Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру және алған білімді қолдану



Дата31.12.2019
өлшемі46,57 Kb.
#54605
Сабақтың тақырыбы: Ересек оқушы. Ә. Бөриев 
Мақсаты: Әрбір оқушының жеке даралық, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.Жаңа сабақты түсіндіре отырып дарынды суретші Ә. Қастеев туралы мағұлмат беру. Сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыта отырып шығармашылық қиялының ұшталуыныа мүмкіндік беру. Достыққа, бірлікке тәрбиелей отырып топпен жұмыс жасауға қалыптастыру. 
Оқыту нәтижелері: Жаңа сабақты түсінеді. Суретші туралы жаңа мағұлматтар алады. Шығармашылықпен жұмыс жасай отырып дәлелді сөйлеуге үйренеді. Топпен жұмыс жасауға қалыптасады. 
Әдіс- тәсілдері: Қызығушылықты ояту, топпен жұмыс, сұрақ – жауап, жұптас талқыла, рөлдік ойын, кері байланыс. 
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру және алған білімді қолдану 
Көрнекі құралдар: АКТ, постерлер, таратпа қағаздар, стикерлер, маркерлер. 
Негізгі ресурстар: Әдебиеттік оқу оқулығы 4- сынып З. Муфтибекова, П.Қ. Жаманқұл 
Негізгі идеялар: Суретші туралы тың мағұлматтар бере отырып, ойлау қабілеттерін дамыта отырып, шығармашылыққа жетелеу, ұжымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. 
Қамтылған модульдер Білім берумен білім алудағы жаңа тәсілдер: диалогті оқыту әдістері 
СТО, оқытуда АКТ- ны пайдалану, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық. 
Сабақтың барысы 
Кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Әдіс-тәсілдер мен модульдер 
Ұйымдастыру кезеңі 

Үй тапсырмасын тексеру. 

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. 
Сабақтың ережесімен таныстыру. 

«Менің әкем» тақырыбында эссе жазуға берілген. Сабақ ережесі: 
Тыныштық сақтау 
Бірін-бірін тыңдау. 
Ойын ашық-анық айту. 
Сұрақты оқып отырып үй жұмысына жауап беру. 
Эссені оқиды. 
Қызығушылықты ояту

Ой қозғау 
Топпен ортаға шығып тақтадағы өлеңді оқыту. 
- Өлең не туралы? 
«Мозайка » әдісімен топқа бөлу. 
Бөліктерге бөлінген суреттер таратылып беріледі. 
Сурет көрсету. 
Ә. Қастеев кім? 
Мәтін таратылады. 
«Кейін және соңында» ағашын талықтыру 
-Ә. Қастеев кім? 
- Қай жерде туған? 
- КСРО суретшілер одағына қай жылы қабылданыд? 
- Қай жылы қазақ КСР Халық суретшісі атағын алады? 
- 1967 жылы Әбілхан Қастеевке қандай атақ берілді? 
Топпен ортаға шығып тақтадағы өлеңді оқиды. 
Сурет сабағы туралы айтылған. 
Бөліктерді құрастыра отырып топқа бөлінеді. 
Мәтінді оқып отырып берілген сұрақтарға жауап береді, жазады. 
Не білгілері келетінін жазады. 
Сұрақтарға жауап береді. 
Диалог, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу 
Жалпы сыныптық топтық жұмыс 
Мағынаны тану. Жаңа тақырыпты меңгеру 
Бүгін біз Әміртай Бөриевтің Ересек оқушы мәтінімен танысамыз. 
Мәтінді өздігінен оқып шығады. 
Сөздікпен жұмыс 
Сыртынан тон пішу- сыртынан жобалау. 
Әбзи- ұйғырша аға деген сөз. 
Тілмаш- аудармашы. 
Шымбайына бату- намыстану. 
Н.Г.Хлудов- белгілі қазақстандық суретші. 
Сергіту сәті: 
«Қара жорға » билеу 
Жеке оқиды. 
Топпен талқылайды. 
Әуенмен қосылып билейді. 

Топпен жұмыс. СТО 
Жұптық жұмыс 

Топтық жұмыс 

Ой толғаныс Әбілхантуған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. 
«Мен суретшімін» Туған жер, Отан тақырыбына сурет салу 
Топпен жұмыс жасайды. 

Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев «Күз». 


Сабақтың мақсаты: 1. А. Құнанбаев туралы білімдерін кеңейту, шығармаларымен таныстыру, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, есте сақтау қабілеттерін арттыру . 
2.Өлең жолдары және сурет бойынша сөйлеуге, мәселені шеше білу қабілеттерін дамыту. 
3.Табиғатты сүюге, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ 
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру 
Пән аралық байланыс: қазақ тілі 
Сабақтың көрнекілігі: А. Құнанбаевтың портреті, суреттер, кітаптар. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі : Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. 
Оқушылармен бірлестікті қалыптастыру ойынын өткізу, өзара әрекеттесуге бейімдеу « Сен қарлығаш, мен қарлығаш..» ойыны 
Балалар жұппен шеңбер құрып тұрады, (шеңбердің ішінен) сағаттың тілімен жүріп мынадай сөздер айтады «Сен қарлығаш мен қарлығаш, менде мұрын, сенде мұрын, менің бетім, сенің бетің (бір-біріне атаған дене мүшелерін көрсетеді) екеуміз де доспыз» деп оқушылар орындарына отырады. 
Мұғалім сабаққа оқушылардың көңіл-күйін бағыттайды: 
Күн өзінің жылы сәулесін шашып тұр, күннің сәулесінен біз ақылды, ықыласты, зейінді боламыз. Ал енді өздерінің күн сәулелеріңді ойша аналарыңа, әкелеріңе, барлық достарыңа және туыстарыңа шашыңдар. 

Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білесіңдер. енді сол тақырыпқа байланысты сабағымызға қандай мақсат қояр едіңдер? 


( Мақсатымыз:Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек білім алу, бұл сабақ не туралы болатынына қызығушылығымызды арттыру) 
ІІ. 1. А.Құнанбаев өмірі туралы оқушылардың білім деңгейін анықтау. 
Не білесің? Бүгін біз не туралы ойлаймыз? 
«Ойлар себеті» әдісін қолдану. Оқушылар өз ойларын айтуы керек, осы тақырып бойынша олар не біледі ? Стикерге жазып, себеттің ішіне салу. 

Қай өңірінде туған ? Қандай ақын? Шығармалары Әкесі...... Шешесі..... Әжесі...... 

Ә) Суретпен жұмыс Кластер құрастыру 
А) Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? 
Б) Суретшінің көңіл-күйі қандай? 
IV. "Күз" өлеңін мәнерлеп оқып беру, сұраққа жауап алу: (4-сынып оқушысы оқиды) 
Абайдың «Күзі» сендерге қандай көңіл күй туғызды? Неліктен? Осы өлеңінде бейнеленген түс қандай деп ойлайсың? 
Сергіту сәті 
Ормандағы аюдың 
Бүлдіргені көп екен 
Теріп-теріп алайық 
Қалтамызға салайық 
V. Дәптермен жұмыс: өлеңнен күз мезгіліне қатысты көркем сөздерді тауып жазу. 
Жапырақтарынан айырылған ағаш 
Сұр бұлт түсі 
Дымқыл тұман 
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ 
Оқулықпен жұмыс 
Іштей оқыту, тізбектеп оқыту, қатар бойынша оқыту 
Оқушыларға оқытып мазмұнын айтқызу. 
Күздің суретін салғызу. 
VI. Сабақты қорыту : (Бүгін біз не туралы ойладық?) 
«Синквейнді» құрастыру. 
• Бір сөз 
• Екі сын есім, негізгі тірек сөз . 
• Үш етістік 
• Қысқаша сөйлем құрастыру. 
• Бір сөз (синоним) 
2-сынып 4-сынып 
Төмендегі үлгіде жұмыс жүргізу: 
1. Күз 
2. Алтын, сұр 
3.Бояйды, келеді, ағаштан жапырақтарды түсіреді. 
4. Күз- алтын мезгіл 
5. Жыл мезгілі. 
VII. Үйге тапсырма: 
2-сынып «Күз» 22 бет 4-сынып «Күз» 50 бет 
VIII. Бағалау. Рефлексия. Сөйлемді аяқта: 
-Мен жақсы бағалаймын ... 
- Маған көңілімдібөлу керек ... 
- Мен рахмет айтқым келеді ... 
- Маған қызықты болды ..

 

Сабақтың тақырыбы: Диқан баба



Сабақтың мақсаты: Аңыздың шындықпен жанасуының,  адами қасиеттердің бірі – қанағат екенін ұғынуына мүмкіндік беру

Міндеттері:

-Жүйелі мазмұндай білу дағдыларын дамыта түсу

-Кейіпкерлердің ісіне талдау жасау арқылы сөйлеу тілін дамыту

-Еңбекті бағалауға, адам бойына қанағат қасиеттерін дарыта білуге үйрету



Сабақта қолданылатын технология: «Оқу мен жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту»

Сабақтың көрнекілігі: АКТ

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды  әртүрлі фигуралар арқылы топқа бөлу. Топ басшысын сайлау.  Бағалау парағын таратып беру.

1.Қызығушылығын ояту.

«Диқан баба» дегенді қалай түсінесің? Бүгінгі тақырыбымыз «Диқан баба» атты аңыз әңгіме.

Осы аңыз әңгіме не? туралы немесе кім? туралы болуы мүмкін? (Оқушылар өз ойларын жеке жазады) Оқушылар өз ойларын оқиды.

2.Мағынаны тану.

Оқушылар мәтінді оқиды. Өздері жеке оқиды. Жұпта талдайды. Топта талдайды.

Сұрақ қойып талдау.

— Осы аңыз әңгімеде  адамдардың басты қателігі неде?

— Ең басты жетіспей тұрған  қандай адами қасиет?

Қанағат – байлық. Бойына қанағат мінезі біткен адамнан артық бай адам болмас. Мұндай жан барға қанағат етіп, жоқтың соңынан қумайды.

Диқанның іс-әрекетін талдау



  1. Диқан адамдарға қандай жақсылық жасады?

  2. Неге ренжіді?

  3. Адамдарға неге кешірім берді?

  4. Бұл шығарманың қай түріне жатады? (Аңыз)

  5. Мәтіннің қай бөлімінен аңыз әңгіме екенін байқадыңдар?

 

1-топ.   Бидай  (бидай туралы мәлімет, диқанның еңбегі)

2- топ.  Аңыз. Сұрақ: Осының алдынды қандай аңыз оқыдық? (Аңыз арнасы) Шығарма кестесіне салып салыстыру.

3-топ Молшылық  пен Жоқшылық  ( Молшылық кезінде адамдар қандай болды?, Неліктен олар ойланбады?, Қалай ойлайсыңдар, ақыл кіру үшін адам аш болуы керке пе?

4-топ.  Қанағат. ( өз ойларыңды жазыңдар)

Әр топ берілген тапсырманы талдайды.

Қорытындылау:  «Бүгінгі күннің молшылығы деп білемін…….» Тақырыбында эссе жазыңдар.

Үйге тапсырмы беру. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны және «Бай баласы мен жарлы баласы»  әңгімесімен танысу.


  1. Білімділік мақсат: Ыбырай Алтынсариннің өмірі, шығармашылығы, еңбек жолы туралы білімдерін тереңдете түсу. Бай баласы мен жарлы баласы әңгімесін жан-жақты талқылау.

  2. Дамытушылық: әңгіменің негізгі идеясын, тақырыбын, айтар ойын оқушылардың жүрегіне жеткізу. Оқушылардың өздік талдау, жинақтау жасауға, ойлай білуге дағдыландыру, өз ойын анық, толық жеткізе білуге төселдіру.

  3. Тәрбиелік: педагог жазушының халыққа берген тәрбиесін оқушылар бойына дамыту, үлгі ету, оқушыларды еңбекқорлыққа баулу.

Түрі: сын тұрғысынан ойлау сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, топтық жұмыс.

Көрнекіліктер: портреті, эпиграф, тірек-сызбалар, сурет, буклет, кітаптар.

Барысы: Өмірбаянымен таныстыру.



  • 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында туған.

  • Атақты жазушы, талантты ақын, педагог, балалар әдебиетінің атасы.

  • 1864 жылы Торғайда қазақ мектебін ашты.

Оқушыларға сұрақтар қою, бір оқушы қысқаша өмірбаянын  айтып береді.

Көзге арналған сергіту сәтін өткізу.

Оқулықты  ашамыз, сөздікке қараймыз.

Мұғалім оқиды, оқушылар хормен оқиды, 3 сөзді орысша оқып, олар қазақшасын табады.

Әңгімемен жұмыс. Мұғалім оқиды. Оқушылар оқиды. Әдеби теорияны еске түсірейік.

Балалар тақырыпқа оралайық, әңгіменің қандай ерекшеліктері бар? Қандай жанрға жатады?

Балалар жауап береді, ерекшеліктерін айтады.

Ендігі біздің кезеңіміз топпен жұмыс.

Асан тобы: Жетекшісі Волтова Галина.

Үсен тобы: Жетекшісі Якунина Дарья.

1-    Сұрақ: Асан тобына. Бұл әңгіменің негізгі тақырыбы не?

Жауабы: еңбексүйгіштік, қамқорлық, қайырымдылық. Трудолюбие, заботливость, доброта.

2-    Сұрақ: Үсен тобына Негізгі кейіпкерлері кім?

Жауабы: Асан, Үсен.     

3-    сұрақ. Асан тобына Асанның іс-әрекеттерін табу.

Үсен тобына Үсеннің іс-әрекеттерін табу.

Жауаптары:

Асан

Жылайды


Қарным ашты дейді

Үйрекпен ойнайық дейді

Тал жинады

Ұйықтап қалады.



Үсен үндемейді Қылдан тұзақ жасайды От жағады Үйректі пісіреді Ұйықтамайды.

4-  сұрақ. Асан тобы Асанның мінезін жазады.

Үсен тобы Үсеннің мінезін жазады.

Асан


  • Жалқау

  • өмірге дайын емес

  • еш жағдайдан шыға алмайды

Үсен

  • еңбекқор

  • тапқыр

  • өмірге дайын

  • Бір оқушы қысқаша түсіндіріп береді.

5-  сұрақ. Әңгіме неге тәрбиелейді?

Жауап:


  • еңбекқорлыққа

  • төзімділікке

  • шыдамдылыққа

  • тапқырлыққа

  • қамқорлыққа

  • өмірге дайын болуына

6- сұрақ. Алдын-ала берілген тапсырманы қаншалықты  орындалып келгенін тексеру.

Асан мен Үсен деген кейіпкерлердің аттарына адамның қасиеттеріне байланысты  сөзжұмбақ құрып келу.

7- тапсырма. Суретке қарай отырып, негізгі кейіпкерлерді қандай деп елестетесіңдер?  Түсінгені бойынша тірек-сызбаның көмегімен  Якунина Дарья қысқаша мазмұнын айтып береді.

Қорытындылау. Үйге тапсырма беру.

Рефлексия: Балалар сабақтан қандай әсер алдыңдар? Бағалау.

Сабақты аяқтау.



Cабақтың тақырыбы: Әке тәлімі
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушылардың отбасы туралы түсініктері кеңейеді, өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге үйренеді; 
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорлары молаяды, логикалық ойлаулары дамиды. 
Тәрбиелік: Адамгершілік қасиетке, отбасындағы қарым - қатынасты бағалауға тәрбиеленеді
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жылылық шеңбері: Әр оқушы өзінің аты қай әріптен басталса, сол сөзден басталатын асыл сөзді қосады. М: мен ақылды Аружанмын, мен сабырлы Саматпын т. б.
Топқа бөлу
Дәмді ирис
Қатты карамель
Тәтті шоколад
Тілек айту: бүгінгі сабақтан тәтті сезімде шығады деген ойдамын
Музыка жіберіп қою
Қызығушылықты ояту:
«Ойлан, тап» ойыны
Мақсаты: бір оқушыға «отбасы» деп жазылған стикерді маңдайына жапсырып қоямын. Қалған балалар сол сөзді айтпай, ыммен көрсетеді. Ал стикер жапсырылған бала сол сөзді тауып алу керек.
Топтық жұмыс:
Топ басшысын сайлау
Топ басшысының партасының астына стикер жапсырып қою. Кім стикерді табады, сол топ басшысы болады. Топ басшысының міндеті тобындағы әр оқушыны бақылап, әр тапсырманы + - белгілерімен белгілеу. Кім көп + алса жақсы баға алады, - алса жаман баға алады. Сабақты ең бірінші топ басшысы бағалайды, содан кейін мен бағалаймын. Ал балалар, тайм пикер сайлап алайық, тайм пикердің міндеті бізге уақыт белгілеп, уақытты үнемдеуге үйретеді.
І. Миға шабуыл
1 - тапсырма
Постермен жұмыс
1 - топ Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер? Топтасыру стратегиясы
2 - топ Отбасындағы «бала тәрбиесі» дегенді қалай түсінесіңдер?
3 - топ Қыз бала мен ұл баланың тәрбиесін салыстыр.
Топ басшылары топтарыңды белгілеп отырыңдар.
ІІ. Мағынаны тану:
- Ендеше біз бүгін сендермен Алтай Аманжоловтың «Әке тәлімі» мәтінімен танысамыз.
Автор туралы қысқаша мәлімет беру.
Алтай Аманжолов - ірі тілші, түрік тілдерінің білгір маманы. Түрік тілінде 200 - ден астам еңбектері бар.
2 - тапсырма Мәтінге «Болжау» стратегиясы бойынша талдау жасап көрейік.
- Қалай ойлайсыңдар, әңгіме не туралы болуы мүмкін?
- Олай ойлауыңа не себеп болып тұр?
3 - тапсырма Үш бөлікке бөлінген мәтінді оқиық. Мәтінді бөліктерге бөліп оқу
1 - топ 1 - 3 азат жолды оқиды
2 - топ 4 - 8 азат жолды оқиды.
3 - топ 9 - 13 азат жолды оқиды.
Жұпта талдайды
Топ басшылары қалған топтарға түсіндіреді
1 - 2, 2 - 3, 3 - 1
Топ басшылары бір - бірін естіген жоқ. Сондықтан тобы топ басшысына түсіндіреді.
Өздерің топтарыңда шешіңдер, кім ортаға шығып айтатынын. Әр топтан екі бала шығып, бір - бірін қостап тұруға болады.
1 - бөліктен қандай сабақ алдық? ой түйіндеу
2 - бөліктен қандай сабақ алдық?
3 - бөліктен қандай сабақ алдық?
Ойын:«Саған - маған»
- Өз тілін нашар білген баланы әкесі қалай үйретті?
- Балалар өз ана тілін білмеу себептерін атап бер.
- Алтайдың әкесінен қандай үлгі алар едің?
- Алтайдың әкесі тағы қандай жақсы қасиеттерге тәрбиеледі?
4 - тасырма
« Тапқыр болсаң тауып көр»
1 - топ
Әке -.........................
Ана -........................
Бала -.......................
( жағасындағы құрақ, бауырындағы бұлақ, асқар тау)
2 - топ
Әдепті бала -...................
Әдепсіз бала -.................
(ата - анасын мақтатар, ата - анасын қақсатар)
3 - топ
Атаңа.....................
Алдыңа....................
( сол келер, не қылсаң )
Сергіту сәті
Бас бармағым - атам, үйдің данасы.
Балан үйрек - әжем, отау панасы.
Ортан терек - әкем, ошақ санасы.
Шылдыр шүмек шешем - шаңырақ ажары,
Кішкентай бөбек - мен, бәрінің базары
5 - тапсырма
Ой толғаныс
1 - топ «Әке» сөзіне 5 жолды өлең құрастырады.
2 - топ «Мен әкемді мақтан тұтамын» өйткені.......... тақырыбына эссе жазады
3 - топ Әкенің отбасындағы рөлі (асырайды, қамқор, күшті болуға үйретеді, тәрбиелейді)
Рефлексия
Сабақ туралы ойлары
Үй тапсырмасы: 25 - 27 бет мазм, әңгімеге жоспар құрып келу

Сабақтың тақырыбы: Адалдық. Дәулет Қасенов


Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды Дәулет Қасеновтің өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Адам бойындағы жағымды қасиеттерді дұрыс тануына дамыту.
2. Сөйлеу тілдерін дамыту
3. Адалдық адами қасиеттерді бойына жинау, қоршаған ортасына деген көзқарасын қалыптастыру, үлкендерді, ата – ананы сыйлау керектігін ұғындыру
Сабақтың түрі: шығармашылық
Сабақтың әдіс – тәсілі: әңгімелеу, талдау, ой бөлісу сұрақ – жауап, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: адам бойындағы жағымды қасиеттер туралы нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі
А психологиялық дайындық
2. Үй жұмысын қорытындылау
3. Жаңа сабақ
4. Сергіту сәті
5. Қорытындылау
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма

Сабақ барысы:


Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық
Мақсатымыз, білім алу
Міндетіміз, еңбектену
5 - ке қолды жеткізу
- Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. «Қонақ аз отырып көп сынайды» - деген қазақтың мақалы бар. Бүгінгі сабақта білімімізді көрсетуге тырысайық.
- Бүгін сабағымызды Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтан ба» өлеңінен бастайық.
Өлеңді оқушыларды жатқа айтуы.
- Абай атамыздың бес асыл іс деп отырғаны нелер?
(Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
Осы аталған бес асыл іс бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салады.
- Адам болам десеңіз, бұл бес асылдың саған тигізер пайдасы қандай?
Оқушылардың жауаптарын тыңдау.
- Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақ тақырыбы не туралы болуы мүмкін?
- Адам бойындағы жағымды қасиет ол адалдық жайлы дұрыс айтасыңдар
- Бүгінгі жаңа сабағымыз Адалдық
- Мұралардың ең. қымбаты - сөз.
- Өмірде асыл адам да, нәрсе де тозады, жоғалады.
- Мәңгі жасайтын асыл сөз»адалдық»
Ал енді осы жағымды және жағымсыз қасиеттерді «Т. кестесіне» салып таразылап көрелік. Қай таразы басы жеңер екен?
Жағымды, Жағымсыз

- Жағымсыз қасиеттердің ішіндегі ең нашары не екен?


- Өзіңнің бойыңдағы осылардың қайсысы бар деп ойлайсың?
Барын жанына қарындашпен ақырын белгілеп отыр. Жаңа сабағымызды барысында сол қасиеттерден арылу жолдары жайлы әңгіме болады, есте сақтап отыр.

Мағынаны тану.


Автор туралы мағлумат беру.
Дәулет Қасенов – 1937 - 1967жҚарақалпақстанның Қоңырат ауданында туылған. Д. Қасенов арқалы ақын, адалдықпен арды ту етіп көтерген азамат.»Адал»- деген сөздің өзі «таза»деген мағына береді.

Оқулықпен жұмыс


Оқушыларға кезектете оқыту. Мәтін бойынша өз түсініктерін айтады.
Сөздік (жаңа сөздермен таныстыру).
Сергіту сәті.
Ақындар айтысы (жұмбақ айтыс)
Ақбота:
Ауылымның қонған жері шым болады,
Толғанда он екі айға жыл болады.
Толғанда он екі айға бір жыл болса,
Ішінде неше жұма болады?
Әсет:
Ауылымның қонған жері шым болады,
Толғанда он екі айға жыл болады.
Толғанда он екі айға бір жыл болса,
Жұманы санап жүрген кім болады?
Ақбота:
Ауылымның қонған жері шым болады,
Толғанда он екі айға жыл болады.
Тәңірінің таразысы құрылғанда,
Ол жерде өлшеп тұрған кім болады?

Сабақтың тақырыбы: Шал мен бала. Бердібек Соқпақбаев. 4 – сынып


Сабақтың мақсаты:
1. Мәтіннің мазмұнын ашуға, негізгі ойды ұғына білуге жағдай туғызу, мәтіннің авторы туралы және мәтін жайлы әңгімелей отырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің әдептілік екенін түсіне білуге жол ашу.
2. Оқушылардың тақырып, мәтін бойынша талдау жұмыстарын, сөздік жұмысын өз бетімен, жұпта, топта жүргізе білу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
3. Үлкендерді сыйлауға, бір - бірін тыңдауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Б. Соқпақбаев портреті, мәтіннің желісі бойынша салынған сурет.

Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын қорытындылау.
І. Қызығушылықты ояту.
«Кім кінәлі» мәтінін оқып беру. Оқушылар мәтін мазмұнын зейін қойып тыңдайды.
Кім кінәлі?

Алмас пен Думан тату достар еді. Екеуі сыныптас, бір партада қатар отыратын.


Үзіліс кезі. Мектеп ауласында доп қуып жүрген Алмас байқамай ағаштың бұтағын сындырып алды. Бұл уақытта күзетші атай осы маңда болатын, сынған бұтақты көріп, Алмастың жанына келді:
- Бұтақты сен сындырдың ба?- деді.
- Мен емеспін... - деді Алмас бірден.
Неге екенін, оның жанындағы тұрған Думан өз – өзінен қызарып кетті.
Күзетші енді Думаннан:
- Әлде, сындырған сенсің бе? – деп сұрады.
Ол үндемеді.
- Онда кінәлі сен болдың ғой, мойныңа алуға батылың жетпей тұр - ә?- деді күзетші Думанға тесіле қарап.
Думан кінәлі досына бір қарады да, бұрылып жүре берді.
Досын ренжітіп алған Алмас қатты қапаланды. Оның соңынан:
- Тоқтай тұршы:..- деді дауыстап.
Күзетші кімнің кінәлі екенін іштей сезді. Бірақ үндемеді»
- Оқылған мәтіндегі болған оқиғаға баға бере отырып, Алмастың бойында сол сәтте қандай қасиет табылмай қалды деп ойлайсың? Қолыңдағы қағазға өзің жоғары санайтын бір ғана қасиетті жаз.(Мысалы: адалдық, батырлық, батылдық, ар – ождан, шыншылдық.)

Өздері таңдаған қасиеттері бойынша топтарға бөлінеді.


1. Топқа бөлу.
2. Топ басшыларын сайлау.
3. Әр топ өзінің таңдаған атына қысқаша түсініктеме беріп өту, таңдау себептерін айту.
4. Осы таңдаған топтың атауларына байланысты қандай ақынның өлеңін білесіңдер? Осы асыл сөздер қай өлеңде кездеседі? Бұл кімнің өлеңі? Бұл өлеңді не үшін таңдадың? (Бұл өлеңнің негізгі идеясы сенің тақырыбыңды ашып тұр ма?)
- Ендеше, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы не туралы болады деп ойлайсың? Осы өздерің таңдаған тақырыптардың негізінде, яғни адам бойынан табылатын қасиеттер туралы болмақ.
Мәтінмен, автормен таныстыру.

ІІ. Мағынаны ашу.


1. Автор туралы әңгімелеу.
Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы обылысы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтын бітірген. «Жұлдыз», «Балдырған», журналдарында қызмет еткен. «Менің атым Қожа» повесі оқырмандардың сүйікті шығармасына айналса, осы повесі бойынша түсірілген фильм 1967 жылы Канн фестивалінің жүлдегері атанды. Жазушының «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтіп келмейді», «Жекпе – жек повестері, көптеген әңгіме, өлеңдері балаларға арналған.
- Адам бойындағы қандай жақсы қылықтарды айта аласың?
- Ендеше, осындай жақсы қылықтар біздің басты кейіпкерімізде бар ма екен?

Топпен жұмыс істеу арқылы осы жақсы қылықтарды «Сырсандыққа» жинақтау. Кімнің жақсы қылықтары көбірек болар еді?


Мәтінді «Болжау» әдісі арқылы оқу. (Мәтінді алдын ала бөлімдерге бөліп алу.)
1 – Көмек.
2 – Жол көрсету.
3 – Сыныптас.
4 – Алғашқы кездесуді еске алу.

1 – бөлімді оқу.


- Мәтіннің басты кейіпкерлері кімдер?
- Бала неліктен шалға көмек берді?
- Қалай ойлайсың, әңгіме әрі қарай өрбуі мүмкін?
2 – бөлімді оқу.
- «Бейтаныс баланың көргенділік қылығы шалды сүйсіндірді» - осы сөздердің астарында не жатыр, қалай ойлайсың?
- Бала шиені ұрлаушылар жөнінде естігенде, неліктен міңгір ете қалды?
- Қалай ойлайсың, әңгіме әрі қарай оқиға немен жалғасуы мүмкін?
3 – бөлімді оқу.
- Оқиғаға тағы кім қосылды?
- Осындай жағдай саған таныс па? Сенің басыңда осындай жағдай болды ма? Қалай жол таптың?
- Осы жерде сен үшін ең қызығы не болып тұр? (Сен нені тезірек білгің келіп тұр?)
- Әңгіме немен аяқталуы мүмкін? Сенің олай ойлауыңа не себеп?

4 – бөлімді оқу.


- Ақсақал қандай ой түйіндеді? Мәуленнің ұрлығын кешірді ме? Неліктен? Қалай ойлайсың?
«Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі ғой» дегенді қалай түсіндің? Бұл сөздің мәтіндегі оқиғаға қандай қатысы бар? Дәптеріңе жазып ал.
- Мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөзді дауыс ырғағымен ерекшелеп айтып көр.
- Мәтіндегі басты кейіпкерлерге сипаттама беру.
Сергіту сәті. Сынып оқушылары жұптасады. Жұптағы оқушының бірі – мүсінші, екіншісі – мүсінделуші саздың рөлін атқарады. Мүсінші саздан тәртіпті баланың бейнесін жасап шығаруы керек. Сосын орындарын ауыстырады. Кімнің мүсіні әдемі шыққанын атап өту керек.
Осы жасалған мүсіндердің ішінен жақсы деген үшеуін таңдап алу. Оларды біздің басты кейіпкерлерімізге балау. «Сырсандыққа» салған жақсы қылықтарымыздың қайсысы кімнің бойынан табылып отыр деп ойлайсың?
- Сол жақсы қылығымызды басты кейіпкерлерге жапсыру.
- Мінеки, балалар, бүгін біз мүсін жасап шығардық. Әрқайсысымыз осы кейіпкерлеріміз сияқты болуға тырысайық. Бұл барлығымыздың қолымыздан келеді деп ойлаймын, себебі бұл мүсіннің авторы өздерің!
- Бүгінгі сабағымызға қандай нақыл сөз, мақал - мәтел сай келуі мүмкін. Дәптеріңе жазып ал.
- Ал сенің сыныптастарыңның ішінде Саша мен Мәулен сияқты достарың бар ма? Жалпы, сыныптастарыңды жақсы танисың ба? Ендеше біз бүгін «Танысу картасын» толтырып көрелік.

Сабақты қорытындылау. Мәтін соңындағы сұрақ – тапсырмаларды орындау. Осы мәтіндегі кімнің орнында болғанды қалар едің? Неліктен?

Үйге тапсырма. Мәтінді оқу, сыныпта айтылмай, мән берілмей қалған қандай жәйттар бар екенін қарастырып келу. Сыныптастарыңның ішінен көңілің толмай жүрген көршіңе арнау жаз.

Сабактын та0ырыбы Жұбан Молдағалиев «Ар-ұят» туралы сабағы.

Сабақтың өту әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, топтау, ой жинақтау, көрнекіліктер мен жұмыс, талдау.


Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, география, өлкетану.
Өту барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.
ІҮ. Қорытындылау:

Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан.


Анық төмен болмай ма хайуаннан?
Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былғағаннан.
Шәкәрім Құдайбердиев.

Ынсап - ұят, ар - намыс, сабыр, талап,


Бұларды керек қылмас ешкім қалап.
Терең ой, терең ғылым іздемейді,
Өтірік пен өсекті жүндей сабап.
Абай Құнанбаев.

Білімділік: Жерлес ақиық ақынымыздың өмірі мен шығармашылық жолынан мағлұмат беру.


Дамытушылық: Тіл байлықтарын, шығармашылық қабілеттерін, ізденімпаздық деңгейлерін дамыту.
Туған жерді қадірлеп, сүйе білуге жұмылдыру.
Тәрбиелік: Сабақты халықтық педагогикамен байланыстыра отырып, Абайша айтқанда Толық адам тәрбиелеу. Адамның бойындағы ең жоғары қасиет ар - намысты жоғары қоятын жеке тұлға тәрбиелеу.

1920 жылы 5 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданындағы Жыланды ауылында туған.


Әр бала жатқа білетін, қазақ рухын асқақтатқан “Мен қазақпын” дастанын жазған дара тұлға – ұрпағына өлмес мұра қалдырды.
“Жесір тағдыры”, Айттым сәлем”, “Қыран дала”, ”Сел”, ”Байқоңыр баспалдақтары ”т. б дастандары, том-том туындылары, Жұбан Молдағалиев атын ғасырдан-ғасырға жеткізе береді.
Біз, ұрпақтары, Жұбан аға есімін Қазақстан мен ҚСРО Мемлекеттік сыйлықтарының иегері болғаны үшін емес, біртуар ірі Қазақ болғаны үшін ардақтаймыз.
Бүгін, біздер, Жұбан атамыздың “Ар - ұят ”туралы өлеңімен танысамыз.

Сабағымыздың тақырыбы: “Ар-ұят”туралы.


- Балалар, ар, ұят, намыс, ождан дегенді қалай түсінесіздер?
- Ар, намыс, ұят туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтып көрейік.

1. Әрлі болғанша, арлы бол.


2. Ұялмаған арын жейді
3. Ұлдың ұяты – әкеге,
Қыздың ұяты – шешеге.
4. Арыңды жасыңнан сақта.
5. Өлімнен ұят күшті.

1. Өлеңді мәнерлеп жатқа оқу


2. Өлеңнің мазмұнын талдау.
3. Өлеңге талдау жасау

Өлең тармақтардан тұрады. Оны өлең жолдары дейміз.


Әр тармақ бунақтардан тұрады. Бунақ дегеніміз тармақтардың ырғаққа бөлінуі.
Бунақты буын жасайды. Өлең тармақтарының санына қарай шумақ шығады.
Қазақ өлеңі көбіне 4 тармақтан тұрады. Әр тармақтың аяғындағы буындар үндестігінен ұйқас шығады.
Анафора – өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі жол басында қайталану.
Эпифора – өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі жол аяғында

Қайталану.


Ұятпен надандық өлшенеді,
Ұятпен адалдық өлшенеді,
Ұятпен арамдық өлшенеді.
“Ажалдан әркім - ақ бір өлер,
Ұяттан бір емес, күнде өлер.
Ұят ол – өлімнен күшті “деп,
Ұятқа ежелден түнеді ел.

Жігіт пен қарияның айтысы:


Қазақ қарт - Ол ұят!
Автор: - деді сол қазақ қарт, -
Қазақ қарт: - Өлсең де ожданнан безінбе!..
Автор: Жас жігіт күлді оны мазақтап:
Жігіт: - Ұятың нан болса, езіп же.
Қазақ қарт: - Жеп келем, жеп келем туғалы
Адам боп жүргенім сондықтан, -
Автор: Деп қария тепсініп тулады.
Әттең тек жігіт жоқ оны ұққан.
Жігіт: - Мен емес ұят деп өлетін,
Автор:- деп жігіт айтысты тұжырды.
Қазақ қарт:- Сен де бір өліксің ендеше,
Тірі боп жүрсең де санақта.
Адам ол өледі мен десе
Ұяттан айрылған сағатта.

1. Бұл өлеңнің мазмұны не туралы?


2. Жігіттің өзінен үлкен адаммен айтысуы дұрыс па?
3. Адамның қандай адамгершілік қасиеттерін білесіздер?
4. Сіздер үлкен адаммен айтысар ма едіңіздер? Анафора - өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі жол басында
қайталану.
5. Жігіт дөрекі сөздер қолданған ба?

1991 жылы мамыр айында Құрайлысайда Ж. Молдағалиевке ескерткіш орнатылған. Оның ашылу салтанатына Қ Мырзалиев, А. Бақтыгереева, ақынның жұбайы Софья апай мен ұлдары Қуандық пен Азамат қатысты.


Тебіреніп тобылғы мен тораңғы
Туған жердің шуағына орандың.
Азамат боп кетіп едің бір кезде,
Ауылыңа ескерткіш боп оралдың! - деп Қадыр Мырзалиев “Ақын рухымен сырласу” өлеңінде толғаса, Ақұштап Бақтыгереева “Халқым, өмірге Жұбанша биіктен қараңдар, үлкендерді Жұбанша сыйлаңдар, Жұбандай әулие ұрпақ өсіріңдер!”- деп салиқалы сөзін жиналғандарға арнаған.
Суырып салма ақын Сағынтай Бисенғалиев сол салтанатта
Болады бүгін қалай жырым мұңды
Бейнеңе қарап тұрып сыр ұғындым.
Өлеңнің өлкесінде қыран едің,
Тауыпсың туған жерде тұғырыңды - деп жүрекжарды арнауын арнады

Қорытынды: - Балалар! Біздер бүгін кімнің қандай еңбегімен таныстық. Жерлес, ақиық ақынымыз Жұбан Молдағалиевтің “Ар - намыс”туралы еңбегімен таныстық.


- Нені ұқтық?
- Нені білдік?
- Қандай болу керекпіз?
- Жұбанша елімізді сүйіп, жақсы оқып, үлгілі болу керекпіз...

Тақырыбы: Тарқаған өкпе.


Мақсаттары: Білімділік: Оқушыларға сабақтың мазмұнын түсіндіру, негізгі идеясын ашу, өз ойларын тұжырымдап қорытынды шығаруға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін, ой - өрісін сөздік қорын молайту, танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды достыққа тәрбиелей отырып, жақсы және жаман қасиеттерден айыра білуге үйрету.
Әдіс - тәсіл: Әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Көрнекілік: «Асығыс түбі өкініш, ойланып алмақ - сабыр сол», «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» М. Әуезов.

Сабақтың барысы.


Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу: Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.

Үй тапсырмасын сұрау. (шеңбер бойымен әңгімелеу)


а) Беріктің газетті рұқсатсыз алып кетуінен қандай келеңсіздік туды?
ә) Беріктің: «Бір газетке бола ренжімес. Онда тұрған не бар?!» деген ойына сен не айтар едің?
б) Берктің қылығына көзқарасың қандай:
а) Ұрлық деуге болады
ә) Көңіл аударуға тұрмайтын, ойланбай жасаған іс.
в) Егер Берік өз үйінде, үстел үстінде жатқан газетті байқап қалса, оқиға қалай өзгерер еді деп ойлайсыз?
г) Әңгіме неліктен «Өкініш» деп аталған.

Жаңа сабақ.


1. Қызығушылығын ояту.
- Бүгінгі сабақтың тақырыбын өздеріне тапқызу.

А) Көкте бар


Құмда жоқ
Сөлде бар
Суда жоқ (Ө)

Ә) Кептерде бар


Торғайда жоқ
Бөктерде бар
Тоғайда жоқ (К)

В) Партада бар


Тақтада жоқ
Арпада бар
Мақтада жоқ (П)
Каталог: uploads -> doc -> 0293
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0293 -> «Оғызнама» дастаны 6 ғасырда аударылған тіл : а араб в моңғол с парсы д славян е грек


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет