ФИЗИКА • ЭНЕРГИЯ ЖӘНЕ РАДИОАКТИВТІЛІК • ЭНЕРГИЯ
5
ДИАГРАММА 03:
Қосымша сұрақтар
C7. Неліктен қуат өңдірісінде энергияны
сақтау қиын?
Электр станциялардың қажет емес электр қуатын
өңдіретін кездері жиі кездеседі.
Егер осы энергия
сақталатын болса, ол кейін уақыт өтісімен
өндірілген энергиядан артық энергия қажет
болғанда қолданылады. Күн
және жел энергиясы
тұрақсыз, егер болашақта қажет болатын көп
мөлшердегі энергиямен қамтамасыз ету үшін,
күн батареялары мен жел қозғалтқыштары
қолданылатын болса,
онда көп мөлшердегі
энергияны сақтау сыйымдылығы қажет болады.
Егер бұл мүмкін болмаса, қазбалы отындарды
жағатын немесе ядролық энергияны қолданатын
электр станциялар жел баяулап, күн батареяларына
сәуле түспеген кезде,
жеткіліксіз энергиямен
толықтырып отыру үшін пайдаланылуы қажет.
C8. Қазбалы отындар дегеніміз не?
Көмір, мұнай және газ секілді қазбалы отындар
өлі ағзалардың миллион жылдан астам уақыт
ішінде шіруінен өндіріледі. Дүниежүзілік энергия
қолданысының аса көп бөлігі, 80% астамы қазбалы
отындардың жануына тәуелді.
Жанған кезде,
ағзалар тірі болған уақытта сақталып қалған энергия
бөлінеді, сонымен қатар көмірқышқыл газын да
бөліп шығарады. Осының
нәтижесінде атмосферада
көбейген көмірқышқыл газы ғаламдық жылынудың
бірден-бір негізгі факторы болып саналады.
• Ұсынылатын фильм
- Бу энергиясы
• Адамдар қанша энергияны қажет етеді?
Күнделікті қажетті энергия мөлшері әр адамда әртүрлі, бірақ
шамамен 10 миллион джоульді құрайды (шамамен 2500 калория).
Бұл көп мөлшердегі энергиядан тұратын тамақтан алынады. Шын
мәнісінде, 1 кг қантта 16 миллион джоуль энергия болса, 1 кг
майда бұдан екі есе көп мөлшерде энергия бар.
Достарыңызбен бөлісу: