Ашық сабақтың жоспары
Топ: Пк-11
Күні: 25.11.2015 ж.
Оқытушы: Бегимбаева А.У.
Пән: Математика
Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері және графигі
Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға жаңа тақырыпты меңгеру бойынша бағыт бере отырып, өздіктерінен тақырыпты игеруі, алған білімдерін жинақтау, жүйелеу, бекіту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: тригонометриялық функциялардың қасиеттерін пайдалана отырып, есептер шығару, тригонометриялық функциялардың графиктерін тұрғызу;
Дамытушылық: білім алушылардың логикалық ойлау қабілеттері мен дағдыларын жетілдіру, пәнге қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелік: білім алушыларды оқуға, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу; бір-бірінің ой-пікірлерін тыңдай білуге, сыйлауға баулу.
Сабақ түрі: жаңа білімді игеру сабағы
Әдістері: сұрақ-жауап, ойын арқылы, топтық жұмыс
Сабақ жабдығы: интерактивті тақта, слайд, флипчарт, интернет желісі, мобильді телефон
Пәнаралық байланыс: физика, информатика, ағылшын тілі, орыс тілі
Сабақтың құрылымдық-логикалық сұлбасы мен хронологиялық картасы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.1 Білім алушылармен сәлемдесу, түгендеу
ІІ. Өткен материалды қайталау
«Миға шабуыл» (сұрақ-жауап)
«Математикалық домино» (формулалардың жалғасын табу)
ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру
3.1 Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау («Ой қозғау» топтастыру стратегиясы)
3.2 y=sinx функциясы, қасиеттері және графигі
3.3 y=cosx функциясы, қасиеттері және графигі
3.4 y=tgx функциясы, қасиеттері және графигі
3.5 y=ctgx функциясы, қасиеттері және графигі
3.6 «Кім жүйрік?» ойыны
ІV. Жаңа сабақты бекіту
4.1 Kahoot-пен жұмыс
4.2 Оқулықпен жұмыс
V. Сабақты қорытындылау
5.1 Білім алушыларды бағалау
5.2 Рефлексия
VI. Үй тапсырмасын беру
№
|
Сабақтың кезеңі мен іс-әрекеттің мазмұны
|
Әдістемелік пікірлер
|
1
2
|
Ұйымдастыру:
Білім алушылармен сәлемдесу, түгендеу. Топтарды таныстыру
Өткен материалды қайталау
І. Миға шабуыл
1. «Тригонометрия» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
2. «Үшбұрыш» сөзінің орысша және ағылшынша
Аудармасы қандай?
3. Функция дегеніміз не?
4. Қандай тригонометриялық функцияларды білесіңдер?
5. α бұрышының синусы дегеніміз не?
6. α бұрышының косинусы дегеніміз не?
7. α бұрышының тангенсі дегеніміз не?
8. α бұрышының котангенсі дегеніміз не?
ІІ. «Математикалық домино» ойыны (формулалардың жалғасын табу)
|
Достарыңызбен бөлісу: |