Физика • энергия және радиоактивтілік • энергия 1 1-бөлім: Энергия дегеніміз не?



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата21.05.2024
өлшемі0,87 Mb.
#202705
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
kktwig-energiya
Сабақ жоспары Трапеция, Ресурс 3.1.Ашық тапсырмалар PISA-2018, баяндама тапсырма, шешен, Физика. 7 класс. Механика. Ауырлық центрі.Презентация. (1)


Энергия
ФИЗИКА • ЭНЕРГИЯ ЖӘНЕ РАДИОАКТИВТІЛІК • ЭНЕРГИЯ
1
1-бөлім: Энергия дегеніміз не?
• Энергия дегеніміз не?
Ұсынылатын фильм
- Энергия түрлері
Энергия – объектінің немесе жүйенің өзгерістер туғызу немесе 
жұмыс жасау мүмкіндігі. Энегргияның бірнеше өлшем бірліктері 
бар, бірақ кейбірі ескірген, ал кейбірі тек нақты жағдайларда ғана 
қолданылады. Энергия әдетте джоульмен (Дж) өлшенеді; 1 Дж 1 м 
қашықтыққа 1 Н ауырлық күшін жұмсауға қажет энергияға тең. Бұл, 
сондай-ақ, шамамен алманы 1 м биіктікке көтеруге кететін энергия 
мөлшері. 
Электростанция мен оның градирнялары
Қосымша сұрақтар
C1. Калория дегеніміз не?
Калория – джоульмен алмастырылған, бірақ әлі де тамақтың энергия мөлшерін есептеуге қолданылатын 
энергияның ескі өлшем бірлігі. Бұл бірліктің екі түрлі формасы бар. Екеуі де калория деп аталады, бірақ бірі 
екіншісінен мың есеге көп. Бұл кейде үлкен өлшем бірліктерге “Калория”, ал кіші бірліктерге “калория” деп 
жазылады. Қазір үлкен бірліктерге килокалорияны қолдану кең таралған, ал кіші бірліктер сирек қолданылады. 
Тамақтың энергетикалық құрамын анықтағанда “калория” мен “килокалория” шамамен бірдей мағынада 
қолданылады. Бір килокалория шамамен 4,2 килоджоульге тең. 
C2. Электронвольт дегеніміз не?
Электронвольт (еВ) – 1,6×10 -19 Дж тең энергияның кішкентай өлшем бірлігі. Бұл 1 В потенциал айырмасы 
арқылы үдетілген электроннан алынған энергия мөлшеріне тең. Бұл әдетте ядролық физикада қолданылады, 
себебі онда өте азғантай ғана мөлшердегі энергиялармен жұмыс жасауға тура келеді. Ауадағы молекулаларда 
ондаған электронвольт кинетикалық энергия бар.
Үлкен Андрон Коллайдерінде тераэлектронвольт энергияда протон сәулелері соқтығысады (тераэлектронвольт 
дегеніміз триллион электронвольт немесе джоульдің миллионнан бір бөлігі). 
C3. E = mc
2
нені білдіреді?
Бұл әлемдегі ең танымал теңдеу болуы мүмкін. Бұл масса мен энергетикалық құрам арасындағы байланысты 
білдіреді. Теңдеудегі “с” – метр/секундтпен берілген жарық жылдамдығы. Бұл – үлкен сан, яғни шамамен 
секундына үш жүз миллион метр, ал с
2
– өте үлкен сан (тоғыз көбейтілген онның он алты дәрежесі). Бұл 
кішкентай массада үлкен мөлшерде энергия болатындығын білдіреді.
Егер бір килограмм заттағы энергия шығарылатын болса, ол шамамен 10 миллион тонна жарылғыш заттан 
шығатын энергияға тең болар еді. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет