Сауранбаева Зере
Әлеуметтік жұмыс
1. Жүсіп Баласағүни, Қорқыт ата, Қожа Ахмет Яссауидің көзқарастары. 2. Фольклор - қазақ халқының саяси ой-пікірлерінің қайнар көзі. 3. XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары. 4. XX ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси ойлар. 5. Қазіргі жағдайдағы Қазақстандағы саяси ой-пікірлердің ерекшеліктері мен негізгі бағыттары.
Қазақтың бірінші философы, әлеуметтанушысы, математигі, астрономы, физигі, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан Әл-Фараби 870-950 жылдары өмір сүрді. Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазып, артына мол мұра қалдырды. Саясаттануға байланысты “Рахымды қала тұрғындарының көзқарастары”, “Азаматтық саясат”, “Бақытқа жету жолдары”, “Саясат туралы” деген еңбектері бар. Әл-фараби басқаруды қайырлы және қайырсыз етіп екіге бөлді. Қайырлы, білімді, мәдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал, қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды.Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды.
Жүсіп Хасхаджиб Баласағұни (1021-1075) аты әлемге әйгілі ақын , философ, қоғам қайраткері болған. Ол туралы мағлұматтарды біз оның өзінің негізгі еңбегі “Құтадғу білік” (Құтты білік) дастанынан білеміз. “Құтадғу білікте мемлекетті орталықтандыру, оның бірлігі, мемлекетті басқару мәселелеріне басым көңіл бөлінген. Ол-тек саяси трактат қана емес, онда өмірдің мән-мағынасына, адамның тағдыры, оның қоғамдағы орны мен ролі, халықтың мінез-құлқы, салт-санасы, дет-ғұрпы және т.с.с. туралы көзқарастар жинақталған үлкен шығарма. Ол шындыққа, бақытқа жетудің адамгершілік жолдарын іздейді. Әділет,ақыл,рақымдылықты жырлайды.Өмірде әділ заңды, еркіндікті аңсайды.
Махмуд Қашғари “Диуани лұғат-ат-түрік” (“Түркі сөздерінің жинағы)” еңбегінің негізгі идеясы әскери,табиғат, адамгершілік,махаббат, рухтық-этикалық, тұрмыстық оқиғалар да сөз болады. Махмуд Қашғаридің шығармаларынан түркі тайпаларының ХІ ғасырдағы әлеуметтік-саяси жағдайы, олардың отырықшылыққа көшіп, қала мәдениетін қабылдағаны, мемлекеттік-әкімшілік дәстүрге зор мән бергені көрінеді.
Қожа Ахмет Ясауидің (1093-1157) басты еңбегі “Диуани Хикмет” (“Даналық жайындағы кітап)” көне қыпшақ тілінде жазылған, 4 мың 400 жолдан тұратын әдеби-философиялық мұра. Осы шығармасында ол әділдік, шапағаттық, мейірімділік, шыншылдық, ойлылық, тазалық секілді игі істерге, яғни, Абай айтқандай “бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық” болуға шақырады.
Достарыңызбен бөлісу: |