Ақтөбе « Қалалық ПМПК» КММ жанынан ашылған
қысқа мерзімді топтардың музыка жетекшісі
Аетова Айгуль Болатбековна
Сабақтың тақырыбы: Театр әлеміне саяхат
Мақсаты: Театрланған өнерді қолдану арқылы, балалрдың есту, тыңдау, эмоциялық қабілеттерін дамыту.Театр терминдерімен таныстыру.Балаларды музыка тыңдауға, оның көркемдік ерекшеліктерін кеңейту.Театр туралы түсініктерін кеңейту. Әдептілікке, мәдениетілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : топтық
Әдіс-тәсілі: Түзету, түсіндіру, көрсету, жаттығу жасау, аспапта ойнау, би билеу, қойылым.
Көрнекті құралдар: «Үш құрбы» шығармасының суреті, қуыршақтың бас киімдері, балапан, түлкі, қоян,аюдың маскалары, қасықтар, таяқшалары.
Қажетті құрал-жабдықтар: Үн таспа, интерактивтік тақта, мультимедиа, синтезатор, үшбұрыш,қоңыраулары, металлафон аспаптары.
Музыкалық сүйемелдеу: А.Серикованың «Көңілді паровоз» әні, Д.Ковалевский «Үш құрбы», Д.Шостакович «Вальс шутка»
Сабақтың барысы
Балаларды көңілді әуенмен қарсы алу.
Музыка жетекшісі: Сә-ле-мет-сің-дер-ме, ба-ла-лар! Немесе До-ре-ми-фа-соль-ля-си
Балалар: Сә-ле-мет-сіз-бе! Фа-фа-ми-ре-до
Музыка жетекшісі: -Балалар, мен сендерді бүгін театр әлеміне саяхатқа шақырғым келіп отыр.Бұл саяхатымызда сендерді небір қызықтар күтуде. Олай болса саяхатымызға шықпас бұрын, мен сендерге мынадый сұрақтар қойғым келіп отыр.-Қәне кім айтады? Театр дегеніміз не?
Балалар: Театр бұл көптеген спектакль, ертегілер қойылатын жер.
Музыка жетекшісі: Ал сол ертегі, спектакльдердегі рөльдерде ойнайтын адамдарды біз қалай атаймыз?
Балалар: Әртістер
Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар,ендеше бүгінгі саяхатқа көңілді поездбен аттанамыз.
Ән «Көңілді поровоз» Музыка жетекшісі: -Қәне балалар паровоздан түсейік.Көңілді поровоз бізді қайда әкелгенін қарайық.
Мимика станциясы. Музыка жетекшісі: Балалар мына суреттерге көз жүгіртейік, балалардың бет әлпетіне көңіл аударайық.Адамның түр-әлпеті (мимикасы) - біздің көңіл күйімізді білдіреді.Әр адамның көңіл күйі әр түрлі болады екен.Ал қазір мен сендерге әртүрлі көңіл-күйлерді айтамын, ал сендер маған сол көңіл-күйлерді айтамын, ал сендер маған сол көңіл-күйлерді мимика арқылы көрсетіп бересіндер.
Бір нәрсені бүлдіріп алған баланың кейпін көрсетіндер
Апайы театрға апармай тастап кеткен баланы көрсетіндер
Армандап жүрген ойыншығына қолын жеткізген баланы көрсетіндер
Әрине бұл құбылыстың барлығы мимика деп аталады.
Балалар мен сіздерге «Үш құрбы» атты шығарма тыңдатқызам.Бұл шығармада үш құрбының мінез-құлқы сипатталған.Сендер сол шығарманы тыңдап, қай әуен қай қыздың мінезіне келетінін айтып бересіңдер.
Музыка жетекшісі: Үш көңіл күйді білдіретін суреттер көрсетеді.
Жабырқаулы қыз
Көңілді қыз
Ашуланшақ қыз
Ендеше осы көңіл күйлерді ажырату үшін бізге музыка көмектеседі.
Яғни музыка және мимика.Ендеше қуыршақтың кейпіне енейік, басымызға түрлі қуыршақтардың бас киімін киеміз.
Би «Қуыршақтар»
Музыка жетекшісі: Ал балалар поровозға мініп саяхатымызды одан артық жалғастырайық.(паровоз музыкасымен бір айналып шығады)
Ырғақ станциясына келдік Музыка жетекшісі:Балалар ырғақ станциясында ырғаққа еріп қимыл жасаймыз.Біздер қасықпен тамақ ішіп қоймай,онымен музыка ырғағында сала аламыз.Ендеше мына қасықтарды алып ырғаққа еріп соғып көрейік.
Ойын «Ырғақты тап» (қасықтармен әр түрлі қағыстарды ойнап көрсету, балалар қайталап ойнайды) Сурет көрсетіледі.
Музыка жетекшісі:Балалар суретте нені көріп тұрсыңдар?
Балалар:Оркестр мен дирижер
Музыка жетекшісі: Дұрыс айтасыңдар, ендеше біздер де шағын оркестр мен дирижер құрайық.
Оркестр: «Во саду ли,в огороде» Музыка жетекшісі: Саяхатымызды жалғастырамыз (поровозға отырып,музыкамен қозғаламыз)
Театр станциясы Музыка жетекшісі: -Балалар міне біз театр станциясына келіп жеттік.Бұл біздің Ақтөбе қаласындағы Т.Ахтанов атындағы драма театры(Слайд) Ал сендер театр ішін көргілерін келеме?
Балалар: Иә
Музыка жетекшісі: Бұл сахна, мына кісілер әртістер,ал мынау көрермендер.Ендеше біздерде екіге бөлініп әртістер мен көрермендер болып
Ойнаймыз.Қойылым «Сыпайы сөз» Музыка жетекшісі: Актерлер дайын, көрермендер кіруде.Театр есігі айқара ашық, билеттерді сыпайы сөйлегендерге ғана сатылады.
Балапан: Сәлеметсізбе! Өтінем маған бір билет беріңізші.Рахмет сізге.
Түлкі: Сәлеметсізбе! Маған билет беріңізші.Рахмет.
Қоян: Сәлеметсіз бе! Маған да бір билет бересізбе.Рахмет сізге.
Аю: Қабағы қатулы- Маған билет бер
Кассир: Жоқ мен сізге билет бере алмаймын, себебі мен билетті сыпайы
Сөйлегендерге беремін.
Музыка жетекшісі: Балалар аюдың көңілі түсіп кетті,көмек беремізбе? Ендеше мына ыдысты сыпайы сөзге толтырып берейік.(Сыпайы сөздер айтып береді)Аю барып билет сатып алады.
-балалар нағыз әртістер қойылымнан кейін не күтеді?Әрине кошемет
Балалар: Шапалақ
Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар балалар, енді өз тобымызға қайтайық.
(поровозға отырады, поровоз әніне қосылып саяхаттан қайтады)
Музыка жетекшісі: -Міне балалар,біз бүгін сендермен жалпы театр әлемімен таныстық.Бәріңіз де сабаққа өте жақсы, белсенді қатыстыңыздар, рахмет!Сау болыңыздар!