Сабақтын мақсаты : Күзгі табиғат көрінісін көре білуге, күз айларындағы табиғат өзгерістерін, құбылыстарын бейнелеуге үйрету



бет1/2
Дата25.08.2017
өлшемі484,84 Kb.
#26918
түріСабақ
  1   2
ПЕЙЗАЖ. КҮЗ КӨРІНІСІ

Г.А. Шоранова

Райымбек ауданы

№2 Кеген орта мектебі

Бейнелеу, сызу, технология пәні мұғалімі
Сабақтын мақсаты: Күзгі табиғат көрінісін көре білуге, күз айларындағы табиғат өзгерістерін, құбылыстарын бейнелеуге үйрету.

Білімділігі, дамытушылығы: Табиғат көріністерін, сұлулығын көре біліп дурыс бейнелей білуге, бояу тустері жайлы оқушының ой-өрісін дамытып, шығармашылық қабілетін ұштау, сурет салуға икемділік дағдыларын қалыптастыру.



Тәрбиелілік: Табиғат көрінісін бейнелей отырып туған жердің табиғатын аялауға, қорғауға, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: күз көрінісі бейнеленген иллюстрациялар, Қазақстан суретшілерінің шығармалары, интерактивті тақта, слайд.

Құрал-жабдықтары: пішімі А4 сурет дәптер, акварель бояу, қылқалам, өшіргіш, су құятын құты.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі : түсіндіру, үйрету, сұрақ-жауап, ребустар шешу.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

-оқушыларды түгендеу;

-құрал-жабдықтарын тексеру;

-үй тапсырмасын бағалау.

ІІ Өткен сабақты қайталау: Сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып өткен сабаққа шолу жасалады.

ІІІ Жаңа сабақ.

-Бейнелеу өнерінің жанрлары живопись орындау ерекшеліктеріне қарай натюрморт, портрет, пейзаж, тарихи жанр, батальдық жанр, анималистік жанр деп бөлінеді.

-Біз бүгін осы жанрлардың ішіндегі «Пейзаж» өнеріне тоқталамыз. Яғни, күзгі табиғатттың сұлу көріністерін ақ қағаз бетінде акварел бояумен бейнелейміз.

Дәптермен жұмыс: Күннің реті мен тақырып жазылып, «Пейзаж» француз сөзі, аударғанда «табиғат көрінісі» дегенді білдіреді.

«Перспектива» латын сөзі, аударғанда «көрініс» дегенді білдіреді. Слайд арқылы Қазақстан суретшілері О.Таңсықбаев, Ү.Әжиев, М.Кенбаев күз көрінісіне байланысты салынған шығармаларын таныстырып, талдау жүргізу.

Слайдта көрсетілген суретшілер шығармаларын өнер тілінде- «пейзаж» деп аталатындығына анықтама берілді.

Жылдың төрт мезгілі бар. Олар: көктем, жаз, күз, қыс. Біз бүгінгі сабағымызда күз мезгіліне композиция құрамыз. Күзгі табиғат көріністері буырқанған жылы түсті бояуларға толы болады. Жылы түстер (сары, қызыл, қоңыр топтамалары). Күз айында егін алқабы пісіп, жеміс-жидектер толық теріліп, шөп мая-мая болып, әр үйде жиналып, барша табиғат ерекше бір күйге енетініне куә болғандаймыз. М. Мақатаев «Жапырақтар» туралы өлеңін бір оқушыға оқытып, өлеңдегі бейнеленген көріністі жан-тәндерімен сезінуге ықпал жасау, өлеңге ойша композиция құру.

Табиғат көрінісін бейнелеуде алыс-жақын, астында-үстінде, жанында ұғымдарын қалыптастыратын перспектива заңдылықтарына түсініктеме беру.

Акварель бояуымен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілін практика жүзінде естеріне түсіру.



Практикалық жұмыс.

Сурет салу 3 кезеңнен тұрады:



1-кезең. А3 пішім бетіне көкжиег сызығын жүргіземіз төменгі бөлігі жер беті блып есептелінеді. Көкжиег сызығы үстіне тау, бел-белестер бейнесі орындалады белестер етегіне орман-тоғай көріністерді сайдан ағып шыққан өзен жол төмендеген сайын перспкетива заңдылығына сәйкес кеңейе түседі. Жақын тұрған ағаш, маяланған шөптер,тас т.б анық көрсетеміз.

2-кезең. Тауға, ағашқа, бел-белестерге, ағаш бұталарына түскен жарық көлеңкелерін кеңістікте бейнелеп көрсету қажет. Алыстағы көріністердің бояулары солыңқы (қанықпаған ашық) кейбір бейнедегі бояулар қою боялады.
3-кезең. Ауа перспективасы заңдылығын ұстана отырып боялмаған көріністерді толығымен бояп, кейбір жақын тұрған бейнелерді котнтулап пейзажды аяқтаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет