және векторлық шамаларды ажырату,салыстыру
Жеке оқушылар үшін :скаляр және векторлық шамалардың ұқсастығы мен айырмашылығын білу

Бағалау критерийі

1.Скаляр және векторлық шамалар туралы біледі;
2.Скаляр және векторлық шамаларды ажырата алады,
3.Скаляр және векторлық шамалардың ұқсастықтары мен айырмашылығын салыстыра алады

Тілдік мақсаттар



Терминдер:Вектор,скаляр
Терминология:

векторлық шамалар

векторная величина

vector value

скаляр шама

скалярные величины

scalar value

Сандық мәнімен қоса бағыты болса ................. шамалар деп аталады
Сандық мәнімен ғана сипатталатын болса ............... шамалар деп аталады.

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы .Физикалық шамалардың еңбек өнімділігін арттырудағы мәні.

Пәнаралық байланыс

Информатикада векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылады.

Математикада вектордың абсолют шамасы немесе модулі деп векторды кескіндейтін кесіндінің ұзындығын атайды .


Географияда масштаб жоспар мен картадағы ұзындықты өлшеуде қолданылатын сызықтық

Алдыңғы білім


Математика курсынан вектор туралы,информатикадан график сызу,географиядан масштаб туралы түсінігі бар.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы
10 минут


Үй тапсырмасын сұрау
«Серіктестің жауабы» Жұптық жұмыс
Бір оқушы серіктесіне физикалық шаманы көрсетеді серіктесі жауабын көрсетеді
Критерийі: көрсетілген физикалық шамаларды өлшем бірлігімен сәйкестендіре алады
Тапсырма №1 Сәйкестендіру

Уақыт

м

Ұзындық

м 2

Көлем

м 3

Аудан

с

Дескриптор:физикалық шамаларды өлшем бірлігімен сәйкестендіре алды
Бұл тапсырмасыны орындату кезінде оқылым,жазылым есте сақтау,сыни тұрғыдан ойлау,жылдамдық дағдылары қалыптасады

Үлестірме қағаздар



Сабақтың ортасы
Білу
20 минут

Түсіну

Қолдану


Жаңа сабақ
Тақырыпты презентация арқылы түсіндіремін.
«Ойлану уақыты» Жеке оқушымен жұмыс
Тапсырманы таратып оқушылардың ойланып жауап жазуына уақыт беріледі
Тапсырма №2 Физикалық диктант Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қою керек.
Критерийі: Скаляр және физикалық шамалардың анықтамасын біледі.
1.Барлық физикалық шамалар .................. және ............... деп екіге бөлінеді
2.Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен сипатталатын шама ............... деп аталады
3.Тек сандық мәнімен ғана сипатталатын шама ................ деп аталады
4.Векторларды сызбада ........................... кескінмен көрсетеді
Бұл тапсырманы орындату кезінде оқушылардың оқылым,жазылым,есте сақтау,сараптау дағдылары қалыптасады
«Сұрыптау» әдісі
Жұптық жұмыс.Оқушыларға үлестірме қағаздар тарқатылады,орындап болған соң интертақтадан дұрыс жауабы көрсетіледі.Жұптары жауаптарын тексереді.
Тапсырма №3
Мына физикалық шамаларды скаляр немесе векторлық екенін анықтап тиісті бағанға «+», «-» қой.
Критерийі: скаляр және векторлық шамаларды ажырата алады

Физикалық шамалар

Скаляр шама

Векторлық шама

Жылдамдық







Жол







Көлем







Масса







Температура







Орын ауыстыру








Бұл тапсырманы орындату кезінде оқушылардың оқылым,жазылым,тыңдалым,айтылым,есте сақтау,сараптау дағдылары қалыптасады

үлестірме қағаздар, интербелсенді тақта,компьютер

үлестірме қағаздар,интербелсенді тақта,компьютер


Сабақтың соңы
Жинақтау

10 минут


5 минут



Топтық жұмыс.
Тапсырма №4 Салыстыру және салғастыру органайзері.
«Венн диаграммасы» Векторлық шамалар мен скаляр шамалардың ұқсастығы мен айырмашылығын жазу керек
Критерийі: Векторлық шамалар мен скаляр шамалардың ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата алады.


Бұл тапсырманы орындату кезінде оқушылардың оқылым,жазылым,тыңдалым,есте сақтау,топпен жұмыс істеу сараптау дағдылары қалыптасады

Тапсырма №5 «Қолдау көрсетілетін әңгіме» әдісі
Критерийі: Скаляр және векторлық физикалық шамалардың айырмашылығын талдайды,сызба түрінде көрсете алады.
Дескрипторлар:
-скаляр және физикалық шамаларды білді;
-скаляр және векторлық шамаларды ажырата алды;
-скаляр және векторлық шамалардың ұқсастығы мен айырмашылығын талдай білді,сызба түрінде көрсете алды;

Кері байланыс. «Тазалық» әдісі арқылы кері байланыс аламын. Тақырып бойынша алған керекті мағлұматтарды чемоданға, сабақтағы керек емес болған артық дүниені қоқыс жәшігіне, бүгінгі тақырыптың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса еттартқышқа салады.
Үйге тапсырма:Скаляр және векторлық шамалар
Критерийлері:
1.Скаляр және векторлық шамалар туралы біледі;
2.Скаляр және векторлық шамаларды ажырата алады,
3.Скаляр және векторлық шамалардың ұқсастықтары мен айырмашылығын салыстыра алады

Флипчарттар,
маркерлер

Стикерлер





Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалымен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтуы мүмкін (Гарднер бойынша көптік зият теориясы).
Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалауүшінқолданатын әдіс-тәсілдерді жазыңыз.


Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығуларымен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болдыма?
Барлықоқушылароқумақсатынақолжеткіздіме?Егероқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет