№32 мектеп- гимназиясы
Ашық сабақтың тақырыбы:
«Сурет салу жолдары»
Бейнелеу өнерінің мұғалімі: Сыздыкова Ж.А.
Астана 2015ж
Ашық сабақтың тақырыбы: «Сурет салу жолдары»
Ашық сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды бейнелеу өнері пәнінде сурет салу жолдары туралы түсінік беру, геометриялық денелерді жазықтық бетіне бейнелеуді үйрету
Дамытушылық: кескіндеме өнерінің натюрморт жанры туралы білімдерін іс-жүзінде жүзеге асыру
Тәрбиелік: Оқушыларды өнерге,ұйымшылдыққа, ұқыптылық пен әсемдікке тәрбиелеу
Ашық сабақтың түрі: жаңа сабақ, жазықтықта (қағаз бетіне) бейнелеу
Ашық сабақтың әдісі: баяндау, үйрету, практикалық
Пәнаралық байланыс: математика, композиция сурет, түстану
Ашық сабақтың көрнекілігі: қағаз бетіне салынған заттардың үш түрлі орналасқан суреттері (компоновка), геометриялық денелер салынған суреттер, натюрморттар, тақтаға салынған сурет
Ашық сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: ақ қағаз, қарындаш, өшіргіш, түрлі-түсті бояу (акварель, бояу), қылқалам, су құятын ыдыс,палитра.
Ашық сабақтың барысы:
Ұймдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындықтарын тексеру,назарларын сабаққа аудару
Өткенді қайталау
Өткен сабақтарға байланысты бірнеше сұрақтар қойылады
Кескіндеме өнерінің қандай түрлері бар?
Табиғат әлемінде кездесетін түстер екі топқа бөлінеді, ол қандай?
Хроматикалық түстерді атаңдар?
Ахроматикалық түстерді білесіңдер ме?
Бейнелеу өнерінің жанрлары дегеніміз не?
Қандай жанрларды білесіңдер, атаңдар?
Акварель бояуы қандай болады? (мөлдір, нәзік, ашық)
Кескіндеме өнерінің түрлері: кескіндеме өнері
Сәулет өнері
Мүсін өнері
Сәндік-қолданбалы өнер
Дизайн өнері
Хроматикалық және ахроматикалық түстер
Хроматикалық түстерге түрлі түстердің бәрі жатады
Жанр дегеніміз- суретке қарап не бейнеленгеніне байланысты оны жанрға бөлеміз.Олар: натюрморт, пейзаж, тарихи жанр, анималистік жанр,марина т.б.
Жаңа сабақ.
Натюрморт алғаш рет 17 ғасырда Голландия мен Испания елдерінде пайда болды. «Натюрморт» француз сөзі, аудармасы «өлі табиғат» немесе «тыныш, қозғалмайтын зат»деген мағына береді. «Натюрморт» халықаралық термин, сондықтан оның қазақша аудармасы жоқ. Біз де «натюрморт» деп атаймыз.
Натюрморт күрделі немесе қарапайым болып 2 топқа бөлінеді.Қарапайым натюрморт 2-3 заттан құралса, күрделі натюрморт 5 және одан көп заттардан тұрады.
Сұрақтар:
Мына суреттерде не бейнеленген?
Қарапайым натюрморт па, әлде күрделі натюрморт па?
Енді геометриялық денелерден құралған натюрморт салудың жолдарын қарастырайық.
Сурет салмас бұрын жұмыс істейтін орнымызды дайындап, ұйымдастырудың маңызы зор.
Сурет салудың барлығына ортақ заңдылық бар, ол кезеңмен сурет салу.Сурет салуды кезеңдермен салу өте маңызды.Ең алдымен зат бейнесінің орналасуын анықтау керек (компоновка), құрылымын табу, пішінін анықтау, және соңғысы түйін немесе суретті аяқтау.
Натюрморт үш геометриялық денеден ( КУБ, КОНУС, ЦИЛИНДР)
Кезең. Заттың қағаз бетінде орнын анықтау. Ол дегеніміз салынатын заттарымыздың жалпы көрінісін дұрыс немесе белгілі бір көлемде ықшамдап түсіру. Қағаз бетінде салынатын геометриялық денелер тым үлкен немесе тым кішкентай болмауы тиіс. Суреттің орналасуына ерекше көңіл бөлу керек. Көкжиек сызығын анықтап оның қай жерден өтетінін белгілейміз. Ол бізге перспективаны салғанда қажет болады. (90- сурет)
Кезең. Заттың құрылымын табу. Бұл кезеңде әр заттың конструкциялық құрылымын салу керек. (91- сурет). Натюрморттағы заттардың бір-бірімен арақатынасын өлшеп, олардың әрқайсысының қарындаш арқылы саламыз.Заттардың бізге көрінбей тұрған жақтарын сызып,перспективалық өзгерісін көрсетеміз. Мысалы, перспектива заңы бойынша кубтың бергі жағы оның артқы жағынан үлкен болады және кубтың қырларының сызығы алыстағын сайын бір-біріне жақындайды. Көлеңке мен жарықтың шекара сызықтарын белгілеп, көлеңке жақтың бәрін бір қоюлықпен штрихтаймыз.
3-Кезең. Пішінін сомдау. Енді штрихты пайдалана отырып көлеңке мен жарықтың арақатынасын шешіп, пішінін бейнелеуге көшеміз. Қысқасы геометриялық дененің әр-қайсысының пішінін сомдап шығамыз. Бұл кезеңде штрихтың рөлі өте үлкен. Штрихтың көмегі арқылы жартылай жарық, көлеңке, денеден құлай түскен көлеңкенің айырмашылығын реттейміз. Жарық жерлерді бір қабат, жартылай жарықты екі-үш қабат, ал көлеңкені үш-төрт немесе одан да көп қабаттасып түскен жиілікпен штрихтаймыз. Штрихтауды көлеңке жақтан бастаған ыңғайлы болады.
Кезең. Суреттің аяқталуы немесе түйін. Төртінші кезеңде суретті мұқият тексеріп, көзге түсіп тұрған елеулі көлеңке немесе жарық болса соларды басып,жалпы натюрмортты рең қоюлығына бағындырамыз.
Бірнеше кезеңдерден тұратын сурет салудың әдістерін, техникасын үйрену үшін салынған суретті АКАДЕМИЯЛЫҚ сурет дейді. Ол ұзақ сағаттарға созылады. Мұндай суреттер оқушыны еңбекқорлыққа және жоғары шеберлікке тәрбиелейді.
Бекіту, бақылау сұрақтары:
Сурет салу неше кезеңнен тұрады?
Академиялық сурет дегеніміз не?
Салған суретіміз бейнелеу өнерінің қай жанрына жатады?
Ашық сабақты қорыту Бүгінгі өткен сабағымызда біз кеңістікте орналасқан геометриялық денелердің жазықтық бетіне суретін салған кезде қандай өзгерістерге ұшырап, салыну жолдары мен ерекшеліктерін үйрендік.
Бағалау. Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жақсы шыққан жұмыстарды мадақтап көрсету. Сабақ барысында сұрақтарға жауап беріп белсенді түрде қатысқан оқушыларды да бағалау.
Үй тапсырмасы.
52-56 беттерді оқып шығу.
Достарыңызбен бөлісу: |