Сапалы білім – дамудың кепілі



Pdf көрінісі
Дата23.07.2020
өлшемі213,9 Kb.
#75534
Байланысты:
САПАЛЫ БІЛІМ – ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ (1)



САПАЛЫ БІЛІМ – ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ 

Баймағамбетов Ерлан Русланұлы 

Балаға  терең  білім  беру  үшін  мұғалімнің  өзі  де  терең  білімді  болу  керек»  деген 

танымал  педагогтардың  бірі.  Партада  отырған  жас  жеткіншектердің  білімді  қалай 

меңгеруі  ұстаздардың  қолында.  Мұғалім  күнделікті  білімін  толықтырып  отырмайынша 

заман талабына жауап беруі мүмкін емес. Осы жағын ескерген басшы жас мұғалімдердің 

білімін  жетілдіруге  баса  назар  аударды.  Сабақтарына  жиі  қатысып,  жетістігін  де, 

кемшілігін  де  атап  көрсетіп:  «Келесі  сабағыңда  бұл  кемшіліктер  болмауы  керек»  деп 

арнайы тапсырма беріп, келесі сабағына міндетті түрде қатысады. Басшы дұрыс талап қоя 

білгендіктен педагогтар қауымында білімді де білікті мұғалімдер баршылық. 

Сапалы білім беруде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, 

оқушылардың  ізденімпаздық,  зерттеушілік,  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту.  Ата-

ана,  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  ынтымақтастықты  қалыптастыра  отырып,  білім 

сапасын арттыру.  

Мультимедиялық  электрондық  оқулықтарды,  виртуалды лабораторияларды  және 

бақылау  программаларын  жасақтап,  қамтамасыз  ету.  Жаңа  технологияны  бәсекеге 

қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік 

ортаға  енудегі  сабақтастыққа  қолдану. XXI  ғасырдың  алғашқы  жылдарының  негізгі 

проблемаларының  бірі  «Білім  бүкіл  өмір  бойына»  қағидасын  жүзеге  асыратын  білім 

жүйесінің ұйымдық құрылымдарына іздеу болып табылады [1]. 

Жас ұрпаққа беретін жоғары білімнің маңызы қай уақытта да артпаса кеміген емес. 

Оны  қоғамның  дамуына  ықпал  етіп  қана  қоймай,  оның  сұраныстарын  да  қамтамасыз 

ететін әлеуметтік институт деп білуіміз керек. Өйткені, бүгінгі ғаламдық аймаққа шығып 

кеткен  кең  ауқымды  және  жан-жақты  мазмұнға  ие  экономикалық  қарым-қатынастар  ең 

алдымен  жоғары  оқу  орындарында  кәсіби  дайындалған  әмбебап  мамандарға  деген 

сұранысты  қалыптастырып  отыр.  Мұның  өзі  жоғары  білім  беру  жүйесін  жер  жүзіндегі 

озық  ғылым  мен  техниканың  жеткен  биігі  болып  есептелетін  “әлемдік  стандартқа” 

талпынуға  итермелейді.  Халықаралық  білім  беру  кеңістігін  құру,  әр  түрлі  елдің  ұлттық 

білім беру жүйесінің заман талабына сай озық үлгілерін теориялық-әдістемелік тұрғыдан 

жақындастыру арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесін құру қажеттігі туындады. 

Осы  тұрғыдан  алғанда,  жоғары  білім  жүйесін  халықаралық  деңгейде  интеграциялау 

бағытындағы  құнды  шешім  болып  табылған  1997  жылғы  Лиссобон  конвенциясы. 

Қазақстан  бұл  құжатты  басшылыққа  алып,  оқу  жүйесіне  ұтымды  түрде  пайдалануға 

шешім  қабылдаған  болатын.  Ал  1998  жылы  Батыс  Еуропаның  4  елі  (Германия,  Италия, 

Франция,  Ұлыбритания)  білім  берудің  жүйелері  мен  құрылымдарын  сәйкестендіру 

жөнінде  Сорбон  декларациясын  қабылдаған  болса,  1999  жылы  Еуропаның  30-ға  жуық 

елінің  білім  беру  өкілдері  Болон  декларациясына  қол  қойды.  Бұл  декларацияға  сәйкес 

2010  жылға  дейін  Еуропалық  білім  берудің  біріңғай  жүйесіне  көшу  көзделген  болатын. 

Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың 

саяси-экономикалық таңдауына толық жауап береді. Бұл  – білім сапасы мен бәсекелестік 

мүмкіндігін көтеру мақсатында істеліп жатқан қадам. Елбасы Н.Ә. Назарбаев жолдауында 

айқандай:  «Болашақта  өркениетті  дамыған  елдердің  қатарына  ену  үшін  заман  талабына 

сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – 

білім» [2]. 

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы-2050:  Бір 

мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  деп  аталуы  қазақ  елінің  жарқын  болашағы  және 

кемелденген ертеңімен тығыз байланысты. Қазіргі таңдағы басты мақсат-Қазақстанның ең 

дамыған  30  мемлекеттің  қатарына  қосылуы.Ол-«Мәңгілік  Қазақстан»  жобасы,  ел 

тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. 

Бүгінде  Отанымыздың  жетістіктері  –  әрбір  азаматтың  ұлттық  мақтанышы.  Күшті, 

қуатты  мемлекеттер  ғана  ұзақ  мерзімдік  жоспарлаумен,  тұрақты  экономикалық  өсумен 

айналысады.  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы  –  барлық  саланы  қамтитын  және  үздіксіз 




өсуді  қамтамасыз  ететін  жаңғыру  жолы.  Ол  –  елдігіміз  бен  бірлігіміз,  ерлігіміз  бен 

еңбегіміз  сыналатын,  сынала  жүріп  шыңдалатын  үлкен  емтихан.  Стратегияны  мүлтіксіз 

орындап,  емтиханнан мүдірмей  өту  –  ортақ  парыз,  абыройлы  міндет!-деп  атап  көрсетті 

Елбасы өз Жолдауында [3]. 

Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды пайдаланудың студенттердің білімін 

көтерумен  қатар  оның  тәрбиелік  те  маңызы  зор.  Дәстүрлі  оқыту  әдісіне  қарағанда 

кредиттік  оқыту  жүйесі,  электрондық  оқулық  немесе  жаңа  инновациялық  оқыту 

технологиясы  студенттердің  жалпы  қызығушылығын  туғызады,  ол  өз  кезегінде  оларды 

сапалы  және  тұрақты  білім  алуына  жағдай  жасайды.  Қазіргі  кезеңде  ақпараттық 

технологиялардың  дамуының  негізгі  бағыты  «мультимедиа»  жүйесі  болып  табылады. 

«Мультимедиа»  терминін  ағылшын  тілінен  сөзбе-сөз  аударғанда  «көп  орталық»,  яғни 

электрондық  ақпаратты  тасушы,  құрамына  бірнеше  түрде  мәтін,  сурет,  бейне  және  т.б. 

топтаушы  деген  мағынаны  береді.  Н.В.Клемешова  мультимедиа  терминін  оқу 

материалының  мазмұнына  дыбыстық  және  визуальдық  түрде  интерактивтік  форма 

беретін,  сезімдік  қабылдау  процестердің  тиімді  өтуіне  қолайлы  жағдай  туғызатын, 

студенттердің жеке қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызатын компьютерлік құрал деп 

түсіндіреді.Мультимедиа  бағдарламасында  ақпарат  үш  құрал  арқылы  –сызба,  аудио, 

видио арқылы беріледі. Оқытудың кез келген түрінің тиімділігі студент пен оқытушының 

ара-қатынасына,  педагогикалық  технологиялардың  пайдалануына,  оқу-мазмұнына, 

әдістемелік материалдардың құрастырылу деңгейіне тәуелді [4]. 

ХХІ  ғасырдағы  ғаламдық  өзгерістермен  қатар  даму-  әр  мемлекеттің  басты 

мақсаты.Өркениет  білім  мен  ғылымның  дамуымен  байланысты.  Еліміздің  болашағы 

көркейіп,өркениетті 

елдер 


қатарына 

қосылуы 


бүгінгі 

ұрпақтың 

біліктілік,іскерлік,құзыреттілік қабілеттеріне тікелей тәуелді. 

Осыдан  жас  ұрпақтың  бойында  құзыреттілікті  қалыптастыру  және  оларды 

шығармашылыққа  баулу  мәселелері  туындайды.  Бұл  өз  кезегінде  сапалы  білім  мен 

іскерлікті  талап  ететіні  сөзсіз.  Ал   жекелеген  тұлғаға  жүйелі  білім  беру,ынта-ықыласын 

арттыру,құзыреттілігін қалыптастыру – біздің басты міндетіміз. 

«Ұрпағы  білімді  халықтың  болашағы  бұлыңғыр  болмайды»  дегендей,  жас  ұрпаққа 

мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

 

1. 


Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстан  халқына  дәстүрлі  Жолдауы//  Егемен  Қазақстан, 

2011. 12ақпан. 

2. 

Рузавин  Г.И.  Педагогические  инновационные  технологии:  Учебн.  пособие  для 



вузов. – М: ЮНИТИ ДАНА, 1999. -250с. 

3. 


Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030» Жолдауы.    

4. 


«Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесін  2015  жылға  дейін  дамыту» 

Тұжырымдамасы. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет