Киякова Кулсара Балтабаевна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Түркістан қаласы. ОҚО
Сабақтың тақырыбы: Тілдік материалдарды сатылый кешенді талдаудың жүйесі
Сабақтың мақсаты: – теориялық білімдерін практикада пайдалану;
-стильдік жағынан дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету;
- ізденімпаздыққа баулу;
Міндеттері: - нақты ғылыми негізде білім беру;
-материалды толық меңгерту;
Нәтижесі: – сатылай кешенді талдау оқушыларды нақтылыққа, ізденімпаздыққа үйрете отырып, тілдік материалдарды терең білуіне көмектесу;
Түрі: ізденіс сабағы
Әдісі: Сатылай кешенді талдау
Типі: танымдық, қайталау сабағы.
Көрнекілігі: Үлестірме қағаз, сызбалар, кесте карталары, интерактивті тақта
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Оқушымен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын ретке келтіру, оқушы назарын сабаққа аудару. Бүгінгі сабақтың мақсатымен қысқаша таныстыру, қазақ тілінен өтіп жатқан лексика, фонетика, грамматика тарауларына арналады
Жаңа сабақ. Ой қозғау стратегиясы.
1.Фонетикадан бастайық. Тіл дыбыстарының жіктелуін, буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды, ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдардың түрлеріне ережемен қатар мысалды да жаттау керек. Дауыссыз дыбыстардың топтастырылуын есте сақтаудың балаға ең жеңіл тәсілін ұсынамын. Ережені жатқа білген оқушы мысалды да есте сақтай алады. «Дыбыстарға математикалық тәсілмен талдау»
12 (а, ә, е, э, о, ө, ү, ұ, ы, і, и, (у,))
Берілгені: Көкшетаудың = ? (Сөзде неше дыбыс бар және олар іштей қалай жіктеледі?)
Шешуі: Көкшетаудың сөзінде 11 дыбыс бар, оның 4-і дауысты, 7-і дауыссыз, яғни: 11о =4 - (ө, е, а, ы) дауысты дыбыстар, себебі өкпеден шыққан ауа ешбір кедергіге ұшырамай, еркін шығады.
7 ∆ (2к, ш, т, у, д, ң) дауыссыз дыбыстар, себебі өкпеден шыққан ауа түрлі кедергіге ұшырап , қысылып шығады.
дыбыстар: а) Тілдің қатысына қарай
4
Ә) Жақтың ашылу дәрежесіне қарай
4 =
б) ерін мен езудің қатысына қарай
4 =
Лексикалық талдау: лексикада ережелерін қайталап әр тақырыптан 25-30 сөзден аспайтын жұмыстарды 4 рет орындаған жағдайда
оқушы есіне жиі сақтап қалады.
1.Атауыш (номенатив) мағынасы – адамдар қарым
қатынасында сөйлеу арқылы көрінетін сөздер жиынтығы
ІІ.Сөздің шығу тегіне байланысты туған лексикалық
мағынасы: а) түпкі мағына – адамның дене мүшесінің бір бөлігі: ә) бұл сөз көп мағыналы сөз:
Тіл – адамның сөйлеу мүшесі;
Тіл – сөйлеу құралы;
Тіл – жан-жақтан алынған хабар
ІІІ Сөздердің тіркесу сипатына байланысты туған мағына
а) еркін мағына:
1) Тіл ұстарту;
2) Тіл үйрену;
3) Тіл дамыту;
4) Тілдік нормалар.
ә) фразеологиялық мағынасы:
1) Тәтті тіл – адамды сүйіндіретін сөз
2) Тіл қатты – сөйледі.
3) Тілі шықты – а) баланың былдырлап сөйлеуі;
ә) қайтарып сөз айту;
4) Тілі жатық – өз ойын түсінікті жеткізу.
Морфолагиялық талдау барысында: Нұрша Оразахынованың (Сатылай кешенді талдауын) пайдалану, әр сөз табының кестесін сызғызып, мысалдар орындату жақсы нәтиже береді
С.к.т. Қазір сөзін сөз құрамына лексика – граматикалық мағынасына қарай талдау.
Қазір қазақтың өзінен жаңа сөздер көбейіп табыла берсе, оған қуану керек, сонда тіліміз бай болады
Ж.Аймауытов
1.Бұл сөз бір құрамнан тұр: қазір.
2.Тұлғасына қарай: негізгі түбір (сөздің әрі қарай бөлшектенбейтін мағына беретін бөлігі)
3.Құрылысына қарай: дара, себебі бір ғана негізгі түбірден тұр
4.Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар
5.Лексикалық мағынасы – мезгілге берілген атау.
6.Грамматикалық мағынасы – лексикалық мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық мағына үстеу.
7 «Қашан?» деген сұраққа жауап береді.
8. Мағынасына қарай: мезгіл үстеуі
С. Синтаксистік талдаудың үлгісі
Өзің құрметтемеген нәрсеге өзгеден қайтіп құрмет күтесің? Абай
І саты. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай: сұраулы сөйлем.
Сұрау мағынасы біреуден жауап күту емес, өз ойын құптау мағынасында айтылған. (Қайтіп?) сұрау есімдігі арқылы жасалған
ІІ саты. Құрылысына қарай - жай сөйлем
ІІІ саты. Сөйлем мүшесіне талдау:
1.Не істейсің? – құрмет күтесің – күрделі, құранды; (-сің) жіктік тұлғалы-баяндауыш
2.Күтетін кім? – Сен – дара; жіктеу есімдігі; атау тұлғалы – бастауыш (жасырын тұр)
3.Кімнен құрмет күтесің? – өзгеден – дара; өздік есімдігі; (-ден) шығыс тұлғалы – жанама толықтауыш
4.Неге өзгеден құрмет күтесің? – нәрсеге – дара; зат есім; (-ге) барыс тұлғалы – жанама толықтауыш
5.Қай нәрсеге? – өзің құрметтемеген – күрделі; құранды; (-ген) есімше тұлғалы – қатыстық анықтауыш.
6.Қалай күтесің? – қайтіп – дара; сұрау есімдігі; (-іп) көсемше тұлғалы – қатыстық анықтауыш.
ІV саты. Жай сөйлемнің түрлеріне қарай; жайылма; толымды; жақты
V саты. Құрылысына қарай: еркін тіркес, тұлғасына қарай етістікті тіркес.
VІ, VІІ сатылар. Сөйлемдегі сөздерді байланысу түрлері мен тәсілдеріне қарай талдау: а) Сен құрмет күтесің – қиысу, тәсілі – жалғаулықты
ә) Нәрсеге құрмет күтесің, өзгеден құрмет күтесің – меңгеру, тәсілі – жалғаулықты.
б) Қайтіп құрмет күтесің – жанасу, тәсілі – орын тәртібі.
Сабақты бекіту: Біз бүгін не үйрендік, әр оқушы бір-бір сөйлем жазу: «Бүгінгі сабақта ...»
Үйге тапсырма беру. Білімді бағалау
Мекен-жайы: Түркістан қ. А.Үсенов ауылы №22
Байланыс тел.: 8-701-145-89-61, 4-92-84
E-mail: tyr_ysenov @mail.ru.
ТҮЙІНДЕМЕ
Аты-жөні
|
Киякова Кулсара Балтабаевна
|
Ұлты:
|
Қазақ
|
Азаматтығы:
|
Қазақстан Республикасы
|
Өзі туралы мәлімет:
|
01.02.1961 жылы ОҚО, Түркістан қаласында туылдым.
Отбасылық жағдайы: тұрмыста
|
Мамандығы:
|
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
|
Білімі:
|
1984-1989 жж Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы пединституты
|
|
|
Педагогикалық өтілі:
|
34 жыл
|
Жоғары
|
Білім беру жүйесінде жеке тұлғаны рухани тұрғыдан қалыптастыру
|
|
Қызығушылықтары:
|
Кітап, газет-журнал оқу және деректі фильмдер мен жаңалықтар көру, интернет желісінде әлемдік ахуалды бақылау.
|
Білімі мен біліктілігін жетілдіруі:
|
2008 жылы «БиС» технологиясы курсынан өтті 2010 жылы ОҚО Әкімдігі білім басқармасынан « Білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы» МКҚК – 12 жылдық білім берудегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен біліктілігін арттыру курсынан өткен.
1912 жылы ОҚО педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша курстан өтті.
|
.
2010 жылы облыстық білім басқармасын « Алғыс хатымен»марапатталған 2011 ж авторлық бағдарламасы үшін ҚББ-нің «Мақтау қағазымен», 2011 ж Түркістан қаласы әкімінің «Құрмет грамотасы мен», 2012 ж қала Әкімінің «Алғыс хатымен», 2013 ж ҰБТ-дан жоғары көрсеткішке жеткені үшін қала Әкімінің «Үздік филолог» номинациясы бойынша дипломмен марапатталған
Достарыңызбен бөлісу: |