Сабақтың тақырыбы: Термодинамиканың бірінші заңы



Дата23.11.2023
өлшемі29,95 Kb.
#193152
түріСабақ
Байланысты:
8 а сын физика
2 Химия 7кл 7.2A Жану реакциялары Ауа.Ауа құрамы Презентация

Сабақ жоспары





Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.3.



Мектеп: Еленовка ауылының ЖОББ мектебі КММ

Күні:08.11.2023 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Нуртазина А.М.

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспа
ғандар:

Сабақтың тақырыбы:

Термодинамиканың бірінші заңы.



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.17. Термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтың басы



  1. Оқушылар арасында жағымды ахуал қалыптастыру.

  2. Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру







Сабақтың ортасы



  1. Ой қозғау

Мұндай топтарға бөліну себебін түсіндіріңіздер және кестені толтырыңыздар (әр топтан 1-2 оқушы себебін түсіндіреді, толтырады)
Егер дененің ішкі энергиясы бір уақытта екі тәсілмен де өзгерсе, онда бұл процестің қалай жүретіні туралы өз ойларыңмен бөлісіңдер


Тапсырма 1. Изотермиялық процесс кезінде газға 5*105 Дж жылу мөлшері берілген. Газ қандай жұмыс атқарады?
Дескриптор Білім алушы
- термодинамиканың бірінші заңын жазады;
- термодинамиканың бірінші заңын изотермиялық процесс үшін жазады;
- газдың жұмысын есептейді.
Тапсырма 2. Изохоралық процесс кезінде газға 3*106 Дж жылу берілді. Газдың ұлғаю жұмысын және ішкі энергиясының өзгерісін есептеңіз.
Дескриптор Білім алушы
- термодинамиканың бірінші заңын изохоралық процесс үшін жазады;
- газдың ұлғаю жұмысын есептейді;
- газдың ішкі энергиясын есептейді.
Тапсырма 3. 5 МПа тұрақты қысымда 3 л-ден 10 л-ге дейін көлемі ұлғайған газ қандай жұмыс жасайды?
Дескриптор Білім алушы
- есептің берілгенін жазады;
- ХБЖ түрлендіреді;
- газдың жұмысын есептейді.
Тапсырманы орындап болған алғашқы 5 оқушыны мұғалім дескриптор бойынша тексереді де, қасына көмекші етіп алып барлық оқушыны тексеріп шығады.

1. Неліктен бірінші ретті мәңгі қозғалтқыш жасау мүмкін емес?


2. Неліктен сығу кезінде газ қызады?
3. Қандай жағдайда жылу мөлшері мен ішкі энергия өзгерісінің мәндері тең?
4. Мәңгі қозғалтқышты жасау неліктен мүмкін емес?
5. Мәңгілік қозғалтқыштың жұмыс жасау принципі
6. Қандай жағдайда жылу мөлшері мен газдың жасаған жұмысы тең болады?
7. Адиабаталық процеске табиғаттан бір мысал
8. Қандай жағдайда газдың жұмысы мен ішкі энергия өзгерісінің мәндері тең?



есептер

Сабақтың соңы



Үй тапсырмасы: 10-жаттығу №1,2
«Бірінші ретті мәңгі қозғалтқыш моделі» хабарлама






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет