|
Сәби кезім, Бірге ойнайтын досымды
|
Дата | 04.07.2018 | өлшемі | 4,59 Mb. | | #46276 |
| - Алдымызға қанша сауал тосылды,
- Өмір бізді ерте үйретті биіне.
- Сәби кезім,
- Бірге ойнайтын досымды
- Ертіп бардым нағашымның үйіне,
- Сәбилік шақ-
- Сүттей аппақ кезең бұл
- Аңғал,бейқам,балбұлақтай сыңғырлы
- Досым «киіп көремін» деп әжемнің
- Аңдаусызда көзәйнегін сындырды.
- Енді қайттік? Амал-айла азайып,
- Құтылуға өткел іздеп тарықтық.
- Досым менің ұяң еді ғажайып,
- Әжем өте қатал еді жарықтық!
- -Бала мұнша бола ма екен мазасыз,
- Қане,қайсың көзәйнекті сындырған?-
- Деді әжеміз- Қалдырмаймын жазасыз.
- Сындырған кім? Алдыма кел, тұр жылдам!
- Енді қайттік? Кім ұсынбақ көмегін?
- Бұл қырсықтан құтқармақ боп досымды:
- -Мен сындырдым, кешіріңіз ... мен едім,-
- Дедім үнсіз төмен салып басымды.
- Бір ерекше дүлей мінез тосып ек,
- Шіркін, адам табиғаты-ай ,сан қырлы.
- Қанша ашулы болғанымен осы рет
- Әжем мені жазалаусыз қалдырды.
- Лезде қайта көтеріліп еңсеміз,
- Көңіліміздің айдынында күн жүзді.
- Сол сәтте інім сыбыр етті:
- «Сенбеңіз,
- Көзәйнекті қонақ бала сындырды».
- Әжем кенет ашу буып күйгелек,
- Ашу буып аң-таң болып қалды да:
- -Жүр бері, -деп құлағымнан сүйрелеп,
- Ертіп барды нағашымның алдына.
- «Қой ,бәйбіше ,дау тудырма бекерге
- Деп нағашым әңгімесін жалғады,-
- Айып па екен, өзін беріп қатерге,
- Ер жігіттің досын қорғап қалғаны.
- Достық деген ізгіліктің алаңы,
- Оған куә ғасырлар мен замандар.
- Отанын да сатып кете алады
- Қиын шақта досын сатқан адамдар!»
- Достық өлкесінің ережелері
- 1.Уәдеде тұру
- 2.Шындықты айту
- 3.Мейірімді болу
- 4.Түсіне білу
- 5.Кешірімді болу
- 6.Қалтқысыз сену
- 7.Қиналғанда көмектесу
- Достық өлкесінің ережелері:
- “Айнымас досы бар адам-
- ең бақытты адам”
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|