Сауалнама мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін анықтау, табу және деңгей бойынша іріктеу



Дата19.02.2017
өлшемі111,29 Kb.
#10988
Сауалнама

мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін анықтау, табу және деңгей бойынша іріктеу



Құзіреттілік

Құрамдас бөлігі

Деңгейлер

1

Психологиялық құзіреттілігі

А (жоғары)

В

(ортадан жоғары)



С

(орта)


Д

(төмен)


Оқушының оқуға деген уәжін ынталандыру және түсіну қабілеті

Оқушыларды ынталандыратын әдістерді үнемі қолданады

Ынталандыру әдістерін қолданады

Ынталандыру әдістерін оқта- текте қолданады

Ынталандыру әдістерін сирек қолданады, нәтиже бермейді

Оқыту барысында оқушыны дамыту қабілеті

Үнемі дамытушылық сипаттағы әдістер мен басымдықтарды қолданады

Дамытушылық сипаттағы әдістер мен басымдықтарды кейде қолданады

Дамытушылық сипаты тұрақты емес

Оқыту әдісінің дамытушылық сипаты жоқ

Оқушылардың оқудағы қиындықтарының себебін анықтау, оларды жоюға көмектесу қабілеті

Қиындықтарды анықтау мен оны жоюда (реттеуде) жүйелілік қалыптасқан

Қиындықтарды анықтау мен оны жою жолдары нақты, бірақ жүйе қалыптаспаған

Қиындықтарды анықтау мен оны жою жолдары нақты емес

Қиындықтарды анықтау мен оны жоюда жүйелілік жоқ

Өз бетінше оқуға үйрету, оқуға рефлексия жасай білуін дамыту қабілеті

Оқушыларды өз бетінше оқуға, өзін-өзі талдауға, реттеуге үнемі уәждеп отырады

Жекелеген оқушыларды өз бетінше оқуға, өзін-өзі талдауға, реттеуге үнемі уәждеп отырады

Оқушыларды өз бетінше оқуға, өзін-өзі талдауға, реттеуге уәждеу тұрақты емес

Өз бетінше оқу мен рефлексия жоқ

2

Қарым- қатынас құзіреттілігі

Оқытушылық диалог құра білу, оқытуда оқушының мұғаліммен пікірлесуін ынталандыру қабілеті

Өзара түсіністік пен өзара қарым-қатынасқа дайындығын ынталандыра отырып, оқушымен тиімді диалогтік қарым –қатынас жасайды

Өзара түсіністік пен қарым-қатынасқа дайындығын ынталандыра отырып, оқушымен тиімді диалогтік қарым –қатынас орнатады

Өзара түсіністік пен өзара қарым-қатынасқа дайындығын ынталандыруға бағытталған, оқушымен диалогтік қарым –қатынас тұрақты емес

Оқушымен диалогтік қарым –қатынасқа түспейді, табысты оқуға жағдай туғызбайды

Оқу барысында оқушылар арасында пікір алысу және пікірталас жүргізетін орта құра білу

Тұлғалық қасиеттерін дамытуға арналған жайлы эмоциалық орта құру үшін сыныпта жүйелі және мақсатты түрде оқушылардың диалог пен пікірталас жүргізуіне жағдай жасайды

Оқуда ынтымақтастық ортасын құру үшін оқушылардың арасынла диалогтік және пікірталастық қарым-қатынас орнатады

Оқуда ынтымақтастық ортасын құру үшін оқушылардың арасынла диалогтік және пікірталастық қарым-қатынас сирек орнатады

Табысты оқудың негізі болып табылатын оқушылардың диалогтік және пікірталастық қарым-қатынасын ұйымдастыру дағдысы жоқ

Оқушылардың пікіріне түсіністікпен қарау, тілдік кедергілерді жоюға көмектесу қабілеті

Оқушылардың пікіріне түсіністікпен қарап, оларды дамытып, тілдік кедергілерді жоюға көмектесуде жоғары кәсібилік танытады

Оқушылардың пікіріне түсіністікпен қарап, тілдік кедергілерді жоюға көмектесуде жоғары кәсібилік танытады

Оқушылардың пікіріне түсіністікпен қарау, тілдік кедергілерді жоюға көмектесу қабілеті

Оқушылардың пікіріне түсіністікпен қарап, тілдік (сөздік) кедергілерін жоюға көмектесе алмайды, жоғары табысты оқу ортасын құрмайды

3

Оқытуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі

Сабаққа дайындалуда компьютерді қолдана білу (MS Office Word бағдарламасы). Сабаққа қатысты таныстырылым мен ресурстар дайындауда Power Point бағдарламасын қолдану

Жүйеленген файл блоктары: сабақ жоспары, тапсырмалары, зертханалық және тәжірибелік жұмыстары, фильмдері, таныстырылымдары бар, оларды үнемі қолданады (барлық сабақтарда, яғни өткізетін сабақтарының 100%-ында)

Файл блоктары: сабақ жоспары, тапсырмалары, зертханалық және тәжірибелік жұмыстары, фильмдері, таныстырылымдары жүйеленген, оларды мезгіл- мезгіл қолданады (өткізетін сабақтарының 70%-ынан астамында)

Файл блоктары: сабақ жоспары, тапсырмалары, зертханалық және тәжірибелік жұмыстары, фильмдері, таныстырылымдары жүйеленбеген Үнемі қолданылмайды (өткізетін сабақтарының 70%-ынан аспайды)

Сабақ жоспарларының, тапсырмалардың, зертханалық және тәжірибелік жұмыстарының, фильмдерінің электронды нұсқасы бар, бірақ толық емес. (өткізетін сабақтарының 50%-дан кемінде қолданады)

Интернет желісін қолдану

Отандық және халықаралық кәсіби педагогикалық желілер мен қоғамдастықта тіркелген және белсенді жұмыс істейді (аптасына 4 күннен кем емес). Сабаққа дайындықта интернетті белсенді қолданады, блогер ретінде жұмыс жүргізеді.

Отандық және халықаралық кәсіби педагогикалық желілер мен қоғамдастықта тіркелген және белсенді жұмыс істейді (аптасына 4 күннен кем емес). Сабаққа дайындықта интернетті белсенді қолданады.

Отандық және халықаралық кәсіби педагогикалық желілер мен қоғамдастықта тіркелген, бірақ белсенді жұмыс істемейді (аптасына 1 күннен аз). Сабаққа дайындықта интернетті қосымша ресурс ретінде ғана қолданады.

Отандық және халықаралық кәсіби педагогикалық желілер мен қоғамдастықта тіркелген. Сабаққа дайындықта интернетті қосымша ресурс ретінде жүйесіз қолданады.

Оқушылармен, әріптестермен қарым-қатынаста электронды пошта (e-mail), қарым-қатынас бағдарламаларын (Skype, ICQ, Agent т.б.) пайдалана білуі

Электронды поштаны үнемі қолданады, оқушылармен және әріптестерімен қарым-қатынас үшін көптеген желілік байланыс түрлерінің (Skype, ICQ, Agent т.б.) кемінде бірінде тіркелген

Электронды поштаны қолданады, оқушылармен және әріптестерімен қарым-қатынас үшін желілік байланыс түрлерінің (Skype, ICQ, Agent т.б.) бірінде тіркелген

Электронды поштасы бар, оны қолданады, оқушылармен және әріптестерімен қарым-қатынас үшін (Skype, ICQ, Agent т.б.) бағдарламаларының бірінде тіркелген, бірақ аз қолданады.

Электронды поштасы жоқ, Skype, ICQ, Agent т.б.бағдарламаларының ешқайсысын қолданбайды, оқушылармен және әріптестерімен қарым-қатынасы жүзбе-жүз кездесу және телефон байланысымен шектелген.







Сабақ үдерісінде мультимедианы қолдану деңгейі (фото, бейне, аудио файлдарды қолдану)

Сабақ барысында мультимедианы жүйелі және тұрақты қолданады (ауқымды, жүйеленген мәліметтер жинағы үнемі толықтырылады)

Мультимедиа мүмкіндіктерін сабақ барысында тұрақты қолданады (өткізетін сабақтарының 70 %-ынан астамында). Жинақтау қоры (пән бойынша) білім мазмұнын 100 % қамтиды

Мультимедиа мүмкіндіктерін сабақ барысында тұрақты қолданады (өткізетін сабақтарының 70 %-ынан астамында). Жинақтау қоры (пән бойынша) білім мазмұнын 100 % қамтымайды

Сабақ барысында мультимедианы сирек қолданады (өткізетін сабақтарының 50 %-ынан аз). Материалдары жүйеленбеген және толық емес (берілген пән бойынша білім мазмұнына сәйкес)

4

Сабақ барысын басқарудағы құзіреттілігі

Сабақты жоспарлау қабілеті

Әдістемелік талаптарға сай шығармашылықпен дайындалады (7 модульді қолданады).

Әдістемелік талаптарға сай шығармашылықпен дайындалады (кем дегенде 4 модульді қолданады).

Сабақтың жоспары арқылы сабақтың құрылымы, барысы жайлы мағлұмат алуға болады (кем дегенде 1 модульді қолданады).

Сабақ жоспары жасалған

Сабақ уақытын дұрыс пайдаланып және реттей білу қабілеті

Сабақтың әр кезеңіне үнемі тиісті көңіл бөліп, тайм- менеджментті тиімді пайдаланады.

Сабақтың әр кезеңіне үнемі тиісті көңіл бөледі, тиімді жұмыс жүргізе біледі.

Сабақтың әр кезеңіне дұрыс көңіл бөледі, жүйелілік сақталмайды.

Сабақтың кезеңдеріне дұрыс мән бермейді.

Оқушының топта нәтижелі жұмыс істеуін ұйымдастыру қабілеті

Жұптық, топтық жұмыстардың мүмкіндіктерін тиімді пайдаланады.

Жұптық, топтық жұмыстардың мүмкіндіктерін үнемі пайдаланады.

Жұптық, топтық жұмыстарды сирек жүргізеді, оның маңыздылығына көңіл бөлмейді.

Топтық жұмыс жүргізбейді, ұйымдастыра алмайды

Оқытудың тиімді әдіс- тәсілдерін таңдай білу қабілеті

Тиімді әдіс- тәсілдердің элементтерін сабақтастыра отырып, нәтижелі, тиімді пайдаланады.

Әдіс- тәсілдерді пайдаланады, оларды түрлендіре алады.

Әдіс- тәсілдерді пайдаланады, өзгертуге құлықсыз.

Сабақ дәстүрлі немесе бір ғана әдісті пайдаланады, жүйелі әдіс-тәсілі жоқ.

Оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес жұмысты саралау қабілеті

Әрбір оқушының мүмкіндігіне, жас ерекшелігіне қарай тапсырма береді. Түрлі әдіс- тәсілдерді ұтымды пайдалана біледі.

Тапсырмаларда оқушылардың мүмкіндігі мен жас ерекшеліктерін ескереді. Қалыптастырушы бағалайды.

Оқушылардың мүмкіндігі ескерілген деңгейлі тапсырмаларды қолданады.

Деңгейлік тапсырмалар бермейді. Оқушылардың мүмкіндіктерін мүлдем ескермейді.

5

Оқу үдерісін бағалау мен талдау құзіреттілігі

Оқушылардың жұптық, топтық жұмысын бағалау критерийлерін дайындау қабілеті

Әр сабақтың критерийлеріне арналған дескрипторларды үнемі әзірлейді.

Әр сабақтың критерийлеріне арналған дескрипторларды жиі әзірлейді.

Әр сабақтың критерийлеріне арналған дескрипторларды сирек әзірлейді.

Оқушылар білімін бағалаудың нақты критерийлерін жасамайды.

Оқушының жұмысын бағалау критерийлерін жасау қабілеті

Оқушының жеке жұмысына үнемі қалыптастырушы баға береді, дескриптор арқылы критерийлер дайындайды.

Оқушының жеке жұмысына жиі қалыптастырушы баға береді, дескриптор арқылы критерийлер дайындайды.

Оқушының жеке жұмысын бағалауды дайындауда ынталандыру критерийлерін сирек қолданады.

Оқушылар білімін бағалауды ынталандыру, дамыту әдістерін қолданбайды, жан-жақты бағаламайды.

Оқушы білімін бағалауды жан-жақты дәлелдер арқылы анықтап, оқушының уәжін бағалау арқылы арттыру қабілеті

Оқушы білімінің жан-жақты дәлел ұсыну арқылы нақты бағалай отырып, одан әрі білімін арттыру мен жақсы баға алуға уәжін арттырады, ынталандырады, жетелейді.

Оқушы білімін бағалау үшін критериалды бағалауды қолдана отырып, білімін арттыру мен жақсы баға алуға уәжін арттырады, ынталандырады, жетелейді.

Оқушы білімін сыңаржақ бағалайды, жан-жақты бағалау мен талдауға мән бермейді.

Оқушы білімін талдау мен бағалауда жүйелілік жоқ. Бағалау арқылы ынталандыру, ішкіуәжін көтеру мәселелеріне мән беріп, жүзеге асырмайды.

Оқушылардың оқудағы кемшіліктерінің себебін зерттей білу қабілеті

Оқушылардың оқудағы кемшіліктерінің себебін анықтайды, зерттеушілік әдіс арқылы интерпретация жасайды, баланың дамуына жақсы, тиімді әсер етеді.

Оқушының оқудағы кемшіліктерінің себебін анықтайды, бірақ оны жоюда тиімсіз әдістерді қолданады.

Оқушы білімінің ақауын нақты анықтамайды, үстірт қарайды және түзету шараларын жеткіліксіз жүргізеді.

Оқушы білімінің кем тұстарын анықтау және оны жоюмен айналыспайды.

Ықшамсабақ өткізу кезінде тренердің дағдыларын бағалау ПШО тренерінің ТАӘА___________________ Мектеп тренерінің ТАӘА_____________________ Критерийлер Бастапқы деңгей Қалыптасу деңгейі Қалыптасқан деңгей Жетілген деңгей Оқыту дағдылары Мақсаттары мен нәтижелері айқын жаттығу түрлерін жоспарлай алады және таныстыра біледі. Нұсқаулар мен түсіндірмелер оқу мақсаттарына қатысты, бірақ әрқашан айқын түсінік бермейді. Оқытуды алға жылжытуға көмектесетін оқыту мен оқу түрлерін модельдейтін жаттығу түрлерін жоспарлайды және пайдаланады. Нұсқаулықтар мен түсіндірмелер анық әрі нақты, сол себепті барлық дерлік тұжырымдамалар түсінікті әрі қолжетімді. Тыңдаушылар үшін оқуға дейінгі және оқу кезіндегі оқу қажеттіліктерін белгілейді және оны жоспарлау үдерісі мен жаттығуларға кіріктіреді. Ақпаратты нақтылайды және күрделі ұғымдарды әртүрлі әдістерді пайдалану арқылы түсіндіреді және нақтылайды. Кез келген уақытта оқу қажеттіліктеріне қатысты жедел әрекет етіп, икемді бола біледі. Күтілетін нәтижелерге жету үшін курс жоспарын икемді қолданады. Курс барысында мұғалімдерге, оның ішінде өз пікірін табанды ұстанатын мұғалімдер басқаша ойлануға және әрекет етуге жетеленеді Тренердің кері байланысы Ойлау сипаты Оқыту қабілеті «қатып қалған» деп ойлайды: оның ойынша, ол туғанда беріледі және өзгермейді, әрі дамытылмайды. Оқыту қабілеті «бейтарап» деп ойлайды, бірақ ол туғанда беріледі деген жалған түсінікке қарсы тұрмайды. Оқыту қабілеті туғанда берілмейді, ол адамның қажырлы талпынысының нәтижесі, оны дамыту маңызды болып табылады деп ойлайды. Оқыту қабілеті туралы пікірі «өсіп» жатқанын белсенді модельдейді және дамытады: тәуекел ету, қателіктерінен сабақ алу және барынша күш салу арқылы мұғалімдер оқыту қабілетін жоғары деңгейге дейін жетілдіре алады.
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет