СабақТЫҢ жоспары тақырыбы: Scratch бағдарламасында дыбыс жазу Мақсаты



Дата02.03.2020
өлшемі27,11 Kb.
#59338
түріСабақ
Байланысты:
Шеберлік сағаттың ЖОСПАРЫ

Өткізген: Туяков Еркин Кайырбайулы

САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ


Тақырыбы:


Scratch бағдарламасында дыбыс жазу

Мақсаты:

-ойын ортасындағы программалау процедурасын қолдану.


-ойын ортасындағы программалау көріністерін өндеу және іске асыру.

Бағалау критерийі

Барлығы: ойын ортасындағы программалау компонеттерін қолдану және өндеу.

Көпшілігі: Scratch бағдарламасында ойынды дыбыстық әсерлермен сүйемелдеу.


Кейбіреуі: Scratch бағдарламасында ойынды кітапханамен іске асыру.

Күтілетін нәтиже:


  • Сабаққа қатысушы мұғалімдердің педагогикалық шеберліктері жоғарылайды;

  • Өзін-өзі және өзара бағалау туралы түсініктері қалыптасады, критериалды бағалаудың стратегияларын біледі;

  • Мұғалімдер оқу үдерісінде оқушылардың жетістіктерін жаңа жүйеде бағалайды.

Қатысушылар аудиториясы


қала информатика пәні мұғалімдері

Әдіс –тәсілдері:


Диалогтық алаң, мұғалімдер жұмыс

Ресурстар:

АКТ

Түйінді идеялар:

Спрайттар сіз беріп отырған пәрменді түсінеді және орындайды. Сіз құрастыратын өзара біріктірілген блоктар немесе блоктар «стектері» скрипттер деп аталады Спрайттар дыбыс шығара алады, бұл бағдарламаны қызықты етеді: мысалы, олар қуанышты немесе ренжулі дыбыс шығарады. Егер ойыныңызда зымыран сияқты спрайт бар болса, ол нысанаға тигенде немесе мүлт кеткенде түрлі дыбыс шығарта аласыз. Дыбыс қойындысындағы батырмалар спрайттар шығаратын түрлі дыбыстарды жасауға көмектеседі. Scratch-та сондай-ақ дыбыстық файлдарды редакциялауға мүмкіндік беретін құрал бар.

Қолданылатын модульдер мен әдіс-тәсілдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану; оқытуды басқару және көшбасшылық; топтық жұмыс; диалогтық оқыту.


САБАҚТЫ ӨТКІЗУ БАРЫСЫ


Жұмыс кезеңдері


Жұмыс мазмұны

Қатысушылардың іс-әректтері

Тақырыпты анықтау

(1 минут)

«Оркестр» бейнетаспасын көру



Бейнетаспаны мұқият көреді.


Миға шабуыл

( 4 минут)


«Scratch бағдарламалау жайлы не білесіз


Ашық және жабық сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыптың мәнін ашады.

Ой қозғау

(8 минут)

Түсіну,

Қолдану

«Scratch бағдарламасында

дыбыс қосу» тақырыбында ой бөліседі.

(Слайд көрсетіледі.)



Топтық жұмыс. Дыбыс қосу.

1.Идея ұсынып, сценарий құру ұсынылады.

2.Алгоритм ұсынылады.


Көрсетілген көрсетілімдер мен берілген ақпараттар төңірегінде пікір алмасады.

Scratch бағдарламасында өздерінің сценарийлеріне сәйкес жұмыс орындалады.

Өздерінің осы жұмыс барысында қандай қиыншылық немесе оңай болғанын баяндайды.



Жұмыс жасау қиын болды ма? Неліктен?

Бағалау

(2 минут)

Топтық бағалау. Топтар бір –бірлерін бағалайды

Топтар бағалайды

Оқушының жұмысы

(5 минут)

6Ә сынып оқушысы. Дакенов Қосдәулет мұалімдерге өзінің жасаған жұмысын көрсетеді.

Бағалайды.

Талдау

6 минут

Scratch бағдарламалау сізге түсінікті болды ма?

Қандай блоктарды қолдандық?



Пікірлерін айтады, талдайды
(өз ойларымен бөліседі)

Жинақтау

8 минут

«Қаржылық сауаттылық» Scratch бағдарламасында тақырыбында постер қорғау»

Постер құрады. Топ спикерлері шығып қорғайды

Өзін-өзі бағалауға арналған жаттығу

(3 минут)

Өзін-өзі бағалау.

Смайликтер салады

Қорытынды рефлексия

(4минут)

Сабақ бойынша кері байланыс алу.

Кері байланыс жазбаша түрде қалдырады.

Қорытынды

Бағалау жүйесінің негізгі мақсаты- білім сапасын арттыру болып табылады. Ал қазіргі заманғы білім сапасы дегеніміз ол білім алушының келешектегі өзінің әртүрлі жеке мәселелерін шешуге керекті, қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нәтижесі.



Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы біз:

  1. Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттау;

  2. Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу;

  3. Білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау;

  4. Әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға болады (Өздік жұмысы, күнделікті баға, үй жұмысы т.б);

  5. Құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы оқушының еңбегін анықтау;

  6. Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет