Сабақтың тақырыбы: «Сүт қалай ұйықтады?»



Дата27.12.2016
өлшемі35,42 Kb.
#6147
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Сүт қалай ұйықтады?»
Сабақтың мақсаты: 
Білімділігі: 1. Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
Дамытушылығы: 2. Ертедегі сүт ұйып қапты, сүт іріп қапты, айран ашыпты, айран бақырыпты т.б. сөз тіркестерін пайдалана отырып, оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Ұлттық тағам түрлерін, олардың пайдасын, жасалу жолдарын білгізе отырып, оқушыларды асты қадірлеуге, дұрыс тамақтануға үйрету. 
Тәрбиелігі: Адам бойындағы жағымсыз қылықтарды арылту, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. 
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылған әдіс: сұрақ – жауап, әңгіме, суреттер топтастыру, ой қозғау, ойға түю, сахналау.
Сабақтың жабдығы: суреттер, сүттен жасалған тағам түрлері, схема, плакаттар, Венн диаграммасы, баспасөз деректері. 
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. 1. Оқушының сабаққа қатысын, дайындығын тексеру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
1.Сұрақ – жауап бойына
 
Ш.Смаханұлы кім? Оның қандай шығармасын оқыдың? (Ш. Смаханұлы – атақты сықақшы. Оның «Тәкаппар» деген мысалын оқыдым )
Мысалдың басқа көркем шығармалардан қандай айырмашылығы бар? (Көбіне адам бойындағы жағымсыз әрекетті сынауға, шенеуге құрылады.)
– Сендер оқып келген мысал неліктен «Тәкаппар» деп аталған? (Мысалда балықтың өркөкіректігі, тәкаппарлығы, менмендігі суреттелген)
2. Мысалды бөлімдерге бөлу 4. Мысалды оқиға желісіне қарай қандай бөлімдерге бөлдіңдер? 1. Балықтың мақтануы. 2. Балықтың құрлыққа тап болуы. 3. Өкініш. (Бала тақтаға жазды.)
1. Бір күні балық әбден мақтанды. Ол теңізді жамандады. Өзінің сусыз – ақ өмір сүре алатынын айтты. 2. Теңіз ашуланды. Өркөкірек балықты құрлыққа шығарып тастады. 3. Балықтың өкініші. Мөлдір суым мекенім,
Енді қайтсем жетемін?!
Қадіріңді білмедім
Неге шалқып жүрмедім.
ІІІ Дамыту сатысы. «Ой қозғау» жаңа сабаққа әзірлік (Суреттер арқылы, схема арқылы) 
Осы суреттерді көрсету арқылы, баланың ойын қозғап, жаңа сабақтың тақырыбын ашып алдым. 
ІҮ Жаңа сабақ. Ендеше, балалар, бүгін біздер О.Әубәкіровтің «Сүт қалай ұйықтады?» ертегісін оқимыз. 1. Жоспар бойынша әңгімелеу (суреттер арқылы).
Жоспары:
Қатты ұйықтаған сүт.
Ел – жұрттың қайран қалуы.
Ашыған сүт.
Әжесінің сүтті оятуы.
Сүттің көз жасы.
Мәнерлеп оқу (мұғалім оқиды)
2. Мәтіндегі іс – әрекетті білдіретін сөздерге мән беру. Бір күні сү ұйықтап қапты, қатты ұйықтапты, ұйып қапты. «Ойбай, сүт ұйықтап қапты, ұйып қапты, айран бопты» деп ел – жұрт қайран қапты. Ашыған сүт, айраны қазанға сыймай құтырып, іріп қапты. Сүттің мұндай қылығын әжем ғана біліп қалып, дорбаға құя сапты. Сүт сонда оянып жылапты. «Добрадан аққан сары су сүттің көз жасы» деседі.
Ү Ой қозғау. 1. Сурет бойынша жұмыс. (Ауызша әңгіме құрау.) 1. Еркін таңертең шырылдаған сағат дауысын естімей көп ұйықтап қалды. Кеш оянды. Құралдарын, киімдерін әр жерден іздеді. Сөйтіп, сабақтан кеш қалып қойды. Көп ұйықтағаннан беттері ісіп, көздері қызарып кетті. Кеш қалсада сабағына барды. 
2. Ал, балалар, осы жерде екі суретті салыстыра отырып, О.Әубәкіров ағамыз не айтқысы келіп тұрғаннын ойлап қараңдаршы. Сықақшы ағамыз сүтті айтқысы келді ме? Жоқ. Әлде нені айтқысы келді? Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерді айтқысы келген екен. Дұрыс таптыңдар. Ендеше, адам бойындағы жағымсыз қасиеттерді табайықшы. 

Топпен жұмыс. (Оқушыларды топқа бөлу). Венн диаграммасы. 1 топ. Адамның жақсы қасиеттері. 2 топ. Адамның жаман қасиеттері. (Оқушылар жауабы тыңдалды). Мұғалім: Ендеше, адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден арылу үшін тәрбиелеуге бола ма? Болады екен. Тағы да екі суретке назар аударайықшы, балалар: Бірінші суретте: сүт ұйыды, ашыды, айран болды, дорбаға құйдық. Осыдан құрт, ірімшік, алдық. Далаға төкпей пайдасын көрдік. Екінші суретке назар аударайық: мұғалім – бала сабақтан кеш келсе де, енді кешікпеуін ескертіп, сабаққа қатыстырды. Енді көп ұйықтаса, бойына басқа да жаман қасиеттерді сіңіріп алатынын айтты. Содан бастап бала кеш қалмады. Сондай жаман қылықтардан аулақ болу керектігін айтты. 


ҮІ Оқулықпен жұмыс. 1. Мәнерлеп оқыту. 2. Оқу техникасына көңіл бөлу. (1 минутта қанша сөз оқығанын анықтап, бағалаймын). 3. Оқулықпен соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды оқыта отырып, түсіндіру. 1. Мақал: «Ұйқы деген дұшпан бар.
Тұла бойды балдырар,
Жолдан, істен қалдырар». 2. Тыйым сөз: «Кісіге қарап есінеме. Есіней қалсаң, аузыңды қолыңмен қалқала». 
ҮІІ Пәнаралық байланыс. Қазақ тілі. 1. Сүттің іс – әрекетін, қимылын, кітаптан тауып, дәптерге жазу. (ұйықтады, ашыды, быршыды,төгілді, жылады) 2. Қандай сөз табы? (Етістік екенін тапты). 3. Қандай сөйлем мүшесі? (Баяндауыш екенін сұрақ қою арқылы тапты).

ҮІІІ Баспасөз дерегімен таныстыру. «Ұйқысы жақсының күлкісі жақсы» деген мақаланы оқу.


ІХ. Шығармашылық жұмыс. Дәптермен жұмыс. 1. Әңгіме жазу. 1 топ. Ұйқының пайдасы (әңгіме) 2 топ. Ұйқының зияны (әңгіме) 
Х. Ойга түю. «Нені білдім?» Ұйқы деген дұшпан, зиян екенін білдім, аулақ болу керек екенін ойға түйдім.
ХІ. Үйге тапсырма. Сахналық көрініс. (Ірімшік жасалу жолы).
ХІІ. Қорытындылау. 1. Балалар, осы сүттің оқиғасын айту арқылы бізге нені айтқысы келген? 2. (Осы сүттің оқиғасы арқылы адам бойындағы жаман қасиеттерден (ұйқышылдық, еріншектік) арылу керек екендігін айтты). 3. Абай атамыздың бес асыл іс, бес дұшпан деп айтқаны естеріңде ме? 4. Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңін екі оқушыдан жатқа сұрап, жақсы қасиет пен жаман қасиеттерді сараладық. Бірнеше оқушы бағаланды.
ІІІ. Қорытынды 
Өз тәжірибемде сабақ сапасын арттыру, жақсы білім дәрежесіне жетуде әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдандым. Тәрбиені оқу үрдісінен бөліп қарауға болмайды. 
Оқу мен тәжірибе егіз. Жас ұрпақты жан – жақты жетілген, ақыл – парасатты, ой – өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу қоғам алдандағы міндет. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет