Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технология құралдарын қолданудың мүмкіндіктері



бет1/3
Дата25.12.2021
өлшемі23,88 Kb.
#105330
  1   2   3
Байланысты:
макала 2


Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технология құралдарын

қолданудың мүмкіндіктері

 

Алматы қаласы,



Абай атындағы ҚазҰПУ,

п.ғ.к. Д.Н.Исабаева,

Магистрант Қурманбаева Ж.И.

 

Еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістеріне сай білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі – білім беруді ақпараттандыру және ақпараттық технология құралдарын жаңа жағдайда қолдану арқылы жеке тұлғаның танымын зияткерлік әлеуетін дамыту негізінде әлемдік білім деңгейіне қол жеткізу. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде ... қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтықтан оқыту, ақпараттық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану» – деп, ақпараттық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамыту және оның мүмкіндіктерін әлемдік ақпараттық ортаға ену мақсатында қолдану ұсынылып отыр [1].



Қазіргі ақпараттандыру дәуірі оқу үдерісінде ақпараттық технология мүмкіндіктерін кең көлемде қолдануды қажет етеді. «Білім беру жүйесін ақпараттандыру – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үдеріс, еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде қазіргі технологияларды тиімді ақпараттық технологияларға алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары» болып табылады. Әлемдік ғылым мен практикада ақпараттық технологияны оқыту үдерісіне енгізу келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын психологиялық, педагогикалық жағдай жасау үшін тигізер пайдасы зор.

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың ғылыми негізделген әлеуметтік-философиялық тұжырымдамасы мен компьютермен оқытудың бағыттарына арналған іргелі және қолданбалы сипаттағы мәселелер, ақпараттық технологиялардың мәні, мазмұны мен құрылымы алдыңғы қатарлы ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Олар аталған ұғымға «компьютерлік технология», «ақпараттық технология», «ақпараттық-коммуникациялық технология» ретінде түрлі деңгейде анықтама берген:

–ақпаратты өңдеу, түрлендіру, тасымалдау, тарату технологиясы, есептеуіш техниканы, желіні және жүйені (жасанды интеллекті қоса алғанда), программалық құралдарды және т.б. жасау технологиясы (В.В.Персианов, Н.А.Шайденко);

–ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және ұсынудағы адамдардың білімін кеңейтетін және олардың техникалық және әлеуметтік үдерістерді басқару мүмкіндігін дамытатын әдістер мен техникалық құралдардың жиынтығы (М.И.Жалдак);

–оқытуда компьютерді қолдану (Н.В.Апатова);

–нысан, үдеріс немесе құбылыстың жағдайы туралы жаңа сапалы ақпаратты алу мақсатында алғашқы ақпаратты өңдеу мен тарату, жинақтау әдістері мен құралдарының жиынтығын қамтитын үдеріс (И.В.Роберт);

–ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдаумен сипатталатын әртүрлі әдіс, тәсілдерді жалпылайтын ұғым (Е.Ы.Бидайбеков);

–негізгі ақпараттық үдерістерді автоматтандыруға арналған және программалық өнімдерді пайдаланып, дамытуға байланысты компьютерді қолдануға негізделген технология (Ш.Х.Құрманалина).

Жоғарыдағы аталған ғалымдардың көзқарасынан ақпараттық технология компьютер арқылы оқытудың жүйелі әдісі, техникалық ойлау және танымдық әрекетіне бағыттап оқытуда түрлі техникалық, электрондық және компьютерлік құралдарды қолдану.

Қазіргі уақытта білім беру жүйесін басқару мен оқытуда ақпараттық- технологияны қолданудың бірнеше негізгі бағыттарын ерекшелеп көрсетуге болады:

– ақпараттық технологияны оқу материалын баяндаудағы көрнекілікті арттыру, әртүрлі нысан мен үдерістерді үлгілеу, оқу материалын жүйеге келтіру мен логикалық реттеу, жаттықтыру, меңгерілген білімді бақылау үшін көрнекілік құрал ретінде пайдалану;

– оқытудың әртүрлі формасын жүзеге асыру: дербес, ұжымдық, өзіндік, қашықтықтан оқыту. Оқыту үдерісін автоматтандырылған оқыту жүйелерін қолдану арқылы автоматтандыру;

– әртүрлі пәндер бойынша компьютерлік оқу курстары мен программалық әдістемелік кешендерін жасақтау;

– ғылыми негізделген компьютерлік оқу программаларының сценарийін жасау, педагогикалық программалық құралдардың сапасын сараптау мен оны бағалау;

– білім беру жүйесінде компьютерлік телекоммуникацияны қолдану;

– білім беруді басқаруда ақпараттық технология құралдарын кәсіби қолдануға баулу (басқарудың автоматтандырылған жүйелері, автоматтандырылған жұмыс орындары);

– психологиялық-педагогикалық зерттеулерде ақпараттық технология құралдарын қолдану.

Жылдан-жылға дамып келе жатқан материалдық-техникалық мүмкіндіктер мұғалімдерге, оқушыларға жоғарыда аталған бағыттардың әртүрлі аспектісін меңгеруге мүмкіндік береді. Мұндай бағыттарды жүзеге асыруда оқыту үдерісінде қолданылатын ақпараттық технология құралдарының алатын орны ерекше.

И.В.Роберт ақпараттық технология құралдарын микропроцессорлық техника құралдары негізінде басқарылатын программалық, программалық-аппараттық және техникалық құралдар мен құрылғыларды, сондай-ақ ақпаратты тасымалдаудың қазіргі құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинау, қорландыру, өңдеу, сақтау, тарату, пайдалану операцияларын қамтамасыз ететін ақпараттық алмасу, компьютерлік желілердегі ақпараттық ресурсқа кіру мүмкіндігі деп түсіндірген [2].

В.В.Гриншкун программалық қамтамасыз етілу тұрғысынан қарастырып, білім беру саласында қолданылатын ақпараттық технология құралдарының негізін перифериялық құрылғылармен жабдықталған дербес компьютердің құрайтындығын және оның мүмкіндіктері программалық қамтамасыз етілумен анықталатындығын көрсеткен. Ол программалық құралдардың негізгі көрсеткіштеріне жүйелік, қолданбалы және құрал-cаймандық программаларды негіздеген. Жүйелік программалар ретінде компьютер мен жабдықтардың, адамның арасындағы өзара әрекетті қамтамасыз ететін операциялық жүйелерді, сонымен қатар қызметтік, сервистік программаларды қарастырған. Қолданбалы программаларға ақпараттық технологияның құралдары болып табылатын программалық қамтамасыз етуді – мәтінмен, графикамен, кестелік мәліметтермен жұмыс жасау технологиясын жатқызса, үшінші түріне программалық қамтамасыз етуді өңдеуге арналған программаларды арнаған.

Қазіргі заманның белгілі педагогы П.И.Пидкасистый, Т.О.Балықбаев, Е.Ы.Бидайбеков еңбектерінде ақпараттық технология оқу ақпаратын алуға және білімді меңгеру үдерісін басқаруға, оқушыларды ұйымдастыруға, білімді қабылдауға, оқу мазмұнын объективті түрде беруге, оқу ақпаратын өзінің көзімен байланыстыруға, оқушылардың танымдық қызығушылығын ынталандыруға, арнайы жағдайда оқушылардың оқуға эмоционалды-жағымды көзқарастарын туғызуға, оперативті бақылау және оқыту нәтижесін өздігімен бақылауға мүмкіндік береді деп пікір білдіреді [3].

Ақпараттық технология құралдарының білім беру үдерісінде пайдаланылуы М.В.Буланова, А.В.Духовнева, Д.Н.Исабаева және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған [4]. Олар білім берудегі ақпараттық технологияның қолданылуы: біріншіден, компьютерлік техника және информатиканы оқытудың нысандары ретінде, екіншіден, компьютер педагогикалық әрекеттің тиімділігін арттыру құралы, үшіншіден, компьютер білім беру жүйесіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру құралы, төртіншіден, білімдік, педагогикалық басқару жүйесінің компоненті ретінде қарастырады.

Оқытудың техникалық құралдары, соның ішінде ақпараттық технология құралдары ақпараттың көздері туралы оқушының пән бойынша түсінігін нақтыландырады, аудиовизуалды құралдар арқылы оқу ақпаратына әуестігін, эмоционалды жағымды көзқарасын оятып, оқуға қызығушылығын күшейтеді.

Аталған құралдар білім беру жүйесінде, қазіргі қоғамның бүтіндей дамуында маңызды орын алып, сабақты жаңаша өткізуге, жекеше алғанда оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған оқыту технологияларын, әртүрлі әдістерді, құралдарды қолдануға мүмкіндік береді және білім беру сапасын жаңа деңгейге жеткізеді. 

Дәстүрлі оқыту барысында оқушы тек мұғалім мен құрбыларымен қарым-қатынаста болады, ақпараттық технология құралдары қолданылған сабақтарда оқушы компьютермен қарым-қатынас жасау арқылы танымдық, ақпараттық қажеттілігін дамытуға мүмкіндік береді.

Ақпараттық технология құралдары ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу және бейнелеуді қамтамасыз ететін бірыңғай технологиялық жүйеге біріктірілген әдістер, өндірістік үдерістер және программалық техникалық құралдар жиынтығы ретінде ақпараттық ресурстарды пайдалану үдерісін оңтайландыратын және оның сенімділігі мен жылдамдығын арттыратын болғандықтан, оған келесідей анықтама береміз: ақпараттық технология құралдары компьютерлік техника мен желілерді қолдану негізінде ақпараттық үдерістерді жүзеге асыруға бағытталған аппараттық және программалық құралдар. Осы анықтаманың негізінде білім беру жүйесіндегі аппараттық және программалық құралдарды ұсынуды жөн көрдік (1-кесте).



 

1-кесте – Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технология құралдары



 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет