Саяси элита және саяси көшбасшылық



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі17,58 Kb.
#84045
  1   2   3
Байланысты:
лекция с элита
f5fdb98b8709c70 (2), Презентация тақырыптары ПСИХОГЕНЕТИКА

12 Саяси элита және саяси көшбасшылық

12.1 Әлеуметтік саяси ой-пікір тарихындағы лидерлер туралы көзқарастардың дамуы;


12.2 Саяси элиталардың қалыптасуы мен жіктелуі;
12.3 Саяси жетекшілік туралы ұғым.

12.1 Әлеуметтік саяси ой-пікір тарихындағы лидерлер туралы көзқарастардың дамуы


«Элита» термині француздың «elite» деген сөзінен шыққан, сұрыпталған, таңдалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. 18 ғасырдан бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. 20 ғасырдан бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы,беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді.
Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Конфуций (б.з.б.551-479) адамдарды асыл азаматтарға және төменгі адамдарға бөлді.Платон билеуші- философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты.Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде 20-ғасырдың басында италия ғалымдары Г. Моска, В. Парето, неміс Р. Михельстер қалыптастырды.
Гаэтано Моска(1854-1941) элита теориясын «Саяси ғылым негіздері» (1896) деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деген. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызды. Осы үш қасиет, оның ойынша, адамға басқарушылар қатарына кіруге есік ашады.
Саяси элита деп қазына- байлықты, қаржы-қаражатты бөлуге байланысты және басқа саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты атайды.
Қазіргі саясаттану ғылымында білімнің элитология деген арнайы саласы бар. Ол элиталардың қалыптасу жағдайын, оның қоғамдағы ролін, әлеуметтік- саяси процестерге ықпал ету әдіс –тәсілдерін зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет