Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Құркелес елді мекені М.Мақатаев атындағы №38 жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Асилова Куланда
Пәннің аты: ана тілі 1сынып
|
|
Кабинет: математика
|
Мұғалім:Асилова К
|
Сабақтың тақырыбы
|
Заттың атын білдіретін сөздер. Жазғытұрым
|
Сабақтың мақсаты
|
а)Кім?Не?сұрақтарына жауап беретін сөздерді ажырата білу. І.Жансүгіровтың өмірбаяны мен өлеңдерімен
таныстыру.Жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейту.
ә) Сөйлеу тілдерін дамыту.Сөздік қорын, есте сақтау
қабілеттерін дамыту.
б) Кішіпейілділікке,инабаттылыққа баулу. Тазалыққа,ұқыптылыққа, әдемі жазуға тәрбиелеу.
Сөз таптарымен танысады.Зат есімнің сұрақтарын ажырата алады.Заттарды атымен атайды.Топтық жұмысқа бейімделеді.Өзіндік ой тұжырым жасай алады.
Аралас сабақ
оқулық, І.Жангүровтың суреті,көктем мезгілінің суреті,қима қағаздар,Қазақстан картасы,интер белсенді тақта, маркер мен стикерлер.
Тренинг, сұрақ қою,жауап алу, топтық.
|
Күтілетін нәтиже
Сабақтың түрі
Ресурстар
Пайдаланылатын әдіс –
тәсілдер
|
Психологиялық ахуал
|
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен.
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:81-жаттығуды тексеру Тәуелсіздік нышандары не?Рәміздерге сипаттама беру.Рәміздерге байланысты өлеңдер оқу. Әнұранды жатқа сұрау
Ережелерді жатқа сұрау
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Тест сұрақтары
арқылы білімдерін тексеру.
IV. Мақсат қою кезеңі:Біз бүгін «Заттың атын білдіретін сөздермен» танысамыз.Оларға қандай сұрақтар қойылатынын білеміз.І.Жансүгіров туралы мағлұмат алып, өлеңімен танысамыз.
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Жаңа сабақ
|
V. Жаңа сабақ:Заттың атын білдіретін сөздер туралы түсінік беру.
Балалар назарын сынып бөлмесіндегі заттарға аудару.Бөлмемізде не бар?Бөлмеде кім бар?Заттың атын білдіретін сөздерге кім?не? сұрақтары қойылады.Жанды заттарға мысалы: адамдарға кім? Жансыз заттарға не? деген сұрақтар қойылады
.Оқулықпен жұмыс.
82-жаттығу Сөздерді оқу.Әрқайсысына ауызша сұрақ қойғызу.
Аю-не? Бүркіт-не? Сүт-не?Өзен-не? Тігінші-кім? Ұшқыш-кім?
Бұлтты айдап желдеткен,
Нөсерлетіп селдеткен.
Жаңбырлатып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?(Көктем )
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі екен?-Көктем.
-Көктем айларын кім атайды?
-Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?-Төртке.
Демек, жыл мезгілдері сияқты мен де сендерді төрт топқа бөлдім.
Көктем,жаз,күз,қыс –топтары деп.
83-жаттығу Суретпен жұмыс.Суретке қарап кім?не?сұрақтарына жауап беретін сөздерді Венн диаграммасына жазу.Кім?-бала,Әсем,Асқар Не?-жиде,шалбар .....
Мәтінмен жұмыс.1.Көктем суретіне қарап сұраққа жауап алу.-Жылдың қай мезгілі?-Күн қандай?КӨктемде қандай өзгерістерді байқадыңдар?
2.Көктем туралы мәтін құрастыру.
Көктем келді.Күн жылынды.Қар еріді.Сай саладан су ақты.Жер балшық болды.Ағаштар бүршік атты.Балалар далада ойнайтын болды.
Дәптермен жұмыс.Көркем жазу К к – әрпін екі қатар көркем етіп жазу.Дыбыстық талдау жасау.Көктем мәтінін дәптерге жаздыру
Көктем келді.Күн жылына бастады.Қар еріп,жылғалардан су аға бастады.Ағаштар бүршік атып жатыр.
|
Сергіту сәті
|
«Көктем келді»әуенімен қимыл қозғалыстар жасату арқылы сергіту.
|
Ой сергітеді,шаршағандары
басылады
|
Ой толғаныс
|
І.Жансүгіровтың суретін көрсетіп, өмірбаяны туралы мағлұмат беру, мазмұнын түсіндіру»Жазғытұрым»өлеңді өз бетінше оқыту.Дауыстап оқыту.Өлеңді талдау
-Не соқты?-Жел соқты.
Не ақты? –Су ақты.
Не келді?-Қаз келді.
Не желкілдейді?-Көк майса.
VI.Жаңа материалды пысықтау:Сөздік диктант. Кім?не? сұрақтары бойынша екі бағанға бөлініп жазғызу.
VII.Бекіту кезеңі:«Гүл теру» ойынын ойнату арқылы оқушылардың білімін бекіту
|
Үйге тапсырма
|
«Жазғұтырым» өлеңін жаттап келу. 84-жаттығу
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Смаиликтер арқылы топ басшылары бағалап отырады
|
Кері байланыс
|
Сабаққа рефлексия жасап,стикерге жазып,тақтаға жапсырады
|
Тілек ағашы арқылы
сабаққа өз ойларын білдіреді
|
Пәннің аты:ана тілі
|
|
Кабинет:
|
Мұғалім Асилова.К
|
Сабақтың атауы
|
Заттың атын білдіретін сөздер.Құстарым, келіңдер
|
Мақсаты
|
Қ.Ыдырысовтың өлеңімен таныстыру ә)Мамандықты білдіретін сөздерге дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. Ойлау, сөйлеу тілдерін дамыту.Сөздік қорларын молайту. Тазалыққа,ұқыптылыққа, әдептілікке , адамгершілікке тәрбиелеу.
Оқушылар жыл мезгілдерін ажырата алады.Құстардың тіршілігінен мағлұмат алады.Кім?Кімдер?Не?Нелер?сұраұқтарына жауап беретін сөздерді ажырата алады.Құстарға деген қамқорлығы артады.Мәнерлеп оқу дағдысы қалыптасады.
Аралас сабақ
Оқулық Атамұра-2012
АКТ,суреттер
Диалог,топтастыру , түсіндіру, әңгімелеу, ойын
|
Күтілетін нәтиже
Сабақтың түрі
Ресурстар
Пайдаланатын әдіс тәсілдер
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,бір-біріне жақсы тілектерін білдіре отырып,гүл шоқтарын сыйлайды. Бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:84-жаттығуды тексеру.Заттың атын білдіретін сөздер
туралы сұрау. «Жазғытұрым» өлеңін жатқа сұрау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Үлестірмелі карточкалар таратып, тапсырмаларды орындатып, сұрақтарға жауап беріп білімдерін тексеру.
IV. Мақсат қою кезеңі:Біз бүгін Заттың атын білдіретін сөздер туралы түсініктерімізді кеңейту мақсатында жаттығулар орындаймыз.Қ.Ыдырысов туралы мағлұмат алып, өлеңімен танысамыз.
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Жаңа сабақ
|
V. Жаңа сабақ:Тал басында
Түндіксіз отау ( ұя)
Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі-құстар.Халық ежелден- ақ
құстарға әуес,оларға дегенсүйіспеншілігін шексіз дәріптеп,ең жақсы
қөретін адамды құсқа теңеу арқылы өз ықыласын көпке аян етеді.Халық өз ортасынан шыққан саңылақ ұлдарын сұңқарға теңесе,төгілте ән шырқайтын әншілерін-бұлбұлға,ел үшін Отан үшін жанын қиятын батырларын –қыранға,елден асқан сұлуды-аққуға теңейді.
Құс-Көктем жаршысы.Жер бетінде 8600-ге жуық құстардың түрі бар.Біздің Республикамызда474құстың түрі бар.
Дәптермен жұмыс.
85-жаттығу. Төмендегі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жаздыру.Не? сұрағына жауап беретін сөздерді табыңдар.
Көрікті көктем келді.Қар ери бастады.Жылы жел соқты.
|
Сергіту сәті
|
Қарлығашқа ұқсайық,
Қане, қанат жазайық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып-ұшып,алайық.
|
Ой сергітеді,шаршағандары
басылады
|
Ой толғаныс
|
86-жаттығу.Түсініп оқыту .Кімнің ата-анасы кім болып жұмыс жасайды?Мамандықтар туралы әңгімелейді.1топ жазады,2топ мамандық иелерінің астын сызады,3топ сол сөздерге сұрақ қояды.4топ ережесімен қорытады.
Әдеби мәтін тапсырмасымен жұмыс жүргізу .Қ.Ыдырысовтың өлеңін оқып беру, түсіндіру. Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Постер қорғайды.
1топ Кім?сұрақына жауап беретін сөздерді жазады.2топ Не?сұрағына,3топ Кімдер? 4топ Нелер?сұрағына жауап беретін сөздерді жазады,қорғайды.
VI.Жаңа материалды пысықтау:. Кім? Кімдер? Не? Нелер? Сұрақтары бойынша суреттерді орындарына жайғастыру.
|
|
Үйге тапсырма
|
Келіңдер құстар өлеңін жаттау
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Топ басшылары топ мүшелерін смаиликтер арқылы бағалайды.
|
Кері байланыс
|
|
|
Тілек ағашына өз ойларын жазады.
|
Пәннің аты:Ана тілі 1сынып
|
Уақыты:15.05.2015
|
Кабинет:математика
|
Мұғалім Асилова К
|
Сабақтың атауы
|
Сауысқан мен көкек. Жұмбақ.
|
Мақсаты
|
а) Оқушылардың заттың атын білдіретін сөздер туралы
түсініктерін кеңейту мақсатында жаттығулар орындату.
Ертегімен таныстыру.Жұмбақ шеше білуге үйрету.
ә) Оқу жылдамдықтарын арттыру.Сөйлеу тілдерін дамыту,
сөздік қорларын молайту
б) Достыққа, көмек көрсете білуге, қамқорлыққа, әдемі жазуға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: оқулық, сауысқан мен көкектің суреті, кесте.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, ойын
|
Күтілетін нәтиже
|
+Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау: 1.«Құстарым,келіңдер» өлеңін жатқа сұрау.
2.Ережелерді қайталап өту.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Өткен тақырыптар бойынша шағын толықтыру кестесін алу.Мыс: сөйлемдегі нүктелердің орнына қандай заттың атын білдіретінін сөз қоюға болады?
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Жаңа сабақ
|
IV. Мақсат қою кезеңі:-Біз бүгін сендермен «Ертегі» деген жаңа ұғыммен танысып, «Сауысқан мен көкек» ертегісін оқимыз.Заттың атын білдіретін сөздер тақырыбы бойынша жаттығу жұмыстарын орындаймыз.
V. Жаңа сабақ: Заттың атын білдіретін сөздер туралы түсініктерін еске түсіре отырып жаттығулар орындау.
87-жаттығу. Сөйлемдерді оқыту.Осы сөйлемдердің ішінен кім? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазғызу.Айжан, Мұрат, Серік, Мақсұт.
Әдеби мәтін тақырыбы бойынша бізге «Сауысқан мен көкек» ертегісі беріліпті.
Ертегі дегеніміз адамдардың ой-қиялынан туған шығарма.
Ертегінің түрлері өте көп.Солардың ішінен бүгін біз құстар туралы ертегімен таныс боламыз.Сауысқан мен көкектің суретін көрсетіп, таныстырамын. Ертегіні мәнерлеп оқып шығу,мазмұнын әңгімелеп беру.Ертегіні кезекпен оқыту.Түсінгендерін тексеру.
Жаңа сабақты пысықтау мақсатында постер қорғату.
Тапсырма:1топ Ертегінің мазмұнын айтып беру.
2топЕртегіні ролдерге бөлу.
3топ Құстарға байланысты тыйым сөздер.
4топ Ертегі мазмұнына сай сурет салу
|
Сергіту сәті
|
Музыка ырғағымен
қимыл қозғалыс жасайды
|
Ой сергітеді,шаршағандары
басылады
|
Ой толғаныс
|
Сауысқанның көкекке ұя салуға ұсыныс жасау себебі не?
Көкектің қандай ойы болды?
Сауысқан ұяны қалай салды?
Көкек қандай құс екен? Сауысқанның ұя салу әдісін ертегіден тауып оқыту.
Ал енді балалар, мына жұмбақтағы сөздер осы құстардың қайсысына ұқсайды екен?
Жұмбақ.
Қайталап атымды Кез келген ұяға.
Ән салып аламын. Жұмыртқа саламын (көкек)
VI.Жаңа материалды пысықтау: Ертегі дегеніміз не?- Біз қандай ертегімен таныстық?Ертегіден біз не үйрендік?
|
Үйге тапсырма
|
88-жаттығу Ертегіні оқу
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Топ басшылары топ мүшелерін смаиликтер арқылы бағалап отырады.
|
Кері байланыс
|
|
Сикерге өз ойын жазады,тілек ағашына жапсырады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |