Сабақтың тақырыбы: Тәкен Әлімқұлов «Қараой» әңгімесін талдау Сабақтың мақсаты



Дата25.12.2016
өлшемі88,75 Kb.
#4682
Сабақтың тақырыбы: Тәкен Әлімқұлов «Қараой» әңгімесін талдау

Сабақтың мақсаты: «Қараой» әңгімесі негізінде халқымыздың қайталанбас, біртуар ақыны Махамбет өмірінің ең бір трагедиялық тұсын ашу. Т. Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылық жолымен таныстыру, әдебиет теориясынан - әңгіме туралы түсінік беру. Оқушылардың қойылған сұрақтарға жауап іздеуге, қосымша ақпарат түрлерімен жұмыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру. Топпен жұмыс істеген кезде бір-бірін құрметтеуге, бірін-бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері: Жазушы шығармашылығын меңгереді. Әңгімеде көтерілген мәселені, авторлық позицияны ашады.

Оқушы дүниетанымы қалыптасады, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алып, азаматтық бейнесі қалыптасады.



Негізгі дерек көздер: интербелсенді тақта, суреттер, стикер , үлестірмелі парақшалар.

Қ/с

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

сілтемелер

уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

Қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру. Топқа бөлу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Әр адамның туған жері, Отаны болады. Отан – ата-анаң, бауырларың, жақындарың, туып өскен жерің. «Отан – отбасынан басталады», «Отан үшін отқа түс — күймейсің, Арың үшін алыссаң — өлмейсің» дейді қазақ мақалы. Талай азаматтар бүгінгі тәуелсіз, егеменді еліміз, Отанымыз Қазақстан үшін маңдай терлерін төгіп, ұмытылмас із қалдырды. Солардың бірі қазақтың айбынды ақын­ы Махамбет Өтеміс­ұлы. Ол қазақ шаруаларын бостандық үшін күреске шақырып, қара халықты бақытқа жеткізуді арман­даған, өзінің үзеңгілес серігі Исатай мен халықтың ерлі­гін, олардың адамгершілік қа­сиеттерін жыр еткен.

Топқа бөлінеді.Әр топ мүшелері бір-біріне тілек айтады.


Интербелсенді тақта,сұрақтар топтамасы

2мин

1мин


2

Қызығушылықты ояту


Сабақтың тақырыбын, мақсат-міндеттерін, сабақ жоспарын айтады.

Махамбет туралы бейнебаян көрсету.



2. Білетін ақпараттарды еске түсіру: “Шақырту” 

Сұрақтар:

1. Махамбет Өтемісұлы кім? Ол туралы не білесіңдер?

2. Исатай Тайманов кім? Ол туралы не білесіңдер?


Оқушы бейнебаянды көреді.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.



интербелсенді тақта

(5 мин)


3

Мағынаны ажырату

1 топ - Т. Әлімқұлов туралы өмірдерек.

2 топ - Т. Әлімқұлов шығармалары

3 топ - Т. Әлімқұловтың аудармалары

4 топ - М. Өтемісұлының өлеңдерін жатқа оқу.

Қазір біз Т.Әлімқұлов туралы білдік, шығармалары мен аудармалары туралы мағлұмат алдық.Махамбеттің өлеңдерін еске түсірдік. Сендерге беріліп отырған «Қараой» әңгімесін келесі тапсырмалар арқылы талдаймыз.

1-топ: Әңгіменің кез-келген тұсынан көрініс көрсету керек және Махамбетке арнау өлең шығару керек.

2-топ: Әңгімеге композициялық талдау жасау. (постер қорғау арқылы жасалады).

3-топ: Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме. (Әуес, Ықылас, Жаңаберген, Махамбет) (постер қорғау арқылы жасалады)

4-топ: Әңгімеде кездесетін ырым-тыйымдар мен теңеулерді табыңдар.


Т.Әлімқұловтың өміріне шолу жасайды. Шығармалары туралы мағлұмат береді. Аудармалары туралы түсінік айтады. М.Өтемісұлының өлеңдерін жатқа айтады.

Оқушылар көрініс көрсетеді. Композициялық талдау жасайды. Кейіпкерлерге мінездеме береді. Оқушылар постер қорғайды. Әңгімеде кездесетін ырым-тыйымдар мен теңеулерді табады.



Интербелсенді тақта, суреттер, оқулық

10 мин

15мин





Ойтолғаныс

«Синквейн»әдісі.

Синквейн жазу үлгісі:

Бірінші тармақта бір сөз жазылады – зат есім. Ол сөз синквейн тақырыбы болады.

Екінші тармақта – синквейн тақырыбын ашатын екі сын есім жазылады.

Үшінші тармақта – синквейн тақырыбының қызметін ашатын үш етістік жазылады.

Төртінші тармақта – тақырыпқа деген оқушының көз қарасын ашатын сөйлем немесе сөз тіркесі жазылады. Тақырыпқа негізделген қанатты сөз, цитата немесе оқушы фразасы болуы мүмкін.

Соңғы тармақта – тақырыпқа синоним жазылады.

Күз- зат есім.

Қоңыр, жылы- 2сын есім

Сарғаяды, мұңайтады, жауратады- 3етістік.

Құстар жылы жаққа ұшып кетеді- тақырыпқа байланысты сөйлем немесе сөз тіркесі.

Мезгіл –тақырыпқа синоним сөз немесе берілген сөздің өзі.

Осы сияқты сендер синквейн құраңдар.

1топ «Батыр» , 2 топ «Хан», 3 топ «Достық», 4 топ «Қараой».


Оқушылар берілген сөздерге синквейн құрайды.



Флипчарт, маркер, стикер.

5мин




Қорытынды

Үйге тапсырма

Бағалау.


«Қараой» әңгімесі бойынша сұрақтар.

  1. 1. Шығармада Махамбеттің несі суреттеледі?

Жауабы: Шығармада Махамбеттің ішкі жан күйзелісі, ой-арманы,

мақсат-мүддесі суреттеледі.



  1. 2. Жазушының «Қараой» әңгімесінде қазақтың қандай ырым-

тыйымдары кездеседі?

Жауабы: адамның үй айналуы, күннің батар шағында айдың

тұтылуы


  1. 3. Әңгімеде Махамбет өмірінің қандай сәттері сөз болады?

Жауабы: Әңгімеде Махамбет өмірінің соңғы сәттері сөз болады.

  1. 4. Махамбетке қастандық жасаған кім?

Жауабы: Махамбетке қастандық жасаған оның алыс тумасы (жиені), әрі досы Ықылас

  1. Махамбет келген қонақтардан кімді сұрайды?

Жауабы: Өзінің досын ақын Төлепбергенді сұрайды

  1. Махамбеттің әйелінің, ұлының аты кім?

Жауабы: Әйелінің аты Әуес, ұлының аты Нұрсұлтан.

  1. 7. Махамбеттің ақырғы үні мен ақырғы ойы «не» еді?

Жауабы: Ақырғы үні «Әуес!», ақырғы ойы «Қайран халқым!»

  • «Патриотизм» туралы эссе жазу.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Топтың топбасшысы бағалау критерийлері бойынша бағалайды. Екі жұлдыз, бір тілектерін жазады



Стикер, бағалау парақтары

2мин

5мин






Оқушының аты-жөні

№ 1 топтық тапсырма

№ 2 топтық тапсырма

Синквейн құрастыру

Сұрақ-жауап

ұпайы

1



















2



















3



















4



















5



















6



















7























Оқушының аты-жөні

№ 1 топтық тапсырма

№ 2 топтық тапсырма

Синквейн құрастыру

Сұрақ-жауап

ұпайы

1



















2



















3



















4



















5



















6



















7



















Каталог: uploads -> doc -> 131a
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
131a -> Сабақтың түрі: Ашық сабақ Сынып 8 Қатысқандар 16 Қатыспағандар 0
131a -> Жаңаөзен қалалық білім бөлімі Қалалық білім үйлестіру орталығы Информатика пәнінен Кеңейтілген 9Ә сыныбының
131a -> Сабақ жоспары Күні
131a -> Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет