|
Сабақтың тақырыбы: Тік призма, параллелепипед. Сабақтың мақсаты
|
Дата | 25.08.2017 | өлшемі | 50,84 Kb. | | #26839 |
| Сабақтың тақырыбы: Тік призма, параллелепипед.
Сабақтың мақсаты: 1.Призма анықтамасын, қырлары, жақтары, төбесі,табан анықтамасын,бүйір беті, толық беті аудандарының формулаларын білу,есептер шығаруда қолдану.
2. Тікпризманың кескінін жазықтықта сала білу дағдыларын,есептердің міндетті деңгейлерін шығара алу дағдыларын дамыту
3. Сызбаны дұрыс әрі дәл салу арқылы әсемдікке,әдемілікке, айнала кеңістікті байқағыштыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдісі:түсіндіру,баяндау,сұрақ-жауап,
Сабақтың түрі:
Сабақтың көрнекілігі: Призма,параллелепипед модельдері,интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын бекіту
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV.Пысықтау-есептер шығару
V. Бекіту
VІ. Қорытынды.
Сабақтың барысы.
І. Сынып оқушыларымен амандасу,түгендеу,проблемалық жағдайларын реттеу
(оқу құралдарын түгендеу)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру,№368 есеп
(Тірек схемалары арқылы)
Куб
12 қыры 8 төбесі 6 жағы
Кубтың жақтары шаршы болады.
Үй тапсырмасын бекіту:
Стереометрия нені зерттейді?
Қиылысатын жазықтықтар деп қандай жазықтықтарды айтамыз?
Параллель жазықтықтар деген не?
Айқас түзулер деген қандай түзулер?
Түзу мен жазықтық қалай орналасуы мүмкін?
Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығын түсіндір.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
А В Кеңістікте α ІІ β. АВС € α, үшбұрыштың төбелерінен
Β жазықтығына перпендикуляр түсіріп,перпендикулярдың
В1 Табандарын А1,В1,С1 деп белгілесек, АВСА1В1С1-үшбұрыш-
ты призма пайда болады.
Тік призма
Табанындағы көпбұрыштың параллелепипед
санына қарай (үшбұрышты,
бесбұрышты,алтыбұрышты т.б) Тік Тікбұрышты
параллелепипед параллелепипед
(табаны параллелограмм) (табаны
тік төртбұрыш)
Куб-барлық жақтары квадрат болып келетін тікбұрышты параллелепипед
АА1, ВВ1, СС1- бүйір қырлары,биіктіктері
Үшбұрышты тік призма суреті
АВС, А1В1С1 - табандары
АСА1С1, ВСС1В1, АВВ1А1 – бүйір жақтары
Тік призманың бүйір бетінің ауданы бүйір жақтарының аудандарының қосындысына тең.Бүйір бетінің жазбасы тік төртбұрыш
(Жазбасынан призма құрастырып көрсету)
Табан қабырғалары: а1,а2,а3,...ап ; биіктігі- Н
Sб.б=а1Н+а2Н+а3Н+...+апН=(а1+а2+а3+...+ап)Н=рН
Sбб= рН
Т3к призманың бүйір бетінің ауданы табанының периметрі мен биіктіктің көбейтіндісіне тең.
Sт.б= Sб.б+2 Sтаб
Тік призманың толық бетіні ауданы бүйір бетінің ауданы мен табандарының аудандарының қосындысына тең
Тікбұрышты призманың көлемі үш өлшемінің көбейтіндісіне тең.
V=авс
Sтаб=ав. V=SтабН
Тік призманың көлемі табан ауданы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең
ІV. Есептер шығару. Оқулықтағы есептер
№ 369 №372 № 374
V. Бекіту.
1. Қандай призма тік деп аталады?
2. Қандай призма дұрыс призма деп аталады?
3. Параллелепипед деген не?
4. Қандай параллелепипед тікбұрышты параллелепипед деп аталады?
5. Куб деген не?Кубтың қандай қасиеттерін білесіңдер?
6. Призманың биіктігі деген не?
7 Өздеріңді қоршаған ортадағы қандай обьектілер тікбұрышты параллелепипедке мысал бола алады?
VІ. Қорытынды. Бағалау.
Үйге тапсырма №370. № 373
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|