15.02 ТІЛ ДАМЫТУ
Сабақтың тақырыбы: Құстардың тіршілігі.
Мақсаты:
-
Құстарлың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру.
-
Сабақ барысында орындатылған тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
-
Құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: қыстап қалатын құстардың суреттері, үн-
таспаға жазылып алынған құстар үні.
Сабақтың барысы:
-
Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
Балалар дөңгелене тұрып, бір-біріне құстардың атына байланысты еркелетіп айтатын сөздерді айтады.
-
Көгершінім.
-
Балапаным.
-
Қарғам.
-
Қарлығашым.
-
Тотым, т.б.
-
Кіріспе бөлім.
а) Қыс мезгілінің өзгерістерін сұрақ-жауап ойыны арқылы суреттеу, әңгімелеу. Балалардың жауаптары тыңдалып, олардың жауаптарын қорытындылау.
-
Қыс мезгілі суық, қарлы, боранды болады. Қыста суыққа төзе алатын құстар ғана қыстап қалады. Олар мына құстар (суреттерін көрсету): торғай, қарға, кептер, сауысқан. Басқа құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Қыста құстар ағаштардың бұтақтарын паналап күнелтеді. Қарны ашып тоңған, жаураған құстар адамдарға жақын ұшып-қонып жүреді. Адамдар жем-шашар жасап, оған жем салып, ағаштың бұтағына іліп қояды.
ә) Балалар құстар, ұя деген сөздерге сөйлем құрастыру.
б) Сергіту сәтін өткізу.
Құстар біздің досымыз,
Бау-бақшаны қорғайды,
Ұя жасап қарсы алсақ,
Құстар бізді қолдайды.
а) «Құстар қалай қыстайды?» деген ертегіні оқып беру.
Қыстың бір суық күні Суықторғай, Қарға, Торғай, Тоқылдақ, Құр, Сауысқандар кездесіп, әңгіме-дүкен құрыпты.
Қарға: Адамдар тұратын жерлерге жақын келіп орналасқанымыз жақсы болады. Бізге дастарқан дайындап қойыпты. Тіпті жеміс те бар екен.
Құр: Бірдеңе таптың ба? Маралдар да келмей қойды. Олардың ізіндегі қардан ашылған шөптің дәнін теріп жеп, бір тоятын едім.
Торғайлар: Мынандай қалың қарда дән қайдан табылсын. Ағаш бүршігімен күн көре тұрамыз да.
Сауысқан: Ей, Қаздар сендер жылы жаққа кетпеп пе едіңдер? Қыс түскенде мұнда неғып жүрсіңдер?
Қаздар: Әй, Сауысқан-ай, танымадың ба? Біз отырықшы Қаздармыз. Кейбір жабайы Қаздар ғой жылы жаққа ұшып кететін. Сендер өздерің неге жылы жаққа кетпедіңдер?
Сауысқан: Мен туған жерде қыстайтын отырықшы құспын ғой. Мен сияқты Алақарға, Шымшық, Тоқылдақ, Торғай қыста өз туған жерлерінде қыстайды.
ә) Суретпен жүмыс.
«Құстарға көмек» тақырыбында әңгіме құрастыру. Тірек сөздер: жемшашар, суықтан тоңған құстар, сарышымшықтар, жем салды, т.б.
б) Сөздік жұмысын жүргізу.
Сарышымшық - сұр, қоңыр түсті, бауыры сары, қауырсынды кішкентай құс.
Құр - тауық тұқымдас жабайы құс.
а) «Қайсысы артық» дидактикалық ойыны. Шарты: Мүғалім тақтаға құстардың суретін іледі. Мысалы: суықторғай, тоқылдақ, қарға, жабайы үйрек. Балалар суреттерден қыстап қалатын құстарды атайды, ал жабайы үйректің артық екенін айтады.
ә) Сұрақтарға жауап беру.
-
Қандай құстар қыста қыстап қалады екен?
-
Біздер құстарға қандай қамқорлық жасауымыз керек?
-
Қандай ертегі тыңдадыңдар? -Ол не туралы?
Достарыңызбен бөлісу: |