Рахыметов Қуанышбек Серікбайұлы Жаңашаруа қазақ орта мектебінің география пәні мұғалімі
Пәні:География
Сынып:10
Тақырыбы:Мал және балық аулау шаруашылығы
Мақсаты Білімділік:Оқушыларды дүниежүзі елдерінің мал шаруашылығы туралы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, ұжымдылыққа, өздігінен іздене білуге тәрбиелеу
Сабақ түрі:Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, СТО
Көрнекіліктер: д.ж саяси картасы,бағалау парақшасы,тест парақтары,презентация, видео
Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі 1.Оқушылармен амандасу 2.Оқушыларды түгендеу
ІІ.Өткен сабақты қайталау
І.Зымыран сұрақтар:
1.Д.ж. басты мұнай өндіретін елдерді ата(Сауд Арабиясы,Ресей,АҚШ,Иран,Қытай,Канада,Венесуэла,Мексика).
2.Машина жасау саласындағыд.ж асаірі ұлтаралық бірлестіктерді ата «Дженерал Моторс», «Форд Мотор», «Дженерал Электрик»(АҚШ), «Даймлер- Крайслер», «Сименс»(ГФР), «Мицуи»
«Мицубиси», «Тойота Мотор»(Жапония)
3.Д.ж өндірілетін дәрі – дәрмектің3/4 бөлігін қай елдер шығарады?(АҚШ,Германия,Ұлыбритания)
4.Ауыл шаруашылығы неше саладан тұрады?(2)
5.Д.ж экономикалық белсенді халықтың қанша пайызы ауыл шаруашылығында еңбек етеді?(46%)
6.Өсімдік шаруашылығының маңызды салаларын ата(Дәнді дақылдар,техникалық, сергітпе,бау – бақша)
7.Дәнді дақылдарды өсіруден алдыңғы орындағы елдерді ата(Қытай,АҚШ,Үндістан,Ресей,Фрнация)
8.Д.ж бидайды неше ел өсіреді(70)
9.Күріштің шыққан жері(Қытай)
10.Күріш өсірумен д.ж неше ел айналысады?(100)
ІІ.Дәнді дақылдар бойынша 2.Техникалық дақылдар 3.Бақша, жеміс – жидек шаруашылығы
ІІІ.Жаңа сабақ.Мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығының маңызды әрі жетекші саласы.Олда өсімдік шаруашылығы тәріздіөте ежелден келе жатқанжәне барлық жерге кең таралған шаруашылық.Қазіргі кезде мал шаруашылығының етті және сүтті бағыттағы ірі қара,шошқа, қой,құс өсіру сияқты дүниежүзілік маңызы бар салалары қарқынды дамуда.
Ірі қара өсіру – қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілгенорман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған.Д.ж бойынша ірі қараның мал басы1,3 млрд жетті.Өндірілетін сүттің барлығын дерлік,ал еттің 35% осы ірі қара малы береді.Интенсивті сүтті және сүтті –етті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады.Өнімділік те жоғары болғандықтан бұл шаруашылық саласы жылдан – жылға өркендеуде.Д.ж етті ең көп өндіретін елдер қатарына Қытай,АҚШ,Бразилия,Ресей.Сүт өндіру бағытындағы ірі қара өсіру көбінесе қала маңы мен халық тығыз қоныстанғанаудандарда дамыған.Бұл әсіресе Еуропа мен Солтүстік Америка орман зонасында орналасқан елдерде жақсы жолға қойылған.Сүт өндіруден д.ж АҚШ,Ресей,Үндістан,Бразилия,Үндістан,Батыс Еуропа елдері ерекше көзге түседі.
Шошқа шаруашылығы. дүниежүзінде ет өнімінің 40% береді.қазір оның саны 0,8 млрд – тан асып отыр.Қытайда,АҚШ,Бразилия,Германия,Ресей,Польша елдерінде шошқа шаруашылығы жақсы дамыған.
Қой шаруашылығы. ет – жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып өсіріледі.Ет – жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жеткілікті, климаты жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған.Дүниежүзі бойынша қой саны 1,2 млрд жеттіЕт – жүн бағытындағы қой шаруашылығы қоңыржай,субтропиктік аудандарда жақсы дамыған.Олар- С.Америка,О.Америка,О.Еуропа,Орталық Азия,Орта Азия,Аустралия,О.Африкада.Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді,ол жүн маталарын жасау,кілем тоқу,тері –былғары өнеркәсібінде қолданылады.Д.ж. қойы ең көп ел –Аустралия(130 млн),Қытай(112млн)ал қазақстанда 16,8млн.Жүн өндіруден жетекші елдер – Аустралия,Қытай,Жаңа Зеландия,Уругвай,Ресей
Құс шаруашылығы- ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы.Құстың саны жөнінен Қытай,АҚШ,Ресей, ал жұмыртқа өндіруден – Қытай,АҚШ,Жапония,Ресей,Үндістанерекше көзге түседі.ҚҰс шаруашылығы негізінен қала маңында шоғырланған.
Балық шаруашылығы.Дүниежүзілік шаруашылықтың ең ежелгі және ең маңызды саласы.Қазіргі кезде ауланатын балық пен өндірілетін теңіз өнімдері жылына 100 млн т жетті.Сондықтан қазіргі кезде д.ж. су айдынында 20 – 30 мыңға дейін балық пен теңіз өнімдерін аулайтын теңіз кемелері жүр.Д.ж ауланатын балықтың тең жартысынан астамы 6 ел –Жапония,Қытай,АҚШ,Чили,Перу,Ресей..Ертеректе балық аулау ауданы Атлант мұхиты болса қазір Тынық мұхитының солтүстігіне ауысты.Балықты қолдан өсіру Қытайда бұдан 4 мың жыл бұрын басталған.
Жан басына шаққанда ауылшаруашылық өнімдерін қамтамасыз ету дәрежесі жөнінен Батыс Еуропаның дамыған елдері,Канада,АҚШ,Жапония,Аустралия ерекше көзге түседі.
Балалар қалай ойлайсыңдар мал шаруашылығының табиғатқа тигізетін кері әсері барма?(мал тұяғының әсерінен топырақ эрозиясы жүруде)
Сабақты бекіту
1.Танымдық ойындар
1 – топ
Қазақстандағы мал шаруашылығын сипатта
Мал шаруашылығына кластер топтастыру
2- топ
Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығына венндиаграмма құру.
«Егер мен фермерлік шаруашылық қожасы болсам...» - эссе жазу( мал шаруашылығын қалай көбейтер едің – өз ойыңды жаз)
Сұрақ құрастыру (осы тақырыпқа байланысты 3 – сұрақ)
2.Сабақты қорыту.Тест алу 1.А 2.А 3.А 4.В 5.В 6.Е 7.А 8.Е 9.А 10.А
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: 38 оқу
Тест
1.Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы
А)1,3млрд В)3,1млрд С)1,4млрд Д)1,5млрд Е)1,2 млрд
2.Дүниежүзінде етті көп өндіретін елдер
А)Қытай,АҚШ,Бразилия В)Қытай, АҚШ,Жапония
С)Қытай,Бразилия,Канада Д)Қытай, АҚШ,Африка Е)Ақш,Канада
3.Сүт өндіруден ерекше көзге түсетін елдер:
А)АҚШ,Ресей,Үндістан В)Бразилия,Аустралия С)Ресей,Уругвай
Д)Германия,Польша Е)Жапония,Үндістан
4.Ет өнімінің 40% береді
А)Ірі қара В)шошқа С)қой Д)балық Е)құс
5.Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел:
А)Қазақстан В)Аустралия С)Қытай Д)Жапония Е)Ресей
6. Ауыл шаруашылығының шикізатын өңдейтін салалар:
А) құрылыс, тамақ;В) металлургия; С) химия, құрылыс; Д) жеңіл, химия; Е) жеңіл, тамақ.
7. Австралияда өте жақсы дамыған шаруашылық:
а) қой өсіру; В) қоян өсіру; с) мүйізді ірі қара; д) жылқы; е) түйе.
8.Қазіргі кезде балық ауланатын негізгі мұхит:
А) Атлант; В) Солтүстік Мұзды; С) Үнді және Атлант; Д) Үнді; Е) Тынық.
9.Құстың саны жөнінен көп ел:
А)Қытай,АҚШ,Ресей В)Ресей,Үндістан,Жапония С)Жапония,Аустралия
Д)Бразилия,АҚШ Е)АҚШ,Германия
10.Балықты қолдан өсіретін ел
А)Қытай В)Жапония С)Ресей Д)АҚШ Е)Чили
Қорытындылау, бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Достарыңызбен бөлісу: |