Сабақтың түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау. Көрнекілігі: Бөгенбай батыр суреті, сызбалар



Дата31.12.2019
өлшемі32,03 Kb.
#54823
түріСабақ
Тақырыбы: Алмас қылышты ардагер. (Ел аузынан)

Мақсаты: Оқушыларға Бөгенбай батыр жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру;

туған еліне, жеріне, салт-дәстүр, тарихына деген сүйіспешілігін арттыру, батылдыққа, батырлыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі: Бөгенбай батыр суреті, сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық. «Алақан» жаттығуы.


  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Мәтінде қазақ халқының басынан өткен қандай кезең туралы айтылған? Халықты жаудан қорғаған батырдың аты кім?

Ақ боз атқа мінген адамды кім дер едің?

(Қабанбай батыр)

Жоңғар шапқыншылығнан кейін қазақ халқы қандай қасіретке ұшырады?

Қаракерей Қабанбай жұрттан не құрды?

ІІІ. Өткенді қорыту: Бұқар жырау кім?

Ол кімдер жайлы жырлады?

Бұқар жырау Қабанбай батыр жайлы қалай жырлады?

Өлеңді жатқа айту.



ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

3.Өткен сабақта оқылған мәтінді пайдаланып, сызбаны толтыр.



Ү. Жаңа сабақ: Суретпен жұмыс: Суретте кім бейнеленген?

Оның батыр екенін қайдан білдіңдер?

Атқа мінген адамды кім дер едің? (Бөгенбай батыр)

Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіпті.Оның атасы — Әлдекүн, әкесі Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. Ол сонымен қатар өнерлі адам болған. Ұсталық өнермен айналысып, соғыс қару-жарақтарын жасаған. Бойында ақындық, айтыскерлік өнері де болған. Әкесінің өнері баласына дарыған. Бала кезінен қазақ даласының шешендік өнерін бойына сіңіріп өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан. Өзіне жақын адамдардан топ құрып, кейін елде "Қанжығалының қырық батыры" деп аталып кеткен. Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті. Бөгенбайдың қалмақтармен және қытай өскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда көрсеткен қайраты сол кездегі жорық жырауларының толғауларында мәңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды

Суретке ат қой, әңгімеле.

2. Мәтінді түсініп, жалғастырып, іштен оқу арқылы жазушының ойын түсіну.

Бөгенбай батыр неше жасында қолбасшы болды?

Халықты неге шақырды?

Қалай ойлайсың батырлар буырқанып шықпаса не болар еді?

3.Сөздік жұмыс.(мәміле, тоқырау, уәж, ірігенді ширату, бурқану)



ҮІІІ. Сабақты қорыту: Халықты жауға қарсы үгіттеген, күш жинаған батырдың аты кім?

2. Сызбаны толтыр.

Бұқар жырау Бөгенбай батыр туралы не деді ?

Өз сөзіңмен түсіндір. (аттың басын тартпаған, жаудан қайтпаған, қорғасындай балқыған еңбек қылған, сарп қылған бар күшін)

Мәтінге сүйеніп, суреттегі батырды сипатта.

Екі мәтінді салыстыр.




Халық қорғаны.

Екі мәтіннің ұқсастығы

Алмас қылышты ардагер











ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.Бұқар жырау жырын жаттау. 2.бағалау




Қанжығалы Бөгенбай. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет