Сабақтың тақырыбы: Судың өмір үшін маңызы, судың қасиеттері, суды қорғау. Сабақтың мақсаты



Дата22.08.2017
өлшемі91,08 Kb.
#24585
түріСабақ
Сейтекова Майя - география пәні мұғалімі

Атырау облысы Атырау қаласы

№1 В.И.Ленин атындағы орта мектеп

Сабақтың тақырыбы:Судың өмір үшін маңызы, судың қасиеттері, суды қорғау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Су тіршілік көзі ұғымын жан-жақты түсіндіру

Тәрбиелік: Тұщы су қорын сақтай отырып, оны ысфырапсыз тиімді пайдалануға баулу

Дамытушылық:Оқушыларды өз бетінше тапсырмалар орындап, ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: «Гидросфера» тақырыбы бойынша плакаттар,

Амазонка өзені, Байкал көлдері суреттері

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



Үй тапсырмасы: Гидросфераның негізгі компоненттері

  1. Сызбаны толтыр:


Гидросфера









  1. Терминдермен жұмыс: (тақтаға түрлі түсті қағаздарда Жаратылыстану

курсында өткен негізгі ұғымдар жасырылған сөздер жасырылады.Оқушы кез келгенін таңдап анықтамасын дұрыс жатқа айтуы тиіс)

Материк, Гидросфера Мұхит Литосфера Глобус Мантия Астрономия Планета Жаратылыстану Күн Жұлдыз Жұлдыздар жүйесі Атмосфера Өзен Көл Орбита

  1. Сұрақ жауап:

  1. Гидросфера дегеніміз не?

  2. Оның адамзат өміріндегі маңызы қандай?

  3. Күн жүйесіндегі басқа планеталарда су көзі бар ма?


Жаңа сабақтың тақырыбын жазбас бұрын оқушыларға сол тақырыпта көтерілетін басты мәселе бойынша жұмбақ жасырдым.

Аяғы жоқ жорғалайды, жүреді,
Аузы да жоқ сыңғырлайды, күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ
Айтыңдаршы осыны кім біледі? (су)

осылайша оқушылар жаңа тақырыаты жазып сәйкесінше жаңа сабақтың жоспарымен танысады.

Жоспар:

  1. «Су тіршілік көзі»

  2. Судың тіршілік үшін маңызы

  3. Судың қасиеттері

  4. Суды қорғау жолдары.

Су- Жер шарындағы тіршілік көзі, олсыз Жер бетінде ешқандай да тіршілік көзі дамымас еді. Жер шарының 361млн км² яғни 71% су алып жатқандығына қарамастан адам үшін қажетті тұщы су қоры оның тек небары 2%-ын ғана құрайды. Тұщы су қоры негізінен мұздықтар мен өзендерде және де кейбір тұщы көлдерде сақталған.

Мұндай су көздері қатарына мәселен,Оңтүстік Америка материгінде таралған Амазонка өзенін жатқызуға болады. Бұл өзен салаларымен қоса алғанда ірілі-ұсақты 500 ден астам саласы бар, олардың 17-сі өз алдына ірі өзендер болып табылады. Соған қарамастан өзен түсіне қарай 2 ге: ақ және қара болып бөлінеді. Бұл өзендегі тіршілік сан алуан. Амазон - Оңтүстік Америка құрлығында орналасқан, дүние жүзіндегі ең ірі өзен. Өзеннің сағасын 1500 ж. испан теңізшісі В.Я. Пинсон ашқан. Өзен арнасымен 1541 ж. алғаш рет испан конкистадоры Ф. де Орельяк саяхат жасаған. Жергілікті тұрғындар оны Парана-Тинга (Ақ өзен) және Парана-Туасу (Ұлы өзен) деп атайды. Алабының ауданы 7,2 млн. м², ұзындығы Укаяли бастауынан есептегенде 7000 км-ден асады. Амазонның негізгі ағысы экватор мен 5˚ оңт. ендік аралығында, яғни біркелкі әрі аса ылғалданған аймақта (жауын-шашынның жылдық мөлш. 1500 - 3000 мм) жатыр. Анд тауынан өткен соң, өзен Амазон ойпатына шығып, оң жақтан келген Укаяли өз-мен қосылып Ұлы А. өз. басталады. Ол батпақтанған жазықпен, ылғалды экваторлы ормандардың арасымен ағады. Мұхиттан 350 км қашықтықта әлемдегі ең үлкен атырау түзеді (аумағы шамамен 100 000 км²). Өзенге көптеген салалар құяды, олардың 20-ға жуығының ұзындығы 1500 — 3500 км болады. Укаяли мен Мараньон өз-дері қосылған соң, оның арнасының ені 2 км. орта ағысында 5 км, құйылысында 80-150 км-ге жетеді; суының тереңд. орта ағысын-да 70 м, Обидус қаласы тұсында 135 м-ге, ал құйылысында 15-45 м-ге дейін барады.

Амазонның салалары бір-бірінен тек мөлшшерімен мен сулылығы жөнінен ғана емес, суларының түсімен де ерекшеленеді. Өзеннің гидрологиялық тәртібі өте күрделі әрі ерекше келеді. Алаптары екі жарты шарда орналасқандықтан, жылдың түрлі мезгілдерінде жауын-шашынның аз не көп жаууына байланысты әр түрлі тасқындар болып тұрады. Оңтүстік салалары сулылығының молдығымен ерекшеленеді, сондықтан мамыр, шілде айларында өзеннің ең жоғары деңгейі байқалады. Орташа су шығыны 175 000 м³/с, ал орташа жылдық ағындысының көлемі 5520 км³ шамасында. Әлемдегі өзендердің жалпы жылдық ағындысының 15 — 17%-і осы өзеннің үлесіне тиеді. Амазонның өсімдік және жануарлар әлемі өте бай. Балықтардың 2000-ға жуық түрі бар (жер шарының жалпы тұщы су фаунасының 1/3 бөлігі). Өзеннің басты арнасы құйылысынан 4300 км-ге дейін (Понго де Мансериче шатқалына дейін) кеме жүзетін болса, құйылысынан 1690 км қашықтыққа (Манаус қаласынына) дейін үлкен мұхит кемелері жүзе алады. Амазонның энергетикалық мүмкіндігі өте мол (қуаты 280 млн. кВт шамасында бағаланады), бірақ ол пайдаланылмайды.



Байкөл (көнетүркіше bay köl — бай көл; кейде Байкал дейді) — Шығыс Сібірдің оңтүстігіндегі әлемдегі ең терең көл және ең ірі тұщы судың табиғи сутоғаны болып табылады. Көл іші мен жағалауы өте бай флора мен фаунасымен ерекшеленеді. Жергілікті тұрғындар тарихи көлді «теңіз» деп атайды.

Байкал көлі – бұл көлде дүние жүзіндегі тұщы су қорының 1/5 бөлігі шоғырланған, оған 336 өзен құйса тек біреу ағып шығады (қандай өзен екенін оқушылар табуы қажет). Байкал дүниежүзіндегі ең терең көл – 1620 м, ол тектоникалық жарылыста қалыптасқан, суының мөлдірлігі 20-25 метрге дейін. Байкал — Шығыс Сібірдің оңтүстігіндегі тұщы көлТеңіз деңгейінен 456 м биіктіктегі тауаралық тектоникты ойыста орналасқан. Дүние жүзіндегі аса ірі көлдің қатарына жатады. Ауданы 31,5 мың км², суының көлемі 23,6 мың км3. Ұзындығы 636 км, ені орта есеппен 48 км. Байкал — жер бетіндегі ең терең көл (1620 м), орташа тереңдігі 730 м. Көлде дүние жүзіндегі тұщы су қорының (мұздықтарды есептемегенде) 20%-і шоғырланған. Жағасы аз тілімделген. Геофизикалық зерттеулер көл суының астында 6000 метрге жететін шөгінді қабаттың жатқанын көрсетті. Ірі шығанақтары — БаргузинЧыркуйПровал, ірі түбегі — Әулие Тұмсық. Көлде 27 арал бар, ең үлкені—Ольхон (730 км²). Көлге 336 өзен құяды. Олардың ірілері: СеленгаБаргузин, Жоғ. АнгараТурка, т.б. Бір ғана Ангара өз. ағып шығады. Байкалға құйылатын судың 50%-і Селенга өз-нен келеді. Ең биік су деңгейі тамыз — қыркүйек, ал ең төмен деңгейі наурыз — сәуір айларында байқалады. Судың беткі қабатының температурасы тамыз айында 9 — 12ºС-қа дейін көтеріледі. Желтоқсанның соңы мен қаңтардың басында суы қатады, мамырда мұзы ериді. Мұздың қалыңдығы 70 — 115 см-ге дейін барады. Суы өте мөлдір (40 м тереңдіктен көл түбін көруге болады), әрі оттегіне бай. Байкалда жануарлардың 1800, өсімдіктің 600 түрі кездеседі. Жануарлардың 82%-і эндемиктер (байкал итбалығы, тірі туатын голомянка балығы, байкал түркесі, т.б.). Кәсіптік маңызы бар омул, хариус, т.б. балықтар ауланады. Байкал, Усть-Баргузин, Нижнеангарск порттары аралығында кеме қатынайды. Көл төңірегінде туризм жақсы дамыған. Байкалдың солтүстік-шығыс бөлігі Баргузин қорығының құрамына енеді.

Су 3 күйде болады: 1)қатты 2)сұйық 3)газ.



(оқушылар оқулықта берілген тәжірибелерді жасап, кейін қорытындысы туралы тәжірибені дәптерлеріне жазады.)

Жарты шарлар картасымен жұмыс.
Картада су көк түспен белгіленген. Су жердің төрттен үш бөлігін алып жатыр. Сусыз өмір жоқ. Су тіршілік көзі. Ол сұйық зат. Өзен, көл, теңіз, мұхиттарды құрайды. Аспаннан жаңбыр түрінде түседі. Күн суытқанда су қатып мұзға айналады. Мұз бен қар – судың қатты күйі.
Дымқыл шүберекпен үстел үстін сүртсек, бірнеше минуттардан кейін ол кеуіп қалады. Оның бетіндегі су буға айналып ұшып кетеді.
Бу – мөлдір, түссіз газ. Бу – судың газ түріндегі күйі. Судың өзіне тән қасиеттері болады. Оны тәжірибе жасау арқылы анықтауға болады.

Суды қорғау- адамзаттың жер бетіндегі табиғи су қорларының жай-күйін жақсартуға, қалпына келтіруге және оларды сақтауға бағытталған әрекеті. Адамдардың кәсіптік әрекетінің және тұрмысқа пайдаланылуының тікелей немесе жанама әсерінен судың құрамының және қасиеттерінің өзгеріске ұшырауын, яғни су көзінің бір бөлігінің немесе түгелімен пайдаланудың кез келген бір түріне жарамсыз болып калуын судың ластануы деп атайды. Әдетте, су көзіне оның сапасын өзгеріске ұшыратпайтын, суда ерімейтін бөгде заттардың (ағаш жаңқалары, күл-қоқыс, металл сынықтары, құрылыс қалдықтары және басқа заттар) түсіп жиналуын коқыстану дейді.

Білімді бекіту:

Оқушыларға «Гидросфера» тарауы бойынша оқушылардың алған білімдерін қорытындылау мақсатында топтастыру жұмысы, келесі бағытта жүргізілді: оқушыларға жұмбақ жасырылды, оның шешімін тапқан оқушы тақтадағы «Су» тақырыбына топтастырды.

Жұмбақтар:

Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,

Ұстаған қолдарына таяғы жоқ.

Күніне талай жерге кетер кезіп,

Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ (Бұлт)

Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады (Қар)

Сырылдатады шәйнегін,


Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады, бірақ сүртпейді.   (Жаңбыр)

Ақ көбелек қонды,


Құстар енді тонды.   (Қар)

Киіз үйімнің төбесі


Түбітке толы. О несі?    (Бұлттар)

Дауыл ақ дән ұшырып,

Шашып өтті аспаннан.

Шекемізді ісіріп

Қаштық үйге сасқаннан (Бұршақ)

Мөлдіреген жүзімді

Ұстап едім үзілді. (Шық)

Мүлгіп тұрған бақ тыныш

Ораныпты ақ күміс (Қырау)

Көлдің беті көк әйнек

Сырғанауға тым әйбет (Мұз)

Мұхиттардың ортасында

Аппақ тау бар, түк өспейді

Жер шарының картасында,

Оған еш шың теңеспейдi. (Айсберг)

Сұрғылт түтін бітесе маңайды

Адастырар талайды (Тұман)

Бұйра жасап сан қилы

Сұйық жазық шалқиды (Теңіз)

Сынаптай жылтырап

Биіктен сырғиды

Ән салып былдырап

Іздейді ылдиды (Бұлақ)

Туған жердің белбеуі

Шұбатылып қалыпты,

Керемет ау кернеуі,



Тасты тесіп, жарылып (Өзен)



Сонымен оқушыларға жаңа тақырыпты қорытындылау мақсатында суды қорғаудың жаңа бағыттарын ойластыру ұсынылады. Әр оқушы өз ойын айтады.
Үйге тапсырма: Судың өмір үшін маңызы, судың қасиеттері, суды қорғау.

«Атырау облысында тұщы су қорын сақтау үшін менің қосар үлесім» тақырыбында шағын эссе жазу

Бағалау. Қорытынды

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет