10.2.4.1 Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары және олардың кеңістік пен уақыттың қасиеттерімен байланысы.
Оқу мақсаты
Сандық және эксперименттік есептер шығару барысында сақталу заңдарын қолдану
Оқушы мақсатқа жетеді, егер …
«импульс» және «энергия» түсінігін білсе;
құбылысты түсіндіру барысында білімін қолданса;
соқтығысу түрлерін сақталу заңдары тұрғысынан түсіндірсе;
импульстің сақталу заңдарын пайдаланып, қорғашан ортадағы құбылыстарды талдаса;
Эксперименттің нәтижесі бойынша қорытынды жасайды және білімін жалпылайды;
осы тақырып бойынша терминдарды қолданып, өз ойымен бөліседі.
Тақырып: сақталу заңдары
1. Энергия түрлері
2. Энергияның сақталу заңдары
3. Кедергі күшіне қарсы атқарылған жұмыс
4. Дене импульсі
5. Импульстің сақталу заңы
6. Құбылысқа мысалдар және оларды түсіндіру
I.Оқулықпен жұмыс 1 топ: Денелер импульсі және күш импульсі. Импульстің заңы. Реактивті қозғалыс. 2 топ: Жұмыс.Энергия.Кинетикалық энергия.Қуат 3 топ: Потенциалдық энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы. II. Мұражайға саяхат (біреуі үйде,бесеуі қонақта)
III. Суретпен жұмыс Бильярд ойыны кезінде абсолютті серпімдлі соқтығысу болатынын сақталу заңдары арқылы түсіндіріп беріңіз.
Автомобильдердің кинетикалық энергиясы қандай түрлерге түрленді? Неліктен бұл әрекеттесу абсолютті серпімсіз деп аталады? Осы жағдайда денелер импульстары сақталады ма?
Кран мен адамның қайсысы жүкті бірінші болып биікке шығарады? Себебін түсіндір
V. Оқулықпен жұмыс. Есептер шығару 1- топ: №2 (121 бет) 2- топ: №6 (131 бет) 3- топ: №1 (111 бет)
VI. Тест жұмысы орындау
1.Дененің кинетикалық энергиясы тәуелді
А.тек дененің массасына
В.тек дененің жылдамдығына
С.дененің жылдамдығы мен массасына
Д.жерден көтерілу биіктігіне
Е. Көтерілу уақытына
2.Серпімді деформацияланған серппенің ұзындығын 2 есе арттырсақ, онда оның потенциалдық энергиясы
А.өзгермейді
В.2 есе кемиді
С.4 есе артады
Д. 4 есе кемиді
Е. 2 есе артады
3.Күш импульсінің ХБЖ –ғы өлшем бірлігі
А. Н*м
В. Дж
С. Н*с
Д. Кг*м/с
Е. Вт
Рефлексия. «Блоб ағашы»
Үй тапсырмасы: 1. §17-20 2. жұмыртқалардың құлауы бойынша видео: http://www.youtube.com/watch?v=qKQntlsJ_KQ