Сабақтың ортасы
(5-10 мин)
(10-15 мин)
(15-28 мин)
(28-33 мин)
(33-38 мин)
|
Топтық жұмыс.
I тапсырма «Эйлер шеңбері» әдісі арқылы 3-топқа тапсырма беріледі
1-топ:Энергияның сақталу және түрлену заңы
2-топ:Термодинамиканың 1-ші заңы
3-топ: Изопроцесстерді пайдалану
Бағалау критерийі
Энергияның сақталу және түрлену заңын пайдалана отырып термодинамиканың 1 –ші заңын изопроцестерге қолдануын анықтайды
Дескриптор:
Мәтінді талқылайды
Энергияның сақталу заңы, термодинамиканың 1-ші заңы және изопроцесстердің физикалық мағынасын анықтайды
Тұжырымды ойларын постерге түсіреді
Топпен қорғайды
Қалыптастырушы бағалау
«Көңілді смайликтер» әдісі
2 – тапсырма
«Кім жүйрік» әдісі. Әр топқа деңгейлері бірдей есептер беріледі.
1-топ: Поршень астында орналасқан цилиндрдегі біратомды идеал газды қыздырғанда
газ 600 Дж жұмыс атқарады. Газға қанша жылу мөлшері берілді?
2-топ: 800 моль газды 500 К-ге изобаралық қыздыру үшін 9,4 МДж жылу берілді.
Газдың жұмысын және ішкі энергияның өзгерісін анықтаңдар.
3-топ: 1 кмоль гелий изобаралық ұлғаяды. Газ температурасы ΔT = 30 K-ге артады. Газдың ішкі энергиясының өзгерісін, оның атқарған жұмысын және
газға берілген жылу мөлшерін анықтаңдар.
Бағалау критерийі
Термодинамиканың 1-ші заңын изопроцесстерге қолдананып есептер шығара алады;
Дескриптор:
Есептің берілгенің мұқият оқиды
Есептің берілгенің қысқаша жазады
ХБЖ келтіреді
Газдың әр күйіне сәйкес параметрлерді анықтайды (қысым, көлем, температура).
Алынған нәтижені талдайды және жауабын жазады
III тапсырма
«SWOT – талдау» әдісі. Бұл әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды, жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, мүмкіндіктері бағаланып,қауіп-қатерлері туралы нақты дәлелдер келтіріледі.
Сұрақтар:
1.Аяз емес күні үздіксіз автомобиль қозғалысының жолдардағы қардың қалай еритін құбылысты түсіндіріңдер
2.Қыс мезгілінде далада тұрған бос бөтелкенің аузын тығынмен жауып, жылы бөлмеге кіргізіңдер. Біраз уақыттан соң бөтелкедегі тығын ұшып шығады не себепті тығын да кинетикалық энергияға ие болады? Өз ойларыңды тұжырымдаңдар
3.Неліктен бұрғымен ағашты бұрғылағанда бұрғы қызады? Анықтаңдар
4. Неліктен арқан жібімен арқылы төмен жылдам түскен кезде қолыңды күйдіріп алуға болады? Себебін түсіндір.
Бағалау критерийі
Термодинамиканың бірінші заңын изопроцесстерге қолданып өмірмен байланыстырып дәлелдейді;
Дескриптор
Мәтінмен танысады
Топпен талдайды
Білім алушылар осы құбылыстарды өмірмен байланыстырып түсіндіреді
|
А3 және А2 форматты қағаз, маркер
Кронгарт Б.А, Қазақбаев Д.М, Имамбеков О., Қыстаубаев Т. Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Мектеп» баспасы 2019
А3 және А2 форматты қағаз, маркер
Кронгарт Б.А, Қазақбаев Д.М, Имамбеков О., Қыстаубаев Т. Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Мектеп» баспасы 2019
https://youtu.be/ZQZCX4n_aH8
https://youtu.be/mPlAFxlaL0I
https://infourok.ru/ashi-saba-termodinamika-negizderi-termodinamikani-i-zai-gazdi-zhne-budi-zhmisi-sinip-2723533.html
|