1. Жел энергиясы көзінің ең алғашқы себебі және дерек көздері?



Дата11.09.2022
өлшемі17,15 Kb.
#149171
Байланысты:
1. Жел энергиясы к зіні е ал аш ы себебі ж не дерек к здері
10 сынып бақылау о, Коммерциялы емес ашы акционерлік о амы, Pravila programmy loyalnosti Magnum Club 839134a497, Семинар Саясаттану 2, Орта ғасырлар мәдениетіндегі христиандық, инклюзив ссөж

1.Жел энергиясы көзінің ең алғашқы себебі және дерек көздері?
Жел энергиясы таза энергия көзі болып табылады, демек, ол ластаушы заттардың жұмыс істеуін қажет етпейді және улы қалдықтар шығармайды.
Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді – энергия көзі ретінде пайдаланған. Қоғам мәдениетінің жаңа қалыптасқан кезінде жел энергиясын теңіз саяхатында пайдаланған. Ертедегі мысырлықтар 5 мың жыл бұрын жел энергиясын пайдаланып желкен көмегімен жүзген. Біздің заманымыздың 700 жылдары қазіргі Ауғанстан жерінде тік бекітілген осі бар жел машинасымен дақылдарды ұнтақтау үшін қолданған. Жерорта теңізінде орналасқан Крит аралында ұзын мұнараға бекітілген жел күшімен қозғалатын диірмен жер суландыру жүйесінің жұмысын атқарған. 14 ғасырда голландықтар жел диірменін жетілдіріп, дәнді-дақыл өнімдерін ұнтақтау үшін қолданды.
1854 жылы АҚШ-та жел энергиясымен жұмыс істейтін су тарту насосы іске қосылды. Су тарту насосының моделі жел диірменінен қалақшалар санының көптігімен және жел бағыты мен жылдамдығын анықтайтын аспап флюгердің болуымен ерекшеленеді. 1940 жылдары осындай жел күшімен қозғалатын диірменнің саны 6 миллиондай еді, оларды су тарту және электроэнергия алу мақсатында қолданды.
3. Басқа ЖЭК арасында және энергиясының орыны
Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологилық және экономикалық артықшылықтары көп. Жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын жетілдіру арқылы оның тиімділігін арттыруға болады. Жел энергиясын тұрақты пайдалану үшін жел энергетикасы қондырғыларын басқа энергия көздерімен кешенді түрде ұштастыру қажет. Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік аймақтарында су электр станциялары мен жел электр станцияларын біріктіріп электр энергиясын өндіру өте тиімді. Қыс айларында жел күші көбейсе, жаз айларында азаяды, ал су керісінше, қыс айларында азайса, жаз айларында көбейеді. Сөйтіп, энергия өндіруді біршама тұрақтандыруға болады. Алматы облысының Қытаймен шекаралас аймағындағы 40-ендікте Еуразия мегабассейніндегі орасан зор ауа массасының көлемі ауысатын Орталық Азиядағы “жел полюсі” деп аталатын Жетісу қақпасындағы желдің қуаты мол. Ол екі таудың ең тар жеріндегі (ені 10 — 12 км, ұзындығы 80 км) табиғи “аэродинамикалық құбыр” болып табылады


5. Желдің негізгі ерекшеліктері
Жел – жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта, жоғары қысымды аумақтан төменгі қысымды аумаққа қозғалысы.
Жел атмосфера қабаттарында қысымның біркелкі таралмауынан пайда болады әрі жоғары қысымнан төменгі қысымға қарай бағытталады.
Ауа қысымы уақыт пен кеңістікте тұрақты болмайтындықтан желдің жылдамдығы мен бағыты үнемі өзгеріп отырады. Желдің бағытын көкжиектің қай тұсынан соғуына байланысты анықтайды және оны градуспен немесе румбымен (16 румбылық жүйемен), ал жылдамдығын – м/с, км/сағ, узелмен немесе балмен (Бофорт шкаласы бойынша) өрнектейді.
Биіктікке көтерілген сайын үйкеліс күшінің азаюына байланысты жел қуаты өзгереді, сонымен қатар ол градиенттердің өзгеруіне де тәуелді болады. Жел үлкен аумақты қамти отырып, көлемді ауа ағындарын (муссондар, пассаттар, т.б.) туғызады, осыдан жергілікті және жалпы атмосфералық айналым пайда болады.


8. Жел турбинасы және ЖЭС құрылымдарының дамуының негізгі тенденциялары
Жел турбинасы - жел энергиясын электр энергиясына түрлендіретін механикалық құрылғы. Жел турбиналары жобаланған желдің кинетикалық энергиясын механикалық энергияға айналдыру, бұл осьтің қозғалысы. Содан кейін турбиналық генераторда бұл механикалық энергия электр энергиясына айналады. Өндірілген электр энергиясын батареяда сақтауға немесе тікелей пайдалануға болады. Жел турбинасы Бұл энергияның осы түрінің негізгі элементтерінің бірі. Ол өте толық жұмыс істейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет