Талдықорған қаласы, № 4 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Куленова Бибигуль Болатхановна
Пән:Әдебиеттік оқу 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ту тіккен Рақымжан.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Рақымжан Қошқарбаев туралы айта келіп,Ұлы Отан соғысындағы рейхстагқа ту тігілген жайлы айту, сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; батылдыққа , Отанын сүйюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, тірек сөздер.
Әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, БжС технологиясы.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
1 Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін дей отырып, бір –бірімізден жылы, жақсы тілектерді аямайық.
Топқа бөлу : кәмпиттің түріне қарай 3 топқа бөлу , өміріміз осы кәмпиттей тәтті, заманымыз тыныш, бейбітшілік болсын
Топтың көшбасшысын сайлау , бағалау парақтарын үлестіру ,
Өрмекші торы әдісі бойынша :
Өткен сабақ тақырыбы бойынша ерсілі - қарсылы сұрақ қою. ООМ бойынша материалды бекіту үшін тексеру жүргізіледі
1. Қажымұқан жайлы не білесің?
2. Халық қайда жиналды? ипподромға
3. Трибуна алдына не жайылды.? Кілем
4. Алаңға кімдер келді? Түрік солдаттары.
5. Төреші алаңға кімді алып келді? Мұқанды.
6. Трибунадағы халық қалай айқайлады?
7. Аренаға қандай балуан шықты? Нұрлы.
8. Нұрлы қай балуанның орнын басып еді? Қара Ахметтің.
9. Балуандар күреске қандай киіммен шықты? шапан
10. Екі балуанның сыртқы бейнесі қандай?
11. Олар бірі – біріне қалай қарады?
12. Түрік салты бойынша балуандар күреске қалай шығады?
13. Күрес барысында Нұрлының қандай екені көрінді? Салмағы басым.
14 Нұрлы қалай күш көрсеткісі келді? Күшінің басым екенін сездіргісі келді.
15. Мұқанның тәсілі қандай? Титықтатып, шаршату.
16. Нұрлы неге шаршап қалды? Бірден шабуыл жасады.
17. Мұқан түрік балуанын қалай құлатты?
18. Түрік балуанын қандай дәрежеге жеткізді? Қара терге түсті.
19. Жерде тұра алмаса да Нұрлы қандай әрекет жасады?
20. Мұқан Нұрлының жауырынын жерге қалай тигізді? көтеріп алып ұрды.
21. Оны қалай орындады? Фото суретке түсіріп алатындай етіп,
22. Мұқан еліне қалай оралды?
23. Күрес қай жерде болды?
24. Ұлы Отан соғысы кезінде Қажымұқан балуан майданға өз қаражатымен жасалған не жіберіпті?