Салман Анель 123 группа



Дата24.11.2022
өлшемі14,47 Kb.
#159656
Байланысты:
семинар 9
PNACE181

Салман Анель 123 группа
М.Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметін оқып зерттеу, сонымен қатар оның түркі халықтарының рухани өркендеуіне қосқан үлесін талдау

Мұстафа Шоқай 1889 жылы 25 желтоқсанда қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе деген ауылда дүниеге келген. Ол Алаш қозғалыс қайраткері, Түркістан өлкесінің халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, публицист. Ол Санкт-Петербургтағы императорлық университеттің заңгерлерді даярлайтын факультетін бітірген. Бірнеше тілді жетік меңгерген. Бірінші Жалпықазақ сьезіне қатысып, Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидант ретінде ұсынылып, сайланды. Одан кейін Петербургта қоныстанып сол жақта қызмет етеді. Бір топ адам қол қойған Петроградтағы қазақтар қол қойған “Бюроға екінші адам қол қою туралы” атты материал жарық көрді. Оның жұмысының жаңа кезеңі Мемлекеттік Думаға депутат болып, саяси эмиграцияға ұшыраған кезеңіне дейін жүреді. Бұл қазақ халқының ұлт азаттық күресінің басталуымен қатар келді. 19 ғасырдың аяғы мен 20ғасырдың басында саяси, экономикалық,әскери, мәдени отарлауды жан-жақты жүргізген патша үкіметі қазақ халқын жоюдың сәл ақ алдында тұр еді. Мұстафа Шоқай бұның алдын түркі халықтарын біріктіру арқылы ғана, басын қосып қана жеңе алатынын түсінді. Осынан туындаған “Тұтас Түркістан” атты идеясы оның арқауы болды.


Азамат соғысы жылдары Мұстафа Шоқай Маңғыстау арқылы Грузияға кейін Стамбулға барады. Онда ұзақ болмастан Парижге аттанады. Бұл жайлы халық оны қашқын ретінде де қабылдаған болатын. Алайда Ұлт-зиялылары 1937-38 жылдары атылған болатын, солардың қатарынан болмаған Мұстафа Шоқай шет елде жүріп өз күресін жалғастыра берді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет