Тулендиева Эльмира Айтмолдаевна,
№47 балабақшасының қазақ тілі пәні мұғалімі
Алматы қаласы, Әуезов ауданы
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты: Балаларға қыс мезгілінің ерекшеліктерін «Үш тұғырлы тілді» пайдалана отырып, үйрету, өлеңдер,тақпақтар, мақал-мәтел, жұмбақтар арқылы білімдерін толықтыру, тіл мәдениетін жетілдіріп, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: интерактивтік тақтада қыс мезгілінің суреттері, слайдтар, сиқырлы қалам
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, үлестірмелі материалдар
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойындар
Сөздік жұмыс: қыс, суық, шана, шаңғы, коньки, аққала
Үш тілділік: қыс-зима-winte, суық-холодно-cold, шана-санки-sledg, шаңғы-лыжи-ski, коньки-коньки-skates, аққала-snowman
Оқу қызмет кезеңдері
|
Педагогтің қызметі
|
Балалардың қызметі
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Сәлемдесу.
Шаттық шеңбері.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырады қаламыз,
Жайнай түсті даламыз.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Қуанышты шеңберге қандай жақсы қол берген. Балалар бір-біріміздің қолымызды ұстап бүгінгі күнге жақсы тілектер тілейікші!
-Өте тамаша, қандай жақсы тілектер айттыңдар бір-біріңе.
|
Балалар шаттық шеңберінде өлеңді бірге қосылып айтып, сәлемдеседі.
-Аспанымыз ашық болсын!
-Қуаныш болсын!
-Күніміз сәтті болсын!
|
Ұйымдастыру-
шылық ізденушілік
|
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын:
Шанаман зырғып желетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
-Дұрыс айтасыңдар, қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?
-Қардың түсі қандай?
-Қыста неше ай бар? Ата
-Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?
-Иә дұрыс айтасыңдар, олай болса кәне дыбыстық жаттығулар жасайық.
-ыс-ыс-ыс- келіп жетті қыс
-ар-ар-ар-аппақ қар
Ық-ық-ық-күн суық
Сөздік ойын: «Қ» дыбысынан келетін қандай сөздерді білесің?
Ғажайып сәт: (желдің дауысы естіледі,
|
Балалар жұмбақты тыңдап, шешімін табады.
-Қыс мезгілі
-Күн суық болады. -Қар жауады
-Қар аппақ, суық.
-Қыста үш ай бар.
Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
-Қар атысу, шанамен сырғанаймыз, шаңғы, коньки тебеміз, аққала жасаймыз.
Балалар дыбыстық жаттығуларды қайталап айтады.
Қыс, қар, қоян, қасқыр, қияр, қырыққабат....
|
|
есік қағылады, аққала кіреді)
Аққала: Сәлеметсіңдер ме!
Мұғалім: -Балалар бізге қонаққа кім келді?
-Аққаланы ағылшынша қалай айтамыз?
Аққала: Балалар мен сендерге құр қол келген жоқпын, тапсырмалар әкелдім. Менің тапсырмаларымды орындауға дайынсыңдарма?
1-тапсырма. «Ойлан-тап: Жұмбақ жасыру.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. Ол не?
Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады.
Табаныма байладым
Қос таяқпен айдадым
Ол көңілді сайқымазақ емес,
Үш қабатты бірақ үй емес.
2-тапсырма: «Қыс туралы қандай тақпақ, өлең білесің?
-жарайсыңдар балалар
Мұғалім: жарайсыңдар балалар, аққала, балалармен сергіту жаттығуын жасағанға қалай қарайсыз.
Сергіту сәті:
Шынығамыз бәріміз,
Иіліп,бүгіліп денеміз
Хокейді де ойнаймыз,
Шаңғыны да тебеміз
Әрлі-берлі жол салып,
Қар лақтырып ойнаймыз.
Қорықпаймыз аяздан,
Спортшы болмай қоймаймыз.
3-тапсырма: «Сөйлем құрастыр»
Суреттер бойынша 2-3 сөзден тұратын сөйлемдер құрау.
-Жарайсыңдар балалар, қыста біз қандай еңбек түрлерімен айналысамыз?
4-тапсырма: «Мақал-мәтел білесіңбе? Үш тілде мақал-мәтел айту.
Ойын: «Қар жинау», «Аққала құрастыру».
5-тапсырма: «Ұйқасын тауып, тіл үйрен»
-Ал балалар, енді мына сөздерге қазақша,орысша,ағылшынша ұйқас тауып көріңдерші!
1.Үйірме-
Секіру-
2. Бала-
Саусақ-
3. Сладкий-
Твердый-қатты.
4.Горох-
Кукла-қуыршақ.
5.Мальчик-
Ойыншық-
6.Красный-
Плохой-
-Жарайсыңдар, өте жақсы.
Дидактикалық ойын: «Атын ата»
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
6-тапсырма: Қыс мезгіліндегі қандай мерекелерді білесің?
-Дұрыс айтасыңдар, олай болса аққалаға және апайларға осы мерекелерде жаттаған өлең, тақпақтарымызды айтып берейікші.
Аққала: Жарайсыңдар балалар, сендер өте тапқыр, өнерлі балалар екенсіңдер. Көп рахмет сендерге. Бала бақша ыстық екен, мен ыстықтап кеттім, еріп кетпей тұрғанда тезірек қайтайын, келесі кездешкенше қош Cау болыңдар! До свидание! Good bye!
|
-Аққала, снеговик
-snowman
-Иә, дайынбыз
-Қар, снег, snow
-Аяз, мороз,frost
-Шаңғы, лыжы, ski
Аққала, снеговик, snowman
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып-жылтыр боп жаттады.
Балалар жаттығуды қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.
Қыс келді. Қыс мезгілі суық. Қыста қар жауады.
Балалар шанаман сырғанайды. Шаңғы, коньки тебеді. Қардан аққала жасайды.
-Қыста қар күрейміз. Қар үйіп, сырғанақтар жасаймыз.
1.Ештен кеш жақсы
Лучше поздно,чем никогда.
Bette late, than never.
2.Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.
Не имей сто рублей, а имей сто друзей.
Having friends is better than having money.
3.Еңбексіз өнбек жоқ.
Без труда нет плода.
No pais, no gains.
4.Денсаулық – зор байлық.
Здоровье – дороже денег.
Good health is above wealth.
5.Білімі саяздың адымы тар.
Незнание приносит вред.
Little knowledge is dangerous thing.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Сөздердің ұйқасын табады.
-кружок,
-прыжок.
-мальчик,
-пальчик.
-тәтті,
-қатты.
-бұршақ,
-қуыршақ.
-boy
-toy.
-red
-bed.
Балалар таратылған суреттегі заттардың атын атап, сипаттайды.
-Президент күні.
-Тәуелсіздік күні.
-Жаңа жыл мерекесі.
Балалар мерекелерге арналған тақпақтарын айтады:
1.Отан деген – атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан- ана, Отан – үлкен,
Қазақстан туған ел!
2.Наш Казахстан- наш край родной,
Живем мы здесь большой семьей.
Здесь есть родные и друзья,
Учителя-дают нам знанья!
Хотим мы знать,читать, писать,
Ну и конечно поиграть!
Здесь садик милый мой большой,
47-й сад- мой дом родной!
3.Жаңа жыл, жаңа жыл!
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Жадырап бар бала жүр.
Балалар аққаламен үш тілде қоштасады.
|
Рефлексиялық- түзетушілік
|
-Балалар, бізге қонаққа кім келді?
-Аққаланы неден жасаймыз?
-Қыс мезгілінде тағы қандай ойындармен ойнаймыз.
-Қыста қандай мерекелер болады?
-Қыс мезгілі сендерге ұнайма?
Олай болса қыс мезгілінде болатын жаңа жыл мерекесіне арналған әнімізді орындайық.
Ән: «Жаңа жыл»
Балаларды мадақтап оқу қызметін қорыту.
|
-Аққала.
-Қардан
Шанамен сырғанаймыз, шаңғы, коньки тебеміз.
Мерекелерді атайды.
-Иә ұнайды.
Балалар әнді орындап, мұғаліммен қоштасады.
|
Күтілетін нәтиже:
Жаңғырта алады: қыс мезгілінің ерекшеліктерін ажыратады.
Түсінеді: өлең, тақпақтар, мақал-мәтел, жұмбақтарды үш тілде айтып, мазмұнын түсінеді.
Қолданады: қысқы ойындарды атап, сурет бойынша әңгімелей біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |