Сауалнама –өтініш
V Халықаралық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі - 2019»
байқауы
Менің жетістіктерім
Аты-жөні:Ахметова Илимям Тургановна
Туған жылы: 23 қазан 1968 жыл
Білімі: Жоғары
Қайда оқыды: Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагокикалық Институты 2006жыл
Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі
Еңбек өтілі: 30 жыл
Санаты: Бірінші
Жұмыс орны ,қызметі: Алматы облысы Панфилов ауданы Шолақай аулы «Ж.Бусаков атындағы орта мектеп» КММ,бастауыш сынып мұғалімі
87076800823
ilimyam.akhmetova@mail.ru
Мұғалім-менің мамандығым»
Эссе
Ұстаз болу-жайғана мамандық емес «Мен бір жұмбақ адаммын» оны да ойла-деп Ұлы Абай атамыз айтқандай,әр бір тұлға-жұмбақ.Сол жұмбақтың кілтін тауып ашу білу,әр бір жүректің құпия сырын оқи білу мен қалаған мамандықтың ғажайып тылсым сыры..Егер де адам өмір қоғамға бейим,білім нәрімен терең сусындаған ,тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге үлкен мақсаттар қойып,талапшылдықпен,мақсаткерлікпен алға аттатсам-бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні.Өйткені мен ұстазбын,келешек ұрпақтың сәулетшісімін.Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын.Менің шәкірттерім егемен елдің ,Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса,одан артық менде қайдан арман болсын.Міне,осындайда «Ұстаз-ұлық емес,ұлы қызмет» деген Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзіңн әрқашан есіме аламын.
Қазіргі біз өмір сүріп жатқан ХХІ ғасырдың алғашқы баспалдақтарында білім жүйесінде қарқынды түрде инновациялық жаңғарту процес мұны тері жүріп жатыр.Әлемде болып жатқан жаһандану жағдайы бала тәрбиесін зерттейтін педагогика ғылымына да түбегелі өзгерістер әкелуде.Жаңа заманның жас жеткеншектері жаһандану үрдісіне етене кірісіп кеткендей.Сондықтан бүгінгі ұстаз олардің сапасымен тәрбиелік көп көңіл бөліп отыруы керек.
Шығыстың аристотелі атаған ұлы бабамыз Әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп көрсеткен.Бала тәрбиедеу өте қиын ,жауапкершілікті үрдіс екені белгілі.Барлық ұстаз білім мен тәрбиені қатар алып жүруі керек.Бұл мақсатта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезенде көмектесуге болады,ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деген халық сөзіне сүйене отырып,әрбір оқушыны жеке тұлға деп танып,ғылыми,рухани мұраларды игерген ,шығармашылық ой-өрісі бар,компютерлік сауаттылығы мен ақпараттың мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу бүгінгі күннің ең негізгі мақсаттарының бірі деп ойлаймын.
Қоғам дамуының қозғаушы күші-адам.Яғни қоғамдағы жетістіктер бірінші кезекте адамдардың интеллектуалдық белсенділігіне байланысты,тәуелді.Сол үшін де осы жаһандану дәуірінде бәсекелестікке шыдай алатын,өз мамандығын жетік меңгерген,бастаған ісін орындауға табандылық көрсете алатын,мемлекеттің тірегі бола алатындай тұлғаларды қалыптастыру оқу орындарының алдына қойған басты міндеттерінің бірі болып отыр.
Әрбір адамға жақсы маман болып қалыптасуы үшін білім, тынымсыз еңбек, өзіне деген сенімділік, мақсатына жетуге деген ерік – жігер, тиянақтылық сияқты қасиеттер қажет.
Мен өз мамандығымды жақсы көргендіктен де, оның мәртебесі мені ойландырмай қоймайды. Мұғалім мәртебесін асқақтатып, қоғам алдында биікке шығара алсақ сонда ғана алдымызға қойған міндеттер іске асады деп ойлаймын. Сондықтан болашақ ізбасарларымыз болатын мамандық иелерін жастар арасында жүйелі түрде насихаттап отырсақ, қанекей!
Жоғарғы оқуға түсу барысындағы іріктеу – мұғалімдікті шын қалағандардың арасында ғана талғампаздықпен жүргізілуі керек. Жас өскін талапкерлердің мұғалімдікке табиғи икемділігі, мамандыққа мақсатты түрде бет бұруы бірінші кезекке шығарылып қойылуы тиіс.
Иә, «Ел іші — алтын қазына » емес пе, білімді, рухани санасы жоғары ақпараттық технологиялық құзіреттілікпен қамтамасыз етілген дарынды педагогтер легі де қалыптасып жатыр. Бұл үрдіс — өзім еңбек ететін №19 Жақсықылыш орта мектебінде де уақыт талабына сай орындалуда. Ол кңілімізге қуаныш ұялатады. Бұл ұрпақ тәрбиесіне қажет. Сөз де жақсы. Оған қоса ісің керемет болса ұтылмайсың, кемелдікке іркілмей қол жеткізесің. Мүмкін мен еңбек ететін ұжымның облыс, ауданда топ жарып үздік атануының сыры да осында жатырған шығар. Мектеп жеткен биік нәтижелер сондай еңбек ететін ондаған мұғалімнің жүрегінің тамшылырынан, алақандарының аялы ыстығынан құралып, жасалып жатқан шығар. Мен солай деп ойлаймын. Өйткені біз бір мақсатқа жұмылған, арманы айқын ұстаздарымыз дер едім.
«Дәуір даналығын ілестіреді, ұстаз білім нәрін үлестіреді» демекші, мұғалімдердің кейінгі болуына заманына сай өркениетті мемлекеттің жаңғырту саясатын жүзеге толық асыра алатынына кәміл сенемін. Ұстаздықты, осы мамандықты шын жүрегіммен қабылдап, білім алаңында ерекше жігермен еңбек етуші жас әріптестеріме қарапайым кеңестерімді ұсынсам деймін. Мамандықтарыңызды сүйіңіз, құрметтеңіз, сол жолда адал қызмет етіңіз. Баланы шын көңілмен жақсы көріңіз, сырласуға асығыңыз. Алдыңыздағы шәкірттеріңізді өзіңізбен тең ұстаңыз. Әр сабағыңызды қызықты мереке қылып өткізіңіз, оны ауыр жұмысқа айналдырмаңыз, баланы ойната отырып оқытыңыз, шешімін таппаған сұрақтарыңыздың жауабын бала мен бірге іздеуге арланбаңыз, бірлескен еңбектің қадірі әрқашан да нұсқап артық екенін естен шығармаңыз. Бала алдында оның айқын, әсерлі сөйлеуге дағдыланыңыз, ісіңіз де, өзіңіздің түр-әлпетіңіз де ұқыпты жинақы болғаны абзал. Өзіңізді мақтамаңыз, қайта бала сізбен мақтанатындай дәрижеге жетіңіз. Өтірік айтпаңыз, балаға берген уәдеңізді орындаңыз, баланы бағамен қорқытпаңыз. Баланың бойынан кемшілік емес, жетістік іздеңіз, жақсы істерін дер кезінде бағалап, қолпаштап, ынталандыруды да ұмытпаңыз. Бала жүрегі нәзік, көңілі пәк екенін естен шығармаңыз. Ертеңгі сабақтарыңыздың бүгінгіден қызықты болуын қамтамасыз етіңіз. Ол үшін әрбір сабаққа ерекше шығармашылықпен мұқият дайындалыңыз. Сол жолда ізденіңіз, технологиялық әдіс-тәсілдерді жүйелі қолданыңыз. Себебі педагогикалық технологиялар әр оқушының дербес оқу үрдісіне қатысуына ықпал ететін тиімді әдіс тәсілдер жиынтығы екені даусыз. Алайда, ешқандай технология – шебер ұстаз тұлғасын, оның мәртебесін алмастыра алмайды. «Мұғалім – адам жанының инженері» деп текке айтылмаған. Бала темір емес, робот емес, ол — өзіндік әлемі бар ғажайып жеке тұлға. Оған сіздің көз қарасыңыз жылы жүрегіңіз, ыстық ықыласыңыз өте қажет. Сабағыңыз тұтас дүние болсын: мынау білім, мынау тәрбие деп бөлмеңіз. Себебі, білім мен тәрбие егіз үрдіс кенін ұмытпаңыз, сабақ басынан аяғына дейін тұнып тұрған білім, ғылым, тәрбие болып, олар ұлттық рухпен өрнектелуі тиіс, ал мұғалім мен шәкірттер осы дүниенің күре тамырына айналуы қажет.
Менің жетістіктерім
Аты-жөні:Ахметова Илимям Тургановна
Туған жылы: 23 қазан 1968 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |