Сабақтың тақырыбы: Тілші.
Сабақтың мақсаты.
Білімділік. Жаңа тақырып арқылы мамандық туралы білімдерін кеңейту. Қыстырма сөздерді қайталап, күнделікті өмірде пайдалануға үйрету.
Дамытушылық. Сабақ барысында оқушылардың ойлау, көру қабілеттерін, ой- өрісін, танымдық қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік. Оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгештікке, адам еңбегін бағалай білуге үйрету, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Күтетін нәтиже: Оқушылардың мамандық туралы білімдері кеңейеді, оның адам өміріндегі маңыздылығын түсіне біледі.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Диалог, шығармашылық жұмыс, іздену, сұрақ – жауап, сын – тұрғысынан ойлау, қайталау, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнефильм, түрлі – түсті стикерлер, маркерлер, фатман, бағалау критериялары.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Тіл дамыту. Үш сын есім арқылы оқушылар бір – біріне өз лебіздерін білдіреді.
ІІІ. Жаңа білм беру. Бейнефильм арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды.
Сабақтың тақырыбын анықтаған соң, мақсатын қояды.
Мұғалімнің сөзі: Мамандық таңдау – өмірдегі ең маңызды оқиғалардың бірі. Бұл қаншама адамның тағдырын шешеді, болашағын бағдарлайды. Бүгінгі таңда мамандық таңдау оңай шаруа емес. Санаулы уақыттардан соң аяулы алтын ұя мектебімізбен қоштасқалы отырсыңдар, сендерге сан алуан мамандықтар әлемі қол бұлғап, әр қиырына шақырғандай болады. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басатын түлектердің алдында мыңдаған мамандықтың лайықтысын таңдау міндеті тұрады. Сондықтан біз бүгін тілші мамандығымен танысамыз.
ІV. Топпен жұмыс. Бүгін сабақта өз жұмыстарынды мынадай критерия арқылы бағалайсыңдар.
Критериялар
|
Дискрипторлар
|
3б
|
2б
|
1б
|
Құрастырған әңгімелер10 сөйлемнен кем болмау керек
|
Әңгімелер мазмұны жүйелі түрде баяндалсын, стильдік және мәнерлік бірлігі сақталсын.
|
Әңгімелер мазмұны тақырыпқа сай келсе, бірақ ой жүйесінде ауытқулар байқалса.
|
Әңгіменің жүйелілігі әжептәуір бұзылса, сөз орынсыз пайдаланса.
|
Әңгіме құрстырғанда қыстырма сөздердер болуға тиісті.
|
Әңгімеде сөз байлығымен, сөздің қолдануымен, синтаксис құрылымдардың әртүрлігімен ерекше болу керек.
|
Лексика және грамматика тіл құрылысы әр түрлі болса.
|
Сөз байлығы өте нашар, бір типті қолданса.
|
Әңгіме құрстырғанда мақал – мәтелдерді пайдалану, қосымша матеиалдарды пайдалану.
|
Әңгіме тілі бай, әдеби нормаларға сай болса, мақал – мәтелдер орынды қолданып, қосымша матеиалдарды пайдаланып, күнделікті өмірмен байланысты болса.
|
Әңгіме тілі бай, әдеби нормаларға сай болса, бірақ ой жүйесі аздап бұзылғандығы байқалса.
|
Тіл байлығы жұтаң болса, мақал – мәтелдер орынды қолданылмаса.
|
«5» - 8-9 балл
«4» - 6-7 балл
«3» - 4-6 бал
|
|
|
|
1-топ. «Тілші – қызықты мамандық»
2-топ. « Тілші болу қиын»
3-топ. « Тілші жауапты мамандық»
Топтар 5 минуттың арасында өз тақырыптарын қорғайды.
V. Бекіту. Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін тексеру үшін бір – бірінен өз қалаған тақырып бойынша қыстырма сөздерді пайдаланып сұхбат алуды ұсыну.
VІ. Қорытынды. «Жеткізген халыққа жаңалық, тілші деген өте ғажап мамандық» атты тақырыбы боынша эссе жазыңдар.
«Ыстық үстел» ойыны арқылы сабақты қорытындаймыз. Оқушылар үстелге отырып, өз эсселерін ортаға салады.
Бүгінгі сабақты халқымыздың көрнекті жазушысы Жүсіпбек Аймауытовтың сөзімен аяқтағым келеді: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.»
VІІ. Үйге тапсырма.
ІІІ деңгей
Мәтінді оқып, 5 сұрақ құрыстырыңдар.
Тілші
Заман талабына сай болашақта білімді де, білікті, ұтқыр ойлы тілші болғым келеді. Меніңше, тілші болу – өз арманыңды жазу емес, я болмаса еріккеннің ермегі емес. Шынында, тілші болу – халқыңның жағдайын ойлау, Отаныңды жырлау. Егер де мен тілші болсам, еліміздің келешегі, үміт артқан болашақтары-жастар мәселелерін көтерер едім. Олардың өмір жайлы пікірлері, келешекке деген көзқарастары, арман – тілектері мен адамгершілік сезімдері жайлы жазар ем.
Берілген мәтіннен қыстырма сөздерді теріп, түрлерін анықтаңдар.
ІІ деңгей
Берілген сөйлемдерді жалғастырыңдар.
Тілші жоғары табыстарға жету үшін, ... .
Тілші мақсатына жету үшін, ... .
Тілші білді болу үшін ... .
Берілген «Тілші» тақырыбы бойынша презентация жасаңдар.
І деңгей
«Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», -Абай атамыздың сөзі бойынша қыстырма сөздерді қолданып, эссе жазыңдар.
VІІІ. Бағалау парақшасы арқылы балдарын санап баға қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |