Сабақтың түрі: дәстүрлі емес білімді есепке алу сабағы. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру



Дата23.10.2020
өлшемі35,5 Kb.
#69554
түріСабақ

Математика 3 сынып
Тақырыбы: 5 - ке көбейту және бөлу
Мақсаты:
1. 5 - ке көбейту және бөлу кестесімен оқушыларды таныстыру, көбейту мен бөлу амалдарын жан - жақты меңгертіп, өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.
2. Ауызша, жазбаша, жылдам, дұрыс есептеу дағдыларын жетілдіре түсу, логикалық ойлауын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Сауаттылыққа, ұжымдасып, бірлесіп жұмыс істеуге баулу, шыншылдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа, өз бетінше тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес білімді есепке алу сабағы.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, проблемалық, талдау, жинақтау, ойын, салыстыру т. б.
Көрнекіліктері: дидактикалық материалдар, цифрлар, ойындар, 5 - тің көбейту кестесі, 5 саусақ, санамақ т. б.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Психологиялық даярлық
3. Математикалық диктант
4. Ой шақыру, қызығушылығын арттыру.
5. Жаңа сабақ
6. Ой ашар
7. Сергіту сәті
8. Топпен жұмыс
9. Шығармашылық жұмыс
10. Кубизм
11. Рефлексия
12. Бағалау
13. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру бөлімі. (1 мин)
1) Оқушыларды түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық даярлық.
Сыныпты 3 топқа бөлу, топқа ат қою. (1 мин)
ІІІ. Математикалық диктант. (3 мин)
І. -------------------- ІІ. ------------------ ІІІ.
4 х 4 = ----------- 5 х 4 = ------------- 6 х 4 =
16: 4 = ---------- 20: 4 = ------------- 24: 4 =
7 х 5 = ----------- 6 х 5 = ------------- 5 х 5 =
35: 5 = ----------- 30: 5 = ------------ 25: 5 =
Тексеру, бағалау, қорытындылау.

4. Ой шақыру, қызығушылығын арттыру.
- Көбейту мен бөлуге берілген мысалдарды дұрыс орындасаңдар Абай аталарыңның өлеңінен үзінді оқи аласыздар. (5 мин)

Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол.
8 х 5 = ----- 40: 5 = ----- 5 х 3 = ----- 2 х 5 =
9 х 5 = ----- 45: 5 = ----- 15: 5 = ----- 10: 5 =
- Бұл кімнің өлеңі? Қалай аталады?
- Абай Құнанбаев кім?
- Осы өлеңді кім мәнерлеп оқып береді?
- «Адам болам десеңіз» өлеңін мәнерлеп оқу.

5. Жаңа сабақ
1) Тақырыпты ашу, мақсатын қою. (1 мин)
2) Сәттілік тілеу (1 мин)
3) Оқулықпен жұмыс
№1. Есіңе сақта! 3 топқа бөліп беру. (3 мин)
5 х 5 х = 5 х 4 + 5 = 25 ----------- 5 х 5 = 25 -------------- 25: 5 = 5
6 х 5 = 6 х 4 + 6 = 30 -------------- 6 х 5 = 30 ------------- 30: 5 = 6
7 х 5 = 7 х 4 + 7 = 35 -------------- 7 х 5 = 35 ------------- 35: 5 = 7
8 х 5 = 8 х 4 + 8 = 40 -------------- 8 х 5 = 40 ------------- 40: 5 = 8
9 х 5 = 9 х 4 + 9 = 45 -------------- 9 х 5 = 45 ------------- 45: 5 = 9
Бағалау, қорытындылау.
6. Ой ашар. (5 мин)
№2. Мазмұнды есепті оқып, әр топ шартын құрады. Дәптермен, тақтамен жұмыс.
Шарты:
Мандарин 8 кг – 5 ж?
Апельсин – 16 кг
Шешуі: (8 х 5 ) + 16 = 56
Жауабы: 56 кг жеміс
Тексеру, бағалау, қорытындылау.
7. Сергіту сәті. (2 мин)
1 – 2 – 3 Бойға жинап күш
4 – 5 – 6 – 7 Мынау қала шеті
8 – 9 – 10 Ал, кәнеки, қон.
8. Топпен жұмыс. (5 мин)
І топ. «Бес саусақ» туралы санамақты еске түсіріңдер.
Бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шүлдір шүмек, кішкентай бөбек.
ІІ топ. «Бес борыш» деген не?
1) Аллаға, пайғамбарға
2) Адамның өзіне байланысты
3) Елі мен халқына
4) Үй – іші, жақындарға деген
5) Адамгершілік әлеміне борыш
ІІІ топ. «Аптаның 5 күнін атап бер».
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма.
9. Шығармашылық жұмыс.
Еркін әкесі 36 - ға келгенде туған болатын. Оның жасы әкесінің жасынан 5 есе кіші. Еркіннің әкесі қазір нешеде болғаны? (7 мин)
Шешуі: 36: 5 = 7 (қалдық 1) 36 + 7 = 43
Т/У: 7 х 5 + 1 = 36 36 + 7 = 43
Жауабы: Еркіннің әкесі қазір 43 жаста.
10. «Кубизм» стратегиясы бойынша (3 мин) өтілгенді пысықтау (көбейту және бөлу)
11. Рефлексия.
Бүгін не үйрендіңдер? Сабақ ұнады ма? (3 мин)
12. Бағалау.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды атау, мадақтау. (3 мин)
13. Үйге тапсырма беру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет