Ұйымдастыру
Жаңа тақырыпқа қадам
7 минут
|
1.Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру:
«Жүректен-жүрекке» тренингі.
2.Ой салу әдісі. Сұрақтар мен суреттерге назар аударта отырып, оқушыларға сабақтың тақырыбын, мақсатын болжату.
Оқушылар назарына ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының суреттері ұсынылып келесі сұрақтар қойылады:
1. Бұл суретте қандай зиялылар бейнеленген?
2. Бұл адамдарды не біріктіруі мүмкін;
3. Бұл тұлғалардың қазақ халқының тарихында алатын орны қандай деп ойлайсыз?
3.А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын ескеру.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: XX ғ. басындағы қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдері.
Бүгінгі сабақта білетініміз: 8.1.2.1 – қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау.
ЕББҚ: суреттер, жетекші сұрақтарға жауап беру.
|
1.Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, орындарына отырады.
2.Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу.
3.Осы тақырыпқа сүйене отырып оқушылар сабақтың мақсатын болжайды.
|
Мұғалімнің бағалауы
«Мадақтау»
|
Слайд №1
Слайд №2
Слайд №3 Слайд №4 Слайд №5
Слайд №7
Слайд №8
|