10-сынып (қгб) Мерзімі: Сабақтың тақырыбы: Сөз тазалығына жат элементтер. Әдеби тілмен диалектизмнің арақатынасы
Сабақтың мақсаты: мемлекеттік тілдің мәні мен маңызын және мемлекеттік тілде таза сөйлеуді меңгеру;
Сабақтың түйінді ойы:мемлекеттік тілдің мәні мен маңызы, тіл тазалығын сақтау, шұбарлап сөйлеуге жол бермеуді жас жеткіншектерге жеткізе білу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі-практикалық
Сабақтың әдістері: СТО стратегиялары (оқыту, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, пікір айту, талдау, шығармашылық жұмыс)
Стратегиялар: диалогтық оқыту, топпен жұмыс, тренинг"Сәттілік", кері байланыс "Екі жұлдыз, бір тілек".
Пәнаралық байланыс: құқық, тарих, орыс тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сыныптың психологиялық ахуалын тудыру,ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.Шеңбер құру арқылы бір-біріне сәттілік тілейді.Сыныпты 2 топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: "Ыстық орындық" стратегиясы арқылы үй тапсырмасы сұралады.
1. Тіл мәдениеті дегенді қалай түсінесің?
ІІІ. Негізгі бөлім. Жаңа тақырыпты ашу. Тіл тазалыгы дегенді қалай түсінесіңдер, оның әдеби тілмен қандай байланысы бар?
Қазақ тілінің әлемдегі бай тіл екендігіне ешбір шүбә келтіруге болмайды, солай бола тұрса да ұлттық тіліміздің әлі күнге дейін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеріле алмай келе жатқанын қандай мысалдармен түсіндірер едіңдер?
Тіл мәселесінің ішкі саясатқа қатысы бар ма? (Мемлекеттік тіл әлі күнге дейін қағаз жүзінде) 3.Тіл мәртебесін көтеріп, тіл тазалығын сақтау үшін қандай жагдайлар керек? Оны неден бастауға болады, өмірден ңақты мысалдар келтіріп, дәлелдеп көріңдер.
(балалардың жауабы тыңдалады). Әр топ өз білетіндеріні қағазға түсіреді.
«Біз бүкіл қазақстандықтардың басын біріктіретін басты фактор – Мемлекеттік тіл – қазақтардың туған тілін дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» (Н.Назарбаев)
Қазақ тілі – аса бай тіл, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрамын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады-ау! Бұл тілден май тамады десе сияр. Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң, небір алуа, шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады... (Нұртас Оңдасынов.)
Топтармен жұмыс. 1-топтың тапсырмасы. Төмендегі сөйлемдерді өз стильдеріңмен түзетіп көріңдер!
Үлгі: Бұны, өздеріне жәрдем етіп отырған совхоздың (біріккен шаруашылық) бірер сақпан қойын уақытша жайылуға колхозшылар рұқсат етіп, совхозға берген болатын. а) Бұны, өздеріне жәрдем етіп отырған совхоздың бірер сақпан қойы уақытша жайылуға рұқсат етіп берген болатын.
б) Кейде нақ төбелерінен нажағай жарқ беріп, шарт еткенде дүрк беріп жарылып та кетеді.
в) Сол сәтте және де Дәрменнің түсінен бұның көзі өзгеше жайды аңғарып, сескеніп қалды.
г) Бұрын қалаға келіп үзақ жатқан шағында көбінесе өзінің нақты орнықты пәтерінде уақыт өткізетін.
2-топтың тапсырмасы: Төмендегі сөйлемдерді түзеп, әдеби тілмен қайта құрып жазыңыздар.
Лесницадан көтерілгенде, жүрегі аузына тығылады. Танзиметті алып тастауға совет береді. Ештеңеден қысылмаймыз, астымызда персональный машина. Өзіңіз қай округтансыз, тұрған жерлеріңіз грязь шығар, ә? Ну, как же это так, есікті ашып кетіпсің, что за безобразие. Ол туберкулез, онда заходить нельзя! .Кешегі алдымызда жүгіріп жүрген жігіт вдруг өзгеріп кетті.Біздің келгенімізге много болды, демалу деген вообще болмады.
Қорытынды. 1-топқа. Шығармашылық жұмыс. (өлең құру)
………………………. ана тілім,
……………………….баба тілім.
……………………….дана тілім,
………………………қазағымның.
2-топқа. 5 жолды өлең."Синквейн" әдісі.
1. Зат есім. 2. Екі сын есім. 3. Үш етістік. 4. Сөйлем. 5. Синонимі.
Эссе. "Тілім ба2р да айтылар сөз ойдағы" Кері байланыс "Екі жұлдыз, бір тілек"