Қызығушылықты ояту. Психологиялық ахуал туғызу. « Сәттілік тамшылары».
Оқушылар шеңберге тұрады. Үнтаспадан естілген тамшылар тырсылымен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Су туралы мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлу.
1-топ «Тамшы»
Су бергеннің сауабы бар,
Су төккеннің жауабы бар.
2-топ «Бұлт»
Су бар жерде ырыс бар: ұстап балық жейсің,
ақ бидай егіп, нанын жейсің.
3-топ «Бу»
Таза болсаң судай бол, бәрін жуып кетірген.
1-тапсырма. С.
Тыңдалым алды тапсырма: Су туралы бейнебаян көрсетемін.
«Жұпта талқылау» әдісі.
1.Бейнебаян не туралы?
2.Бейнебаянды көре отырып қандай ой түйдіңдер?
Дескриптор:
1.Бейнебаянды көреді.
2.Сұрақтарға жауап береді.
3.Бейнебаян желісі бойынша ой білдіреді.
Қ.Б. (бұлақ, өзен, көл суреттері арқылы бағалау). Мұғалімнің бағалауы.
Бұлақ-жақсы, дегенмен әлі де талпыну керек,
Өзен-жақсы, көл-өте жақсы.
2- тапсырма. Ж/Т.Ж.
«Жүзіп шығу» әдісі бойынша
Мәтінді мұқият тыңдаңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Су-тіршілік көзі.
Су-тіршілік көзі. Жерді анаға теңеген халқымыз суды да ертеде «Су-ана» деп қасиеттеген. Анасыз адамның өмірге келмейтіні секілді, су жоқ болса, өмір сүру де жоқ. Қазақ ұғымында суға жуынды төгу, дәрет сындыру қылмыс, күнә саналады.
Су-таза. Оның тазалығын сақтау өмір-тіршілікті сақтау екенін бұрынғы замандарда өткен ата-бабалар жақсы түсініп, бізге өсиет еткен. «Таза болсаң судай бол, бәрін жуып кетірген», «Сулы жер-нулы жер», «Бұлақты жер-құрақты жер», «Толысып аққан дария- мейірбанды қария», «Жылай-жылай құдық қазсаң, күле-күле су ішерсің» деген мақалдар бар. «Су ішкен құдығыңа түкірме» деп тыйым айтады. «Сумен ойнама батарсың» деп сақтандырады. «Тау мен тасты су бұзар» деп судың ғаламат күшін ұқтырады. Шошынып ауырған адамда сумен ұшықтап емдейді. «Сулы жер құрақсыз болмас, таулы жер бұлақсыз болмас» деп су бар жерде сұлулық, тіршілік бар екенін түсіндіреді. Суды қадірлеп, бағаламаған ел апатқа, азапқа ұшырайтынын тіршілік тәжірибелері адамға көрсетіп-ақ келеді. «Судың да сұрауы бар», «Аққан судың да тоқтауы бар» деп халық көрегенділікпен айтқан. (З.Ахметов)
Сұрақтар:
1 .Мәтінде не туралы айтылған?
2. Судың қандай ерекшеліктерін білдіңдер?
3. Мәтінде қандай мақал-мәтелдер кездеседі?
4.Қандай тыйым сөздер бар және олардың мағынасын қалай түсіндіңдер?
5. Судың тіршіліктегі рөлі мен маңызы қандай?
Дескриптор:
Мәтінді аудиожазбадан тыңдайды.
Мәтін мазмұнын толық түсінеді.
Сұрақтарға нақты жауап береді.
Өз ойын дәлелдейді.
Қ.Б. «Көңілді тамшылар» әдісімен бағаланады.
Т.Ж. 3-тапсырма
«Өзен сағалары» әдісі бойынша
Тыңдалған мәтін негізінде 3 топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі.
«Тамшы» тобының тапсырмасы
-Тыңдалым мәтінін негізге ала отырып, судың ерекшеліктерін өздерің қалаған сызбаға түсіріңдер.
- Сол сызба негізінде өз ойларыңды дәлелдеңдер.
Дескриптор:
1. Мәтінді негізге алады.
2.Судың негізгі ерекшеліктерін өздері ойлаған сызбаға түсіреді.
3.Сызба негізінде ойларын дәледейді.
«Бұлт» тобының тапсырмасы.
Кесте толтыру. Берілген ақпараттан өздерің үшін ең маңыздыларын таңдап алып, шынайы өмірмен байланыстырыңдар.Ойларыңды мысалдар келтіре отырып дәлелдеңдер.
Мәтіндегі ақпарат
|
Шынайы өмірдегі ақпарат
|
Сусыз тіршілік жоқ.
|
|
Су-таза. Оның тазалығын сақтау - өмір-тіршілікті сақтау.
|
|
Дескриптор:
- Мәтін мазмұнын түсінеді;
- Маңызды ақпараттарды таңдап алады;
-Шынайы өмірмен байланыстырады;
-Ойларын нақты мысалдармен дәлелдейді.
«Бу» тобының тапсырмасы.
«Балық қаңқасы»
Тақырып бойынша өзекті мәселелер мен олардың шешу жолдарын балық қаңқасына жазыңдар.
Балықтың басына тақырып, жоғарғы сүйектеріне-тақырыптың негізгі сұрақтары, төменгі сүйектеріне жауап, құйрығына қорытынды ой жазылады.
Дескриптор:
-Тақырыпты түсінеді.
-Негізгі сұрақтарды таңдап алады.
-Мәселелердің шешу жолдарын көрсетеді .
- қорытынды ойды анық жазады.
Қ.Б «Балық түрлері арқылы бағалау». Топтар бірін- бірі бағалайды.
тәжі бар балық- өте жақсы, жұлдызды балық- жақсы, жай балық- әлі де іздену керек.
Сергіту сәті. «Жаңбыр тамшылары» жаттығуы.
4-тапсырма. Т.Ж. «Теңіз тамшылары» әдісі
«Біздің өміріміздегі судың маңызы» тақырыбында ой жинақта.
Дескриптор:
-Су туралы ойларын жинақтайды;
-топпен талқылайды.
-жинақтау сызбасына түсіреді
- сынып алдында қорғайды.
Қ.Б «Субұрқақ». Мұғалімнің бағалауы. Жақсы жасалған топтың жұмысы субұрқақ шашумен марапатталады.
5-тапсырма Ж. «4 сөйлем» әдісі
«Мен судың қадірін білемін бе?» сөйлемдерді толықтыр.
1.«Менің ойымша.........»
2. Себебі мен .............
3. Оны мен мынандай ......... әрекеттеріммен дәлелдей аламын.
4.Осыған байланысты мен....... деген шешімге келдім.
Дескриптор:
-Ойын анық жеткізеді.
-Нақты дәлелдер келтіреді.
-Орфографиялық норманы сақтайды.
Қ.Б. «Қол шапалақтау» (өзара бағалайды.)
|