Сахи Романов (1926-2002 жж.)



Дата10.11.2016
өлшемі236,78 Kb.
#1427
Сахи Романов (1926-2002 жж.)

(суретші Сахи Романов шығармашылығына байланысты

библиографиялық шолу)
Сахи Романов 1 тамыз 1926 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында туған. Қазақ ССР-нің халық суретшісі, «Қазақфильм» киностудиясының жетекші мамандарының бірі. Сахи Романовтың шығармашылығы ең алдымен, кино суретшісі ретінде, содан кейін станокты живопись пен графикалық жұмыстарды өзара тығыз ұштастыра жүргізе білуімен ерекшеленеді.

Сонымен қатар, жанрдың ерекшеліктеріне қарамастан оның барлық шығармалары бай мазмұнымен, баяндалу үлгісінің нақтылығымен, өзіндік айқын қолтаңбасымен, өмірді терең түсінуі сияқты творчестволық ізденісінің сан қырлылығымен дараланды.



Сахидің өзгелерден ерекше өзіндік «үні» алғаш рет 1955 жылы, қазақ халқының «Қырық өтірік» ертегісі бойынша салған суреттері қойылған республикалық көрмеде естілді. Сахидің шығармаларын сыншылар қауымы да дер кезінде лайықты бағалап, көрермендер де жылы қабылдады.

Суретшіні халық арасынан шыққан тазша баланың айбарлы да ақымақ ханды тапқыр оймен, өткір ақылымен үнемі алдап жеңіп отыратын таңғажайып тапқырлығы ерекше толғандырады. Халық ертегісінің әлеуметтік табиғатын терең танып білді және ертегі кейіпкерлерінің өмір шындығынан алынғандығын дөп басып көрсете алды.

Сахидың көркемдік топтамаларының айтулы дәрежеде сәтті шығуы,

мүмкін, оның ертегі мазмұнын талдап-тарқату барысында көркемдік әдіс-тәсілдерге қосымша өмірден тікелей өз байқағанымен көріп сезгенін, әрі жақсыға қуанып, жаманға жиренуін сыналап ендіре білуінде болса керек.

Ол осы иллюстрацияларды салған кезде өзінің әке-шешесінен ерте айырылып жетімдік көрген жылдарын,алуан мінезді адамдармен кездесулерден алған өмірлік тәлім-тәрбиесін, туған ауылындағы балалалық шағын есіне түсірген болар.

Жасынан ерте есейіп, жетімдік пен жүдеуліктің бейнесін тартқан Сахиды Орынбор облысындағы Сарықташ ауданы, Ельшанка селосында орналасқан балалар үйіне әкелгенде, ол әлі сегізге толмаған еді. Кейін Калинин атындағы совхоздың интернатында жүрген жерінен Орынбор қаласына келіп, қол өнер училищесіне түседі. Осы кезде, бейнелеу өнеріне қабілеті бары байқалады.

Ол оқуын заводта істеген жұмысымен ұштастыра отырып, көркем сурет студиясына қатысуға да уақыт табады.

Сахи Ұлы Отан соғысы басталғанда Харьков қаласынан көшірілген қару-жарақ жасап шығаратын заводқа жұмыс істеуге жіберіледі. Осы кезде эвакуацияда жүрген белгілі суретшілері В.П.Ефанов пен Г.К.Савицкий Мәдениет үйінде өткізілетін студия сабағына жетекшілік етеді. Олар өздерінің ақыл, кеңестерімен-ақ Сахидың суретші болуына ықпал жасайды. Ол 1944-47 жылдары Москваның көркем сурет орта мектебінде, ал 1947-48 жылдары Ленинград қаласындағы И.Е.Репин атындағы институтта оқиды.

Алматының баспаларында бірәз уақыт қызмет атқарғаннан кейін Сахи оқуын қайта жалғастырады. Ол 1950 жылы бүкілодақтық кинематография институты көркемдеу факультетінің екінші курсына түсіп, оны 1955 жылы ойдағыдай бітіріп шығады.

«Қырық өтірік» ертегісі бойынша салынған суреттер - Сахидың дипломдық жұмысы боп саналады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, автордың балалық шағы осы ертегінің басты кейіпкерінің өміріне ұқсас, сондықтан да ол өзінің кішкентай прототипіне аса жауаптылықпен, сүйіспеншілікпен қарайды.



Сахи бүкілодақтық кинематография институтында Ф.С.Богородский, Г.М.Шегель, Ю.И.Пименов, т.б. сияқты әйгілі шеберлердің жетекшілігінде оқып, білім алып шыққаннан кейін «Қазахфильм» студиясында қызмет атқара бастайды. Ол, «Біз осында тұрамыз», «Қанатты сыйлық», «Өмір жолы», «Із көкжиектен асып барады», «Даладағы қуғын», «Алдар көсе», «Ән қанатты»,

«Найзатас», «Құлагер» және тағы басқа көркем фильмдерге суретші - қоюшы ретінде қатысады.



Киносуретшісінің міндеті өте көлемді. Бірақ, суретшіге байланысты біраз шаруалар және тағы басқа «жұмыс материалдары» киностудияның өзінде қалады. Алайда Сахидың шеберханасында осы күнге дейін сақталған, 50-ші жылдардың фильмдеріне жасалған біраз эскиздер мен нобайлардан сол кезеңдегі кинематографияның даму бағытын айқындап беретін.

Сонымен бірге тың игеру тақырыбына арналған «Біз осында тұрамыз» фильміне суретші жасаған костюм эскиздерінен, сондай-ақ Түрксибтің алғашқы құрылысшылары туралы түсірілген «Өмір жолы» фильмінің кадрлық суреттерінен оның өмірді және сценарийлік шешімге өзінше түйін жасауға ұмтылғанын байқау қиын емес. Бұл түрлі түстерді жетілдіруден, жарықты түрлендіру мен кино кадрларының іріктелуінен анық байқалады.

Киноға түсіретін шығармашылық ұжыммен республиканы аралаған сапарларынан ол өзінің станоктік шығармаларына мол материал жинап қайтады. Дәл осы кезеңнен бастап суретші фильмдерге сурет салу мен станокті шығармалар жасауды қатар қолға алып қана қоймайды, бұл екі жанрды бірімен-бірін ұштастыра жүргізіп, жемісті еңбек етеді. Оның кез келген жұмыстарынан өзін қоршаған болмысты, халық өмірінің қайталанбас ерекшеліктерін терең зерттеуді әдетке айналдырғаны аңғарылады.

Бұл кезеңдегі Сахи шығармашылығында ізденіс үстінде «өз бағытын айқындап» тақырып таңдау, өмір құбылыстарын өз тұрғысынан бағалау сияқты сурет салудың тиімді әдістерін зор маңыз ала бастайды. Көріністің ішкі терең мазмұнын, оның әсер күшін арттыру жолында бейнелеу әдістерінің мүмкіндігін толық пайдалануға ұмтылады.

Халық композиторының музыкадада жасап кеткен сом тұлғалы бейнелерін лайықты түрде көрсетудің қиын міндетін сәтті шешіп, суретші 1960 жылы «Құрманғазының өмірі мен шығармашылығы» деген сериялы туындылар жазып шығарды. Автор күйлерді шығаруға негіз болған халық өмірінің жарқын беттерінен айшықты көріністермен шынайы бейнелейді.

Өзі үшін өмірлік қажеттілік болып табылатын болмысты жете түсіну жолында қажымай-талмай үздіксіз еңбектенуі,сөз жоқ, Сахи шығармаларының әсерлігін арттыра түскен. Ол ең алдымен өзінің нұсқауларында болашақ кинофильмдер мен қондырғы суреттер үшін типаждауды үйреніп композиция тобын құрады, түстердің өзара айқындылығын анықтау жолында нақтылы мақсат қояды, содан кейін бұл айтылғандар оның творчествосынан өз алдына нақтылы ие болады.

Суретшінің өзі айтқанындай,табиғат аясында шығарма жазғанда ол көз алдында «туған жердің түтіні көрінетіндей етіп салуды» мақсат тұтады.

1969 жылдың жазында орындалған этюдтерден Сахидің тәсіліне лайықты ізденістерді біртіндеп қалыптасқан өзіндік шығармашылық бағыты байқалады.

Егер автор ертеректе сыртқы пішіннің ерекшеліктерін жете сезіне отырып, нұсқа мен кескінге баса көңіл аударған болса, енді ол үшін ең бастысы түрлі түстерді құбылтып беру болып саналады. Оның шығармасынан белгілі бір дәрежеде, бірыңғай графикалық жұмыстар да орын алған. Мәселен, «Өмірдің үзік сырлары» деп шартты түрде аталған серия жанрлық, сондай-ақ, портретті суреттермен үнемі толықтырылып келеді. Бірақ, ол өзі үшін осы кескіндемені этюдтерден тек бояулар түсімен ғана аңғаруға болатын сезім мен бейнелер әлемінің құпия сырын ашқандай болады. Сахи ең алдымен, жеткізейін деген ойын егжей-тегжейлі ақтара салмай, көңіл күйді білдіруге мүмкіндік беретін живописьтің тас-түйін тұтас бірлігін іздестіреді.

Живописьті шығармаларын әсерлі етіп салу суретші үшін басты мақсат емес. Сахидың айтуы бойынша ол сурет салғанда бар ынта-ықыласымен бақылап жүретін жергілікті тұрғындар бояулардың әдеттен тыс көп мөлшерде жағылып жатқанына ешбір таң қалмайтын көрінеді.

Сөйтіп Сахидың живопись салудағы тәсілі барған сайын еркін және бейнелі сипат ала бастайды. Өзіндік ұлттық өрнегі мол Сахи шығармалары жай схемалы сурет қана емес. Оның «тамыры» тым тереңде, суретшінің өмірді терең сезінуінен, болмыспен тікелей араласуынан туындаған. Оған Отан бейнесі халық өмірінің дәстүрлі тыныс-тіршілігімен немесе бояулардың белгілі бір жарасымды үйлесімен анықталмайды. Ол бейне туған жердің тынысын терең түсінуден, онымен үнемі үзілмейтін жанды байланысты сезінуден туындап отырады. Сахи шығармаларының мазмұнды болуы табиғатын жанды сұлулығын шын мәнінде асқақ сезіне білуінен, сондай-ақ, ішкі ой-сезімін, көңіл - күйін дөп басып жеткізе алатын шеберлігінен деп ұғынған жөн. Егер біз оның халық шығармашылығымен байланысы туралы айтар болсақ, онда Сахи шығармалары буырқанған күш-қуаты бойын кернеп жатқан тұмса табиғат кең тынысымен көрінер асқақ күйлердің әсерін әкелгендей болады. Суретші өзінің «Таулар симфониясы» деген триптихында дәл осылай әсерге жетуді көздеген.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, табиғаттың аясында жүріп суреттер салу бейнелі ойлаудың өзіндік мектебіне айналды, суретшінің дүниетанымына айтарлықтай әсер етті, оның неғұрлым кең программалы шығармалар жазуы үшін қолайлы жағдай жасады. Суретші өз халқының тарихы мен тағдырының кіндік қаны тамған туған жерінің ең маңызды кезеңдерін бейнелеуді «Отан аспанының аясында» атты трилогиясымен аяқтайды.

Суретші жасаған бейне айқын нышан болғанымен онда белгілі бір өмір шындығы барын жоққа шығаруға болмайды. Бұған суреттің монументі құрлысында жаңа мәнге ие болған халықтың күнделікті тұрмысында жиі кездесе беретін бөлшектер көмектесіп тұр. Аспан мен жер реңін өз бойына сіңіріп алған кілем күн нұрынан тоқылғандай, бесік формасы жағынан қарауытқан төбелерді қайталағандай-осының бәрі образдың тұтас шығуына мүмкіндік беріп, оның мазмұнын толықтыра түскен.

Шеберханада жазылып жатқан шығармалардың өзі оның үнемі шығармашылық ізденіс үстінде жүретіндігін білдіреді. Тың тақырыбын жаңа тұрғыда шешу жолында көп сериялы «Мыңбаев атындағы совхозының егіс даласы» атты пейзаждар жазды. Алып құрлыстардың ардагерлері, Балқаш балықшылары туралы жаңа суреттер циклін жазу да ойында бар.

Осы айтылғанның өзінен-ақ суретшінің шығармашылық диапазонының қаншалықты кең екенін аңғару қиын болмаса керек. Сахи аса көрнекті кеңес суретшілерін - өзінің ұстаздарын мақтанышпен еске алады. Оларға ең алдымен, барлық уақытта жарқын ойдың жеңіске жеткізетінін, ізгі парасаттылықтың жауыздықтан үстем болатынын үйреткен реалистік өнердің жоғары адамгершілік мұраттарына тәрбиелегені үшін әрқашанда алғыс сезімін білідіріп отырған. Сахидың шеберханасында өзінің төл еңбектерінен басқа сөре-сөре кітаптар да бар, сондай-ақ, халық шығармашылығының тұтас музейі дерлік заттар мен бұйымдар да қастерлеп сақтаулы. Халық шеберлерінің қолынан шыққан бұл дүниелер туған табиғаттың бояуларын өзіне сіңдіріп, жұмыс істеуге қолайлы ахуал туғызып, қолға алған шығармаларын шабытпен жазуға ықпал етеді.

Сахи Романов суретші ғана емес, елінің асыл мұратты азаматы. Балалық шағы ауыр қиыншылықта өткен ол өмірге соншалықты құштар-ақ. Күн нұрына малынып, төсінде еңбек дүбірі қайнап жатқан туған жерін, оның бейбіт өмірін ол іңкәрлікпен сүйеді. Ол әрқашанда аспанның ашық, адамдардың бақытты болуын көргісі келеді, халқының жасампаз еңбектегі табыстарын зор мақтан тұтады.

Суретші шығармашылығының өзіндік ерекшелігі туған жерінен нәр алып, тамырланып «өз бойынан» тарауда, ал азаматтығы-туған жерінің тағдырымен бірге екенін жүрегімен сезінеді.

Сахи деген ат «жомарт» деген ұғымды білдіреді. Бұл сөз, сірә, бәрінен бұрын оның шығармашылығының ерекшелігін анықтап беретін сияқты. Жомарттықты суретші өзінің шығармаларында жүзеге асырып келеді. Бұл оның өмірге деген шексіз махаббатынан анық аңғарылады.


Өмірі мен шығармашылығы жайындағы әдебиеттер.


  • Сахи Романов:Альбом-Алматы:Өнер,1987.-144 бет.

  • Тарихи тұлғалар. Танымдық көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. А.: Алматыкітап,2006.-298 бет.

Құрастырушы: Казиқанова А.Қ.



ақпараттық-библиографиялық бөлім
Каталог: Library -> Librarykz -> vobzori
Library -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
Library -> Азамат Тілеуберді
Library -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
vobzori -> Сұлу сөздің Сардары
vobzori -> «Ұланғайыр даланы сыйғызатын журек» атты Жубан Молдағалиев туралы өмірбаяндық очерк Биографический очерк о Жубане Молдагалиеве «Сердце, в котором умещается степь»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет