ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ ҚҰРАЛДАРЫН
ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
У.А.Сайдикаримов Бүркіт Ә.Қ.
Қазақстан Республикасының жалпы орта мектептері интербелсенді тақта құралдарымен толық жабдықталынып, 6-сынып математика пәніне арналған электрондық оқулықтармен білім беруді ақпараттандырудың педагогикалық технологиялар орталығы (ББАПТО) қамтамасыз етуде. Осыған орай негізгі мектептерде, лицей, гимназияларда математика пәндерін оқытуда заманауи технологияны тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отырғандығы белгілі. Біз Т.А.Алдамұратова, Т.С. Байшоланов. 6-сынып математика оқулығының [1-16] төмендегі тақырыпты интербелсенді тақта құралдарын қолданып көрнекілік принципті жүзеге асыруды қарастырамыз.
Сабақтың тақырыбы: §35. Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталар бойынша нүкте салу.
Төмендегі суреттерде интербелсенді тақта құралдарын қолданып жаңа сабаққа арналған флипчарттар жасалған.
Сабақтың мақсаты:
1-сурет. Сабақтың мақсаты.
Сабақ барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі;
2) Сабақтың өтілуі:
Жаңа сабақ (276-278 бет)
2-сурет. Сабақтың тірек-сызбасы.
Сабақтың тірек-сызбасында көрсетілгендей 7 іс-әрекет орындалады:
1. Теориялық материал түсіндіріледі;
2. Практикалық материалдар бөлімінде мысалдар келтіріледі;
3. Тарихи деректерден мәлімет келтіріледі;
4. Үш деңгейлі тапсырмалар орындалады;
5. Ойын түріндегі есептерді шығару;
6. Үйге тапсырма беру;
7. Қорытындылау үшін тест қабылдау.
3-сурет. Сабақтың теориялық материалдары.
Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталар бойынша нүктені салу қарастырылады.
Мұғалім жаңа сабақты түсіндіре келе интербелсенді тақта құралдарын қолданып, төмендегі іс-әрекеттерді орындайды.
4-сурет. Сабақтың теориялық материалдары.
Координаталар жүйесіне түсінік беріледі.
5-сурет. Сабақтың теориялық материалдары.
5-сурет. Сабақтың практикалық материалдары.
6-сурет. Сабақтың практикалық материалдары.
Тапсырма: Координаталық жазықтықтан Е (x,y), F (x,y), L(x,y), K (x,y) нүктелерін тауып, оны интербелсенді тақтадағы өшіргіш құралымен жасырылған координаталық нүктелерді өшіреді. Сөйтіп табылған координаталық нүктелерді ашып көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |