Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен қызметі (Мұхаммедтің аты каллиграфиялық және әдепкі нұсқада жазылуы)
Пайғамбарымыз Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Абдуллаұлы бдул-Мүтәлiп немересi милади жыл санауы (григориан календары) бойынша, 571 жылы 20 көкекте, дүйсенбi күнi дүниеге келген. Бұл Әижра есебiндегi – рәбиғул-әууәлдiң тоғызыншы немесе он екiншi күнiне тура келедi. Пайғамбарымыздың ата-тегiн тiзе берсең хижаз арабтары тараған Исмайыл пайғамбарға, алейһиссәлам, барып тiреледi. Пайғамбарымыздың Мұхаммед, Ахмет, Нәби, Расулуллаһ секiлдi т.б. бiрнеше қосалқы аттары болған.
Пайғамбарымыздың анасының аты – Уахаб қызы мина. Ол Құрайш руының iшiндегi құрметтi адамның қызы болған. Расулдың әкесi Абдулла бiрде Иасрибке (қазiргi Мәдина қаласы) керуен тартып, сауда жасай барғанда, кенеттен қайтыс болады да, сол жерге жерленедi. Бұл кезде Пайғамбарымыз әлi жарық дүниеге келмеген, анасының құрсағында едi. Расул дүниеге келетiн жылы Пiл оқиғасы аталып кеткен таңғажайып оқиға болады. Хабажстан (қазiргi Эфиопия) патшасының уәзiрi әрi атақты қолбасшысы АбраӘа деген кiсi Сана қаласында (қазiргi Иемен мемлекетiнiң астанасы) үлкен шiркеу салдырады. Шiркеу өте биiк, басына қараған адамның тақиясы жерге түседi екен. Осы кәнисаны салдырып болғаннан кейiн, АбраӘа мың сан жаужүрек әскерлерiн пiлдерге мiнгiзiп, Меккеге қарай жорыққа шығады. Ондағы мақсаты – қасиеттi Қағбадағы “Қара тасты” күштеп тартып алып, оны Сана қаласындағы өзi салдырған зәулiм кәнисаға орналастыру. Сөйтiп, Қағбаға табынуға келген барлық жұрттың бетiн Сана қаласына қарай бұру едi.
Олар Меккеге жақындаған тұста күтпеген жерден жайсыз оқиғаға тап болады. Құдiретi күштi Аллаһ Та`аланың әмiрiмен әбәбил деген құстар кенет аспанға көтерiледi де, тұмсықтарына, аяқтарына қыстырып алған қатты тас кесектердi жауынгерлерге қарша боратады. Құстардың атқан тастары жай оғындай ысқырып, жауынгерлердiң басынан кiрiп, аяғынан бiр-ақ шығып отырады. Мұндай сұмдыққа тап болам деп ойламаған Абраһа қалған әскерiн керi бұрып, бас сауғалап қашады. Пiлдер дүркiреп кейiн шегiнедi. Өзiнiң сұм мақсатына жете алмаған АбраӘа ернiнен жараланып, көп шығынға ұшырап, салы суға кетiп керi қайтады. Сөйтiп атақты қолбасшы “жырық ерiн АбраӘа” аталып кетедi.
Бұл оқиға туралы “Құран Кәрiмнiң “Пiл” сүресiнде былай деген: “Пiл иелерiн Тәңiрiнiң қалай еткенiн көрген шығарсың? Олардың қулық-сұмдықтарын күл-талқан етпедi ме? Оларға Тәңiрi топ-топ құстарды жiберген. Құстар оларға балшықтан жасалған тастарды атты. Сөйтiп оларды дәнi желiнбеген сабандай етiп тастады”.
Пайғамбарымыз, Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, ер жеткеннен кейiн ел iшiндегi түрлi iстерге араласып, өзiнiң адалдығымен, әдiлдiгiмен жұртқа таныла бастайды. Ол жиырма бес жасқа келгенде, Шам (Сирия) елiне екiншi рет сапарға аттанады. Бұл жолы болашақ анамыз Хадиша Хуайладқызының сауда керуенiн бастап барады. Хадиша анамыз оның жанына өзiнiң Майсара атты қызметшiсiн қосып жiбередi. Болашақ Пайғамбарымыздың сауда жолындағы бұл тұңғыш сапары жемiстi де берекелi болып, керуеншiлер масайрап қайтады. Сапардан келген соң, Майсара Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, туралығын, әдiлдiгiн, iскерлiгiн, бойындағы тағы да басқа жақсы қасиеттерiн Хадиша анамызға майын тамызып әңгiмелеп бередi. Бұл кезде Хадиша қырық жаста болатын. “Жiгiттi ел мақтаған қыз жақтаған” дегендей, Майсараның аузының суы құрып айтқан сөздерi Хадишаның жүрегiне шоқ тастап, Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, қызығып қалады. Көп ұзамай өз көңiлiн бiлдiрiп, болашақ Пайғамбарымызға кiсi салады. Мұхаммед алейһи уә сәлам, Хадишаның бұл тiлегiн қабыл алып, әке орнына әке болған бутәлибтi құда түсуге жiбередi. Сөйтiп, көп ұзамай Хадиша анамызға үйленедi.
Өз алдына үй болып, отау тiккен Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Хадиша анымызбен бiрге бiрсыдырғы ғұмыр кешiп жатады. Бұдан кейiн де ел iшiндегi түрлi iстерге араласып, үлкен беделге ие болады. Халық оны әдiлдiгi үшiн Мұхаммед мин деп атап кетедi.
Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, отыз бес жасқа келгенде, қасиеттi Қағбаның қабырғасы әбден бүлiнiп, құлауға айналған кез едi. Мұны қалпына келтiрудi Құрайш руы өз мiндеттерiне алып iске кiрiсiп кетедi. Жөндеу жұмысы бiтiп, “Қара тасты” бастапқы орнына қояр кезде, араб руларының арасында келiспеушiлiк пайда болады. Шынын айтқанда, бұл бақталастықтан өрбiген дау-жанжал едi. Мұның арты тағы бiр қантөгiске ұласып кету қаупi туады. Осы кезде құрайш руының жасы үлкен ақсақалы, қадiрлi қария Әбу Умайата әл-Мұзираұлы мынадай келiсiмге шақырады. “Менiң айтқанымды дұрыс көрсеңiздер, бұл құрметтi iстiң шешiмiн iштерiңдегi ең сенiмдi, ақылы кемел, халыққа қалаулы және зор бедел иесi Мұхаммед Әминге тапсырайық”, – дейдi ол. Бұл ұсынысты ру басылары түгел құп алады.
Әрине дауы көп бұл iстi ешбiр ру басылары ренжiмейтiндей әдiл бiтiру жеңiл шаруа емес едi. Бiрақ ақылы асқан болашақ Пайғамбарымыз мұның түйiнiн оңай шешедi. Ол үстiндегi шапанын жерге жаяды да, ру басыларын шақырып, соның шалғайына айнала ұстауын өтiнедi. Өзi қара тасты көтерiп, киiмнiң үстiне қояды. Содан соң шапаннан ұстаған бойы қазiргi тұрған орнына барлығы бiрлесiп жеткiзедi. Бiрақ Мұхаммед Қара тасты тұғырына өзi көтерiп қондырады. Бұл шешiмге бәрi ризашылық бiлдiрiп, Мұхаммедтiң тапқырлығына, туралығына, даналығына тағы да тәнтi болады.
(Мұсылмандық сенімге байланысты Мұхаммедке алғашқы аяттар түскен Жәбәл ан-Нұр тауындағы Хира үңгірі)
Ислам оқуы бойынша, Мұхаммед соңғы пайғамбар және Аллаһтың елшісі болып табылады. Ислам, яғни бір Аллаһқа мойынсұну, барлық тақуаларға тән болған, соның ішінде Исаның, Мұсаның және басқа да танымал інжілдік пайғамбарлардың оқуларын қабылдай отырып Аллаһтың әмірін орындағандарға да тән. Алайда, ислам бойынша, яһудилік және христиандық оқулар адамдар тарапынан бұрмаланған, ал кейін Құранның түсуінің басталуынан соң өз күштерін жойған. Сонымен қоса Кітаптардың бұрмалануы Аллаһ білімінің шекарасында болған. ҚұранАллаһтың сөзі, соңғы Қасиетті Кітап, және еш өзгертуге түспейтін Кітап болып табылады. Аллаһтың қалауымен, Соңғы Кітап араб тілінде болғандықтан, бұл тіл мұсылмандар үшін ерекше болып табылады. Тек арабша Құран Кітап болып табылады, ал басқа тілдердегі аудармалары (олар жиі «мағыналарының аудармасы» деп есептеледі) олай саналмайды. Құран жеке бөліктермен түсірілді. Құранның аяттарын негізге ала отырып бұл Аллаһтың Мұхаммедтің жүрегіне сенімді толық орнықтырғысы келгендігімен байланыстырылады, және аяттарды оқиғалар бойынша және сұраушылардың сұрақтары бойынша түсірілген, ол өз кезегінде тұтасымен жіберілгенге қарағанда үлкен әсер қалдырды. Аяттар Мұхаммедті тыныштандыра алды, оған тыныштық пен табандылық орнықтырды. Кейбір аяттар алдыңғысын жойып отырды. Мұхаммедке Меккеге көшкенге дейінгі жіберілген аяттардың құрамында құқықтық заңдар азырақ деп есептеледі. Құранның ішінде Мұхаммедке арналған бұйрықтар жиі кездеседі.