Сабақтың тақырыбы: Зат есім. Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет1/10
Дата15.09.2017
өлшемі3,23 Mb.
#32691
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Кулбаева Құралай Аймырзақызы

бастауыш сынып мұғалімі.

Тамды орта мектебі.

Алға ауданы. Ақтөбе облысы.

Сабақтың тақырыбы: Зат есім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Зат есімнің сөйлеу процесінде ерекше орын алатынын ұғындыру, зат есімнің сөз табы ретінде атқаратын рөлі мен мәнін ашу.

Дамытушылық: Дұрыс сөйлем құра білуге, алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге үйрету. Тілін сөзін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Слайдтар, «Кестелер жинағы», «Дидактикалық материалдар», кеспелер.

Сабақтың барысы:

І Психологиялық дайындық. Оқушылар зейінін сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Сөз таптарына нелер жатады? Әр тобының сұрақтарын айту. 5 жаттығу 129 бет. Өлеңді көшіріп жаз. Сын есімдердің астын сыз.

Ақ, көк, сары көбелек,

Көріктісің керемет.

Қуа – қуа шаршадым,

Жеткізбейсің не керек.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Зат есімсіз бір де бір сөйлем құрылмайды. Зат есім ең жиі қолданылатын сөз табы. Сөйлеу процесінде ерекше орын алады. Заттың атын білдіретін сөздерді сөз табы деп атаймыз. Зат есімдердің сұрақтары:

Кім? Кімдер? Не? Нелер?

  1. Суретпен жұмыс.

Суреттегі кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді ата. Қыз, бала, балапат, тал, күн, аспан, су.

  1. Оқулықпен жұмыс.

Сөздерді оқып, кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жаз.

Ұшқыш алмұрт

Суретші қызғалдақ

Әке қайшы

  1. Сергіту минуттары

Айналамыз ақша қар

Аққала ойнар балалар

Кел балалар ойнайық

Біз шынығып алайық

  1. Кеспемен жұмыс

1 Сөйлемді жазып зат есімді тауып астын сыз.

Айгүл домбыра үйренді .

2 Орманда биік ағаш өседі.

3 Оқушылар серуенге шықты.

4 Аспанда көгершін ұшып жүр.



  1. Дәптермен жұмыс

  1. Берілген сөздердің қатесін тауып кім? Сұрағына жауап беретін сөзді бір жолға, не? сұрағына жауап беретін сөздерді екінші жолға жаз. Алмұрт, диқан, егінші, қарбыз, қауын, бидай, бағбан.

  1. «Жалғастыр» ойыны. Топтық жұмыс

І топ. С әрпінен келетін зат есімдерді ата.

ІІ топ. К әрпінен келетін зат есімдерді ата.

ІІІ топ. О әрпінен келетін зат есімдерді ата.

  1. Сабақты қорытындылау.

Зат есім дегеніміз не?

Зат есімнің сұрақтарын айт.

Бүгінгі сабақтағы қандай жұмыс түрі ұнады?

  1. Үйге 5 жаттығу 131 бет.

Ереже

  1. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Ана тілім – асыл қазынам!

Сабақ мақсаты: Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуына байланысты, оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру. Қазақстанның мемлекеттік тіліне деген қызығушылығын арттыру елін, жерін, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мақал – мәтелдер. Қазақстан туралы буклет. Нақыл сөздер.

Барысы:

Тілден артық қазына жоқ.

Тілден артық қасиет жоқ. (Н. Ә. Назарбаев)

1 жүргізуші: Қазақстан Республикасының Конституцисында «Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» деп жазылған.

2 жүргізуші: Қазақстан Республикасының алғашқы Тіл туралы заңы 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды. Біздің елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері қазақ тілін оқып үйренуде. Қазақ тілін үйреніп жүрген шетел азаматтары да аз емес.

Мұғалім: Қазақ тілі түрлі тектес тілдерге, соның ішінде қыпшақ тобындағы тілге жатады. Түркі тілдес халықтар: қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, қарақалпақ, татар, башқұрт, әзербайжан, тува, хақас, алтай, құмық жатады. Жер шарының бірсыпыра жерінде көптеген қазақтар тұрады. Басқа шетелдерде тұратын қазақтар да өз тілін ана тілім деп есептейді. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі.

1 – оқушы: Ана тілі – бар білімнің қайнары,

Аталардың өсиеті пайдалы.

Алақаны мейірімді ананың,

Ұстазыңның жарқын жүзі – жайдары.

2 – оқушы: Ана тілім – тастамайтын әліппем,

Болғаным жоқ әріптерін танып мен.

Өз тілімді жақсы көру арқылы,

Достасамын барлық жақсы халықпен.

3 – оқушы: Ең бірінші бақытым – тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедің.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

4 – оқушы: Сүйемін туған тілді – анам тілін

Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Мұғалім: Оқушылар енді оқу, білім, тіл, өнер туралы мақал – мәтелдер айтамыз.

  1. Білім кілті – тіл

  2. Жеті жұрттық тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

  1. Тіл көңілдің кілті

  2. Өнер алды – қызыл тіл

  3. Өнер – таусылмас азық.

Жұтамас байлық.

  1. Ана сүті бой өсіреді,

Ана тілі ой өсіреді.

  1. Тіл қылыштан өткір.

5 – оқушы: Сол тілімнен үйрендім нәрсе аттарын,

Сол тілімнен әдетті мен жаттадым.

Ең бірінші сол тілімнен сыртқа шықты,

Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.

Тіл туралы барлық адамдар айтқан. Енді ұлы адамдардың тіл туралы айтқан нақыл сөздерін оқиық.

Б. Момышұлы: Тіл дегеніміз – қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры:

М. Қашқари: «Игі істің басы – тіл,

Тәрбие басы - тіл»

М. Әуезов: «Ана тілін білмейтін адам, мәдениетті адам санатына қосылмайды»

1 жүргізуші: Ана тіліне тағзым.

Ана тілі – біздің туған анамыз.

Анамыздай сыйлап бағып – қағамыз.

Ана тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе,

Анасынан безген ұл деп санаңыз.

2 жүргізуші: Ана тілім!

Дана тілім – бақ тілім.

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсіз менің қасіретті шаттығым.

Сенсіз менің тазалығым, пәктігім.

ІІІ Қорытындылау

  1. Бекіту сұрақтары:

А) Сендердің ана тілдерің қай тіл?

Ә) Қандай атақты адамдарды білесіңдер?

Б) Мақал мәтел айту.

Үйге тақпақ жаттау.

Тақырыбы: Брейнг – ринг.

Мақсаты: Оқушылардың білімін тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту. Ұйымшылдыққа, жеңімпаз, озық болуға тәрбиелеу. Сұраққа жауап бере білу қабілетін шыңдау. Бәсекелестік қарым – қатынасқа үйрету.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет