Сайрам ауданы әкімінің У.Қайназаровтың 2010 жылғы атқарған жұмыстары туралы есебі



Дата18.03.2017
өлшемі151,65 Kb.
#11889
Сайрам ауданы әкімінің У.Қайназаровтың 2010 жылғы атқарған жұмыстары туралы есебі

 

Сайрам ауданының әкімі У.А.Қайназаровтың                                     2010 жылдың әлеуметтік- экономикалық даму қорытындысы бойынша есебі          

         

Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі  ол біздің ішкі дамуымызға зор серпін беріп, еліміз бен Елбасымыздың еңсесін асқақтата түсті.

Жылды табысты аяқтаған облысымыздың қол жеткізген жетістіктерінде ауданымыздың да үлесі бар екендігі белгілі.

         Ауданда өнеркәсіпте, шағын және орта кәсіпкерлікте, ауыл шаруашылығында жоспарлаған межелер артығымен орындалып, едәуір өсімдерге қол жеткіздік. Білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау салаларында да ауқымды жұмыстар атқарылып, қордаланған проблемалар өз шешімін тапты.

Өткен жылы  аудандағы түйткілді мәселелерді анықтау мақсатында келген  облыс әкімі жанындағы жұмысшы топ  елді-мекендерді аралап,  шешуді қажет ететін 171 мәселені айқындап  берген болатын. Осыған сәйкес, олардың ішінен 61 жоба  іріктелініп, оның 57-і тікелей облыс әкімінің ықпалымен  оң шешімін тапты. Ал 23 жоба ауданның  өз мүмкіндіктерімен  жергілікті бюджет есебінен жүзеге асты.

Ауданның өз  мүмкіндіктерін барынша іске қосу арқылы ішкі резервтерді толық пайдалану жөніндегі бірінші кезектегі іс- шаралары анықталып, сол бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде аудан экономикасы мен әлеуеті есепте кезеңде тұрақты дамумен сипатталып отыр.

Ауданның әлеуметтік- экономикалық жағдайына және алда тұрған міндеттерімізге қысқаша тоқталып өтсем.

  Бюджет. Жыл басында ауданның 2010 жылға арналған бюджетінің көлемі 9005,9 млн.теңге, оның ішінде өзіндік кірістер 1 493, 8 млн.теңге немесе 16,5 пайызын  құраған болатын.

2010 жылы аудан бюджеті 8 рет нақтыланып, кірістер жоспары 11477,9 млн.теңгені, оның ішінде өзіндік кірістер 2193,1 млн. теңгені немесе 19,1 пайызын құрады.

Ауданда бюджеттің кірістер көлемін арттыру және қосымша резервтерді анықтау мақсатында жұмысшы тобы мен іс-шаралар жоспары құрылып, салық көздерінің көлемін арттыру бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде өзіндік кірістер 700,0 млн  теңгеге ұлғайтылып, басым мақсаттағы шығындарға бағытталды.

Бұл қаржы негізінен 3 аусымда оқитын және апатты жағдайдағы  мектепке қосымша сыныптар салуға, облыстық бюджеттен бөлінген трансферттерді қоса қаржыландыруға, Анартаев мектебінің құрылысына, көріктендіру-абаттандыру жұмыстарына, жобалық-сметалық құжаттар дайындауға, Жібек-Жолы ауылындағы проблемалары болып отырған ауыз-су мәселесін шешуге,  су жүйелерін жөндеуден өткізу мен сатып алуға, бала-бақшалар ашуға және тағы да басқа шешілуі тиіс мәселелерге жұмсалды.

Осы жерде айта кететін бір мәселе, ауданымызға жыл басында мектеп құрылысына облыстық бюджеттен бөлінген трансферттердің          494,9 млн.теңгесін аудан бюджеті есебінен қоса қаржыландыруға қол жеткіздік.

 Аудан  бюджетінің  контингент  бойынша  кірістер жоспары  жыл қорытындысы бойынша 109,5 пайызға немесе 279,2 млн.теңгеге,  ал аудан бюджетінің өзіндік  кірістерінің   жоспары  105,5  пайызға немесе 120,1 млн.теңгеге   артық орындалды.

          Сонымен қатар, шешімін қажет ететін мәселелердің барлығын тек бюджет есебінен шешіп қана қоймай, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде де жобаларды жүзеге асыру қолға алынды. Аудан әкімдігі, жұмыс берушілер мен кәсіпорындар арасында өзара ынтымақтастық туралы 290 меморандум, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында  25  меморандум түзілді. Бүгінгі күнге Меморандумдарда көрсетілген іс-шаралар орындалып, әлеуметтік саланы дамытуға бизнес құрылымдары есебінен 368 млн. теңгенің жұмыстары атқарылды.

            2011 жылы бюджет саласындағы басты мақсатымыз – қосымша кіріс көздерінің барлық резервтерін анықтап, ауданның өзіндік кірістер көлемін 3 млрд.теңгеге дейін жеткізу болып табылады.



Өнеркәсіп. Аудан кәсіпорындары жыл басынан бері 16,6 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 18,5  % артық. Бүгінгі таңға ауданның облыс өнеркәсібі көлеміндегі үлесі 5,4 пайызды құрап отыр. Ауданда өнеркәсіп өндірудегі басты басымдық- өңдеу өнеркәсібі болып табылатындықтан, оның көлемі қазіргі таңда 91,6 пайызға жетті.

       Жыл басынан өндірістің кеңеюі, жаңа кәсіпорындардың ашылуы есебінен ауданда 7 орта кәсіпорындарында 595 жаңа жұмыс орындары ашылды. Атап айтқанда: металл өңдеу саласында қуаттылығы жылына 40 мың тонна  металл конструкциялар, профнастилдер, сэндвич панелдер шығаратын 2 кәсіпорын:  «Alageum Electric» АҚ іске қосылып, 20 жаңа жұмыс орны «Шымкент металлоконструкция заводы» (ШЗМ) ЖШС  іске қосылып, 56 жұмыс орны ашылды.           

        Тамақ өнеркәсібі саласында  қуаттылығы жылына 2,0 мың тонна ет өңдейтін «Алма» селолық тұтыну кооперативі және  жылына  840 мың литр минерал суын құятын «Манкент АКВА» ЖШС-і іске қосылып, 30 адам жұмыспен қамтылды.

Облыс көлеміндегі макарон өнімдерінің 36 пайызын шығаратын  «Барыс-2007» ЖШС  өз кәсіпорынын кеңейтіп,  24 қосымша  жұмыс орнын ашты. Бүгінгі таңда кәсіпорында 144 адам жұмыс атқарады. «Мадина» маркасымен макарон өнімдерін шығаратын аталған кәсіпорын 2011 жылы құны 500,0 млн.теңге тұратын өнімнің жаңа түрін шығаратын жаңа жүйені іске қосуды жоспарлап отыр.

         Сонымен қатар, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы  көлемінде  ашылған  мақта өңдейтін «Оxi  текстиль», «Хлопкопром Целлюлоза» ЖШС кәсіпорындары есебінен  145 жаңа жұмыс орны ашылды. Осыған байланысты ауданда тоқыма өнеркәсібінің қарқынды  дамуы күтілуде.

Құрылыс материалдарын өндіру саласында Тассай ауыл округіндегі «құрғақ» тәсілмен жылына  1 млн тонна цемент өндіріп, сатуды жоспарлап отырған  «Стандарт Цемент» ЖШС 2010 жылдың желтоқсан айында іске қосылып, 300  адамды жұмыспен қамтыды. 

Өнеркәсіп саласындағы 2011 жылғы басты мақсатымыз - бұл өндірісті кеңейту, жоғары технологиялық желілерді енгізу арқылы  өнімнің жаңа түрлерін өндіру мен басым инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу болып табылады.

 Шағын кәсіпкерлік. Жыл басынан бері шағын кәсіпкерлік субъектілері 8600,0  млн. теңгенің жұмысы мен қызметін көрсетіп, 2009 жылмен салыстырғанда 103,0 пайызды құрады, ал төленген салық көлемі 590,0 млн.теңге. 

        Ауданда  12652 бірлік  кәсіпкерлік субъектілері тіркелді, оның ішінде 662 заңды тұлға, 8146  шаруа қожалықтары, 3844 жеке кәсіпкер тіркеліп, бұл сала бойынша барлығы 45908 адам жұмыспен қамтылды.         

        Сонымен қатар, өткен жылы ауданымызда  66 дүкендер,  қызмет көрсету, тамақтандыру  ет-сүт, ағаш  өңдейтін, жылыжай өсіретін шағын кәсіпкерлік субъектілері ашылып, оларда  230  адам жұмыс жасауда.           

         Аудан көлеміндегі екінші деңгейдегі банктер мен микрокредиттік ұйымдар шағын кәсіпкерлік субъектілерді  қолдауға 2010 жылы  813  млн. теңге көлемінде несие берді.  Оның ішінде «Максимум» АИО арқылы  ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласында  барлығы                         749 млн.теңгелік 88 жоба қаржыланып отыр.

Шағын кәсіпкерлік саласындағы мақсатымыз – бұл аудандағы шағын кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасау арқылы халықты барынша жұмыспен қамту мәселесін шешу, сонымен қатар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде әлеуметтік жобаларды іске асыру жұмыстарын одан әрі жалғастыру.

     Ауыл шаруашылығы. Ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 20457,7 млн.теңгеге жетіп, 2009 жылмен  салыстырғанда 103,2%  құрады.

  Бірінші кезектегі іс шаралар жоспарында ауданда ауыл шаруашылық саласын дамытуға баса назар аударылды. Осы бағдарламаға сәйкес, сүт тауарлы фермаларын ашу, ірі қара мал фермаларына асыл тұқымды мал статусын алу, мал бордақылау орындарын ашу, ет өңдеу цехтарын іске қосу, шаруа қожалықтарын ірілендіру, жылыжай салу бойынша жылдық жоспарлар толығымен орындалды. 2010 жылы  6,96 гектар жылыжай іске қосылып, бүгінде барлығы  14,61 га жылыжай жұмыс істеуде.

Аудан бойынша тамшылатып суғару әдісін ендіруге барлығы                     8 агроқұрылым тапсырыс беріп, тамшылатып суғару әдісін 710 гектарға ендіруге келісім-шарттар жасалынды. Ал 6 агроқұрылымның 198 га жеріне тамшылатып суғару жүйесін «Максимум» аумақтық инвестициялық орталығынан несие алып,  жабдықтаушы компаниялар арқылы ендірді. 2010 жылы аудан бойынша жалпы 493 га жерге тамшылатып суғару жүйесі ендірілді.

Мал бордақылау бойынша облысымыздың өзге аудандарына үлгі етерлік тәжірибеміз бар. Бұл жергілікті халықтың еңбекқорлығының арқасы. Ауданда мүйізді ірі қара мал бордақылау бойынша 78 ферма бар, оларда 11 мыңнан астам мал бордақылануда. Қарабұлақ ауыл округінде мал бордақылау алаңдарын елді мекендерден сыртқа шығару бойынша жұмыстар жүргізіліп, биылғы жылға 4 мал бордақылау фермалары  салынып, сыртқа шығарылды.

Биылғы жылы иесіз 16 каналды комуналдық меншікке алу жұмыстары толығымен аяқталды. Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік актісі жоқ 35 каналға 6100 мың теңге қаржы қаралып, каналдардың мемлекеттік актілері алынды.

        Ауданымыз бойынша 2009-2010 жылдары 28 ағын су жүйесі және гидроқұрылымдар жөндеуден өткізілді. Оның ішінде 2010 жылы аудан бойынша  5 ағын су жүйесіне күрделі және ағымдағы жөндеу, 10 ағын су жүйелеріне механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, аудан бойынша 6899 гектар суғармалы жерге ағын су жеткізіліп, айналымға алынды.

Ауыл шаруашылығы саласындағы басты мақсатымыз – аудандағы басым бағыт  қайта өңдеу саласы болғандықтан, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді барынша дамыту.

Сонымен қатар, аудан тұрғындарының азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, яғни аудан халқының тұтыну корзинасына кіретін әлеуметтік маңызды азық-түліктер түрімен тұтыну стандартына сәйкес толығымен қамтамасыз ету болып табылады.



Білім беру. Ауданда 104 мектеп, оның 76-орта, 25-негізгі, 3-бастауыш, оның ішінде 33 қазақ, 3 орыс, 42 өзбек, 25 аралас тілдегі мектептер және 1 мектеп интернат, 2 музыкалық мектеп, 14 балабақша бар (оның 4-уі жеке меншік).

2010 жылы жалпы білім қорына  68,2 млн.теңге қаржы бөлінді. 2009-2010 оқу жылында ҰБТ бойынша ауданның орташа көрсеткіші 89,6 балл болып, облыс көлемінде 4 орынды иелендік.

2009-2010 жылдары барлығы 29 бала бақша ашылды. Атап айтқанда: 2009 жылы 11 мектепке дейінгі мекемелер (оның ішінде: 10 мемлекеттік, 1 жеке меншік) іске қосылып, 1210 бала немесе 16 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды. 2010 жылы 18 мектепке дейінгі мекемелер іске қосылды. 3 мемлекеттік балабақшаларда қосымша топтар ашылып, барлығы 3025 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды, яғни аудан бойынша мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы санының 32 пайызы қамтылып отыр.

2011 жылы білім беру саласындағы мақсатымыз – бұл «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім ұйымдарының желісін жетілдіру. Яғни 2011 жылы ауданда қосымша 1660 орындық 19 мектепке дейінгі мекемені іске қосу жоспарлануда (Бұл көрсеткіш жалпы бала санының 37 пайызын құрайды). Атап айтқанда :

-Қарабұлақ ауыл округіндегі Қарабұлақ және Құтарыс ауыл округіндегі Төлеби орта мектептерінен 50 орындық 2 мектепке дейінгі шағын орталықтар ашу ;

- Сайрам, Құтарыс, Қаратөбе ауыл округтерінде 300 орындық                       4 мемлекеттік бала- бақша ашу;

- Қарасу ауыл округіндегі 100 орындық 1 мемлекетке қайтарылатын балабақша ашу;

- Арыс, Қарабұлақ, Сайрам, Тассай, Қарасу, Ақсу, Қайнарбұлақ, Бадам, Манкент ауыл округтерінде 1210 орындық 12 жекеменшік бала- бақшалар ашу .

        Жол картасы. Сайрам ауданында «Жол картасы» бойынша 28 жобаларды жүзеге асыру үшін 1268,8 млн.теңге қаржы қарастырылып, жаңадан 1367 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 598,9 млн.теңге, облыстық бюджеттен 669,8 млн.теңге қаралды. Жалпы аталған 28 жобаның 14-і аудан бюджеті арқылы қаржыландырылды.

Жол жөндеу жұмыстары  бойынша 5 жолға орташа жөндеу жұмыстарына  98 млн 177 мың теңге қарастырылып, толығымен игерілді.

        Сумен қамтамасыз ету бойынша жалпы 7 елді мекеннің су жүйлерін ағымдағы жөндеуден өткізуге 34 млн. теңге қаржы қаралып,  толығымен игерілді.

        Мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік нысандардың жөндеу жұмыстары бойынша ауданда 2 мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп,  44 млн. 162 мың теңге  толығымен игерілді.

«Жол картасына» сәйкес, республикалық бюджет есебінен биылғы жылы   100 жұмыссыз азаматтар қысқа кәсіби курстарға жіберіліп, олар тұрақты жұмыспен қамтылды.

       Кәсіби, орта және жоғары оқу орындарын бітірген жастарға «Жастар практикасын» ұйымдастыру жоспары бойынша биылғы жылы 620 адамға қаржы бөлініп, 801 адам жастар практикасына  жолданды.

          Әлеуметтік қолдау

Жұмыспен қамту. Аудан аумағында «Сайрам ауданында халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілген.  Аталған  іс-шараларға  сәйкес, ағымдағы жылы 1968 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, есепті мерзімде барлығы 2247 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жол картасынан бөлек, өңірлік жұмыспен қамту бағдарламасына байланысты  жергілікті бюджет есебінен 80 жұмыссыз азамат кәсіби мамандықтарға оқытылып, толығымен жұмыспен қамтылды. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 5 млн.теңге игерілді.

         Жалпы 2010 жылы 4371 адам жұмыспен қамтылып, жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайыздан 4,9 пайызға дейін төмендеді.

Биылғы жылы  122 отбасына немесе 641 адамға 7 млн. 127 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Есепті мерзімде 22515 балаға 313 млн. 545 мың теңге балалар жәрдемақысы төленіп, жоспарланған қаржы толығымен игерілді,  тұрғын үй жәрдемақысына 18 млн 380 мың теңге қаржы қаралып, аз қамтылған 1241 отбасына тұрғын үй жәрдемақысы төленді.

Мүгедектерді және де басқа жекеленген санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау үшін аудандық бюджеттен  биылғы жылы                26 млн. 939 мың теңге қаржы қаралып, толығымен игерілді. 

Әлеуметтік саладағы мақсатымыз – бұл аудан бойынша  жұмыссыздық пен кедейшілік деңгейін төмендету және аудан халқының өмір сүру сапасын арттыру болып табылады.

      Денсаулық сақтау. Аудан бойынша денсаулық сақтау саласында 426 маман-дәрігер, 1712 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс атқаруда. Әрбір 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету көрсеткіші - 14,6, орта буын медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету көрсеткіші – 58,8  құрайды.

2010 жылда «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес аудан бойынша 5 денсаулық сақтау объектілері 507 млн. 906 мың теңгеге күрделі жөндеуден өткізіліп, бүгінгі таңда пайдалануға тапсырылды.

Биылғы жылы облыстық бюджеттен денсаулық  сақтау мекемелерін медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз етуге               131 млн. теңге қаралып, толығымен игерілді.

        Құрылыс.



Білім беру  саласындағы құрылыстар. Биылғы  жылы ауданымызда білім беру саласында Республикалық бюджет есебінен  3  мектептің, яғни құрылысы  ҚР Президентінің «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасы аясында   2008 жылы  басталған  Қарабұлақ елді мекеніндегі 1200 оқушыға арналған  Фурқат атындағы мектеп, құрылысы 2005 жылы   басталған Сайрам ауылындағы  900 оқушыға арналған З. Хұсанов атындағы мектеп және құрылысы 2006 жылы басталған  Құтарыс ауыл округіне қарасты Оймауыт ауылындағы 250 оқушыға арналған Төлеби орта мектептердің  құрылыстары аяқталып нәтижесінде заман талабына сай мектептер бой көтерді.

 Ауданымызда бірінші кезекте шешуді қажет ететін мәселелердің бірі -   апатты жағдайдағы  мектептердің мәселесі еді. Ауданда үш бірдей мектеп қабырғасы құлаудың алдында тұрды. Олар «Бірінші Мамыр», «Мәдени», «М. Өзтүрік» орта мектептері. Облыс бюджеті есебінен 2011 жылға өтпелі болып жоспарланған 2 мектептің, яғни                    300 оқушыға арналған Өзтүрік атындағы  және  250 оқушыға арналған Мәдени  орта мектептерінің  құрылыстары басталып. 2010 жылы Таскен ауылында «Стандарт цемент» ЖШС-нің демеушілігімен                  240 орындық мектеп құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Осы жылы аудан бюджеті есебінен Ақбұлақ ауылындағы                      60 орындық балабақша құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Қаратөбе ауыл округіндегі Базарқақпа ауылындағы № 98 жалпы шағын мектебіне қайта құру жұмыстары жүргізіліп, биылғы жылы тамыз айында пайдалануға берілді.

Одан бөлек, облыс және аудан бюджеттері есебінен  ауданға қарасты Көлкент, Қарасу, Базарқақпа, Бадам-1, Нұржанқорған, Саяжай және Абдулабад ауылдарындағы 3 ауысымда сабақ өткізіліп келген                7 мектепке қосымша 61 сынып  бөлмелерінің және Арыс ауыл округіндегі апатты жағдайдағы Анартаев мектебіне  құрылыс жұмыстары жүргізіліп, аталған нысандар  жыл соңына  пайдалануға берілді.

           Денсаулық сақтау саласындағы құрылыстарға келсек - 2010 жылы Республикалық  бюджеттен бөлінген қаржыға 1 нысанның - Ақсу ауылындағы 60 төсек орындық туберкулезге қарсы аурухана құрылысы және облыс бюджеті есебінен 12 нысанның  құрылыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Сайрам ауылындағы облыстық өкпе аурулары мен Сайрам ауылдық ауруханасының кәріз жүйелері,  Қаратөбе ауылындағы 120 адам қабылдайтын жедел медициналық көмек көрсету орталығы, Ақбұлақ,  Ақсуабад, Қарабастау, Манкент, Арыс пен Тассай ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялардың құрылыстары және Ханқорған, Әйтекеби, Ақарыс пен Таскешу ауылдарындағы медпункттердің құрылыстары жүргізіліп, жыл соңында пайдалануға берілді.

       Ауыз су саласындағы құрылыстар. Ауданымызда өткен жылы Республикалық  бюджет есебінен 3 нысанның құрылысы жүргізілді. Оның ішінде, Сайрам ауылындағы ауыз су жүйелерінің және Ақбай-Қарасу су қоймасынан Көмешбұлақ су қоймасына дейін су жүйелері  құрылыстары  2011 жылға өтпелі  болса,  Шымкент қаласы Жібек Жолы көшесінен басталатын Сайрам, Бадам-1,  Бадам-2, Жұлдыз және Қарабастау ауылдарына баратын ауыз су құбырларының (суағар) құрылысы 2010   жылдың желтоқсан айында  іске қосылды. Слайд №26

        Сонымен қатар, 2005 жылдан бері Республикалық бюджет есебінен  құрылысы басталып, соңы  «Сақалды құрылысқа» айналған Жібек –Жолы ауылының ауыз су жүйелері құрылысын аяқтау мақсатында 2010 жылы аудан бюджетінен 104,0 млн. теңге қаржы бөлінді.  Нысан құрылысын 2011 жылы толық аяқтау белгіленіп отыр.

     Құрылыс саласындағы 2011 жылы атқарылатын мақсатты жоспарларымыз , аудандық бюджет есебінен :


  • 27,5 млн.теңгеге 9 мектеп құрылыстары үшін жобалық сметалық құжаттар дайындау;

  • 100 млн.теңгеге Арыс ауыл округіндегі Анартаев атындағы орта мектепке спорт зал, әкімшілік ғимарат пен қосымша                                                  6 сынып салу ;

  • 70,0 млн.теңгеге Қаратөбе ауыл округіндегі №98 орта мектебіне  спорт зал салу және оқу корпусына қайта құру жұмыстарын жүргізу ;

  • 100,0 млн.теңгеге Қайрат стадионы жанынан спорт кешені құрылысын  бастап, оны жыл соңына дейін аяқтау ;

  • Ш.Қалдаяқов атындағы клубты күрделі жөндеуден өткізіп, қазақ театрын ашу;

  • 110,0 млн.теңгеге елді мекендерді көріктендіру, оның ішінде неке сарайын, даңқ аллеясын салу, орталық алаңды қайта құру жұмыстарын жүргізу;

  • Сақалды құрылысқа айналған Жібек-Жолы ауылындағы ауыз су жүйесінің құрылысына 206,0 млн теңгеге биыл бітіріп, халыққа су беру;

Облыстық бюджет есебінен :

  • 250 оқушыға арналған Мәдени ауылындағы Мәдени орта мектебінің құрылысын аяқтау;

  • Шіркін ауылындағы 300 оқушыға арналған Өзтүрік орта мектебінің құрылысын аяқтау;

  • Манкент ауылындағы 812 орынға арналған 1 Май орта мектебінің құрылысын жүргізу;

  • Таскен ауылындағы 1200 орынға арналған Оразбай мектебінің құрылысын жүргізу;

  •  Қызылту ауылындағы 300 орынға арналған № 36 Сайрам мектебінің құрылысын жүргізу ;

  • Ақсукент ауылында 280 орынға арналған бала- бақша құрылысын жүргізу.

      Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық,  жолаушылар  көлігі және автомобиль жолдары

          Бес елді-мекеннің кіре беріс жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен  98 млн 177 мың теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді.

       Жергілікті бюджет есебінен 12 ауыл округіндегі 16 көшеге                           39 млн.  568 мың теңге қаржы қаралып, ішкі шаруашылық автокөлік жолдары мен көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 Ауыз су. Қазіргі таңда Сайрам ауданында 71 елді мекендегі 50810 аулада 280640 халық тұрады. Соның ішінде 59 елді мекен орталықтандырылған құбыр суын, 10 елді мекен құдық суын, 2 елді мекен тасымал суын пайдаланып отыр.

         Республикалық бюджет есебінен қарастырылған 34,1 млн тенге қаржыға  су құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп,  7 елді мекен тұрғындарына тәулігіне 24 сағат ауыз су беруге қол жеткізілді.

2010 жылы аудандық бюджеттен 46,0 млн теңге қаражат бөлініп, су құбырларының жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 34,0 млн теңге қаржыға аудан орталығы Ақсукент ауылындағы істен шыққан 3,4 шақырымдық су құбырлары алмастырылып, 6 мыңдай тұрғын 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз етілді. Сондай- ақ, Әсіл ауылының ауыз су құбырларын жөндеуге  8 млн теңге, Оймауыт ауылының ауыз су құбырларын жөндеуге 4 млн.теңге қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылды.

Елді-мекендерді көгалдандыру - көркейту шаралары күн сайын  күн тәртібінде тұратын мәселе. Аудан әкімдігінің арнайы қаулысы қабылданып,  осыған сәйкес,  аудан бойынша  сенбіліктер өткізіліп, ағаш көшеттері отырғызылды, 386,2 шақырым арықтар тазаланып, күл-қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, тұрғындардың түнгі қауіпсіздігі үшін  Ақсукент ауылының  орталық көшелерін жарықтандыруға               35 млн 400 мың теңге қаржы қарастырылып, толығымен игерілді. Жалпы аудан орталығын  көріктендіру - көгалдандыру жұмыстарына аудандық бюджет есебінен   37 млн. теңге қаржы бөлінді.

Сонымен қатар, Ақсукент ауылындағы көп-қабатты тұрғын үйлер аумағында 3 балалар алаңшасы құрылысына аудандық бюджеттен                  13,0 млн. теңге қаржы қарастырылып, Тәуелсіздік күніне орай пайдалануға берілді.

              Табиғи газбен қамтамасыз ету.  Аудан аумағында 71 елді мекен болса, оның 43-і табиғи газбен қамтамасыз етілген, ал 28 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етілмеген. Облыстық бюджет есебінен Қарабұлақ ауылына табиғи газ құбырын тарту үшін 2011 жылға 230,8 млн. теңге қарастыру жоспарлануда.

           Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық саласындағы басты мақсатымыз – бұл аудан халқын сапалы ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз ету болып табылады. Атап айтқанда  2011 жылы облыстық бюджет есебінен :

          1459,9 млн.теңгеге 7 елді мекенге,  Таскешу, Көмешбұлақ, Қарасу, Игілік, Таскен, Жаңталап, Ақарыс елді мекендерін сумен қамтамасыз ету үшін су құбырларының құрылысын жүргізу ;

                        - 230,8 млн.теңгеге Қарабұлақ ауылына табиғи газ құбырын тарту;

         - «Бейнеу-Бозай-Ақбұлақ» жоғары қысымды газ құбырлары құрылысының басталуына байланысты, Қарабұлақ, Көлкент,  және Арыс ауыл округтерінің елді мекен тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттар дайындау үшін 2011 жылы  облыстық бюджет есебінен 25,4 млн.теңге қарастырып, ал құрылыс жұмыстарын бастау  2012-2013 жылдарға жоспарлануда.

         Қорыта айтқанда, өткен 2010–шы Барыс жылын ынтымағы мен бірлігі жарасқан көпұлтты Сайрам ауданының халқы табыспен аяқтады.



Аудан әкімдігі алдағы кезеңде де пайдаланылмай келе жатқан мүмкіншіліктерді іске қосу арқылы жұмыс нәтижелілігін арттырып, жалпы жағдайдың дұрыстала түсуі бағытында жұмысын жалғастыратын болады. 
Каталог: sites -> default -> files -> doc
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Тіркеуден және қайта тіркеуден өткен күні Көшбасшысының аты-жөні
doc -> Мазмұны беттер І. Жаңалықтар хроникасы
doc -> Бағдарламасы мониторингі бойынша жедел есептілік Есепті кезең
doc -> Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2016 жыл ағымында атқарған жұмыстары туралы мәлімет Халықты жұмыспен қамту
doc -> Қ. Жұбанов атындағы
doc -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау бағытында 2012 жылы атқарылған жұмыстар
doc -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы
doc -> Мұрат Әбенов: «Серпін-2050» жобасына қатысушылардың арасында бәсеке жоғары» Өткен жылдан бастап, жүзеге асырыла бастаған «Серпін-2050»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет