«сан есімді қайталау» Ұлмекен Мақсұтқанқызы НҰРҒалиева, «Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің



Дата23.08.2017
өлшемі72,94 Kb.
#25533
«САН ЕСІМДІ ҚАЙТАЛАУ»
Ұлмекен Мақсұтқанқызы

НҰРҒАЛИЕВА,

«Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің

1 орта мектебі» КММ,



І санатты 3-бастауыш сынып мұғалімі.

Таран ауданы, Қостанай облысы.

Сабақтың мақсаты:

1. Сан есімнің заттың санын, ретін білдіретін сөз табы екенін түсіндіру. Сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

2. Оқушылардың ақыл-ойын, сөйлеу тілін дамыту, қиялын ұштау. Танымдық тапсырмалар арқылы ой белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, тестілік, өзіндік жұмыс.

Көрнекілігі: семантикалық карта,тест тапсырмалары,мультимедиалық кабинет, презентация.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика.

Сабақтың барысы:

І.Психологиялық ахуал.

Сабақтың осы кезеңінде балалардың сабаққа дайындығын тексеру ғана емес, ең алдымен бүкіл сабақ барысында өнімді жұмыс істеуге психологиялық көңіл күй тудыру.

Балалар бәрі бірге хормен «Жүрек жылуы» өлеңін оқып ,қимылмен осы өлеңнен алған әсерін көрсете біледі.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

Мұғалім. Дайынсың ба сабаққа?

Қарап алшы жан-жаққа

Бәрі бар ма орнында?

Қалам,дәптер,кітап та.

ІІ. Оқушыларды сабақ тақырыбымен,мақсатымен таныстыру.

- балалар, қазақ тілі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтарға өзіміздің білімдерімізді көрсетіп, белсене қатысайық;



2. Үй тапсырмасын тексеру.

- дәптерлерін тексеріп, ауыстыру;

- балалар, бүгінгі сабақта жаңа тапсырмаларымен жұмыс жасай отырып, сан есім туралы сабақ өтеміз.

- қазақ тілінде неше сөз табы бар?

- біз қандай сөз таптарымен таныстық?

- ендеше, өткен сабақтарға байланысты семантикалық картамен жұмыс жасайық:

Семантикалық карта

Сөздер

Зат есім

Сын есім

Етістік

Сан есім

доп













ала-ала













малшы













құлады













күліп жүр













алқызыл













жүгіріп барады













жетінші













қасқыр













елу бес













3. Жаңа сабаққа даярлық кезеңі.

Дәптермен жұмыс

- дәптерімізді ашып, бүгінгі күн ді және мен жасырған жұмбақ жауабын көркем етіп жазайық: Бесте бар, баста жоқ. Бұл қандай әріп?



- көркем жазу минуты: Ее әрпін бір жолға жазамыз да, бес сөзін екінші жолға жазамыз (Әріптің басталу нүктесі мен байланыстарына назар аудара жазыңдар).

- әдемі, көркем етіп жазып болсақ, маған айтыңдаршы біз қай сөзді көркем етіп жаздық?

- әрине, бес, бес дегеніміз не?

- бұл сөзге сұрақ қояйықшы қанша? немесе неше? Ал мұндай сұрақтарға жауап беретін сөз табымен таныстық па?

4.Тіл дамыту.

Мақал-мәтелдің құрамындағы түсіріліп айтылған сан есімді тауып, қойып жаз.


  • …  атасын білмеген жетесіз.

  • Қызға …   үйден тию.

  • Ер жігіттің …  сөйлегені – өлгені.

  • … рет өлшеп, … рет кес.

  • Білгенің – …  , білмегенің – тоқсан тоғыз.

  • Бала … келгенше, жерден таяқ жейді.

5. Жаңа сабақ.

Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Сан есімді қайталау».

Заттың санын, ретін білдіретін сөздер сан есім деп аталады. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: жеті, он, жиырма, сексен бес. Оқулықпен жұмыс

472-жаттығу.Мәтінді оқып,сан есімдерді тап. (Слайд бойынша жұмыс).

- сергіту сәті: Жалқаулықты тастаймыз

Шынығамыз жастай біз.

Бір, екі ,үш

Дем аламыз  жалғап күш.

Қолға  қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

473-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдер қойып жазыңдар.

-Көзге сергіту сәті (Слайдқа қарап оқушылар көзге жаттығу жасайды.)
6. Қорытындылау.

- балалар, сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

- бүгін қай сөз табымен таныстық?

- ендеше, осы сөз табына байланысты тест жұмысын өткізіп, қаншалықты түсінгендеріңді көрейік:



Тест.

Сан есім.

р/с

сұрақтары

нұсқалары

а

ә

б

в

1

Сан есім нені білдіреді?

заттың сынын

заттың санын,ретін

заттың атын

заттың сапасын

2

Сан есімнің сұрақтарын көрсет

кім?не?

кімдер?нелер?



не істеді?қайтті?

қандай? қай?

қанша?неше?

нешінші?


3

Сан есімді көрсет

жасыл

он бес

дала

парта

4

42 саны қай нұсқада дұрыс жазылған?

қырық

қырық тоғыз

тоқсан

қырық екі

5

92 саны қай нұсқада дұрыс жазылған?

тоқсан үш

тоқсан екі

сексен бір

жетпіс

7.Үйге тапсырма: 475-жаттығу,165 бет.

8.Сабақты бағалау.

- бағалау: семантикалық карта бағасы

сабаққа белсене қатысқаны үшін баға



беттестіру тестінен алған баға

Өзін-өзі бағалау.

-Балалар сендердің алдарыңда түрлі түсті стикерлер жатыр.Казір сендер бұл стикер арқылы өз-өзін бағалайсыңдар.Бүгінгі сабақтағы тапсырмалар сендер үшін қызықты және сендер оларды тез үйрендіңдер орындауға-олай болса сендер онда тақтаға қызыл стикерді жабыстырыңдар.Ал кейбір тапсырмалар сендерге қиын болып көрінсе,онда сендер сары стикер аласыңдар.Бұл сабақтағы тапсырмаларды сендерге өте қиын болып көрінсе,онда сендер жасыл стикер аласыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет