Байланысты: Зайырлылық және зайырлы мемлекет--сұрақтар
Зайырлылық және зайырлы мемлекет: ұғымы, мәні, сипаты. Зайырлы мемлекет және дін. Зайырлы этика негіздері. Білім жүйесіндегі зайырлылық қағидаттары (2 сағат).
Діннің қалыптасуы мен мәні, әлеуметтік маңызы мен жіктелуі. Діннің құрылымы және функциялары. Дінтану ғылымының қалыптасуы мен дамуы. Негізгі діни ұғымдар. Политеизм. Монотеизм. Дін – ру- хани мәдениет феномені (2 сағат).
Діннің бастаулары мен тарихи түрлері. Көне наным-сенім жүйелері, ұлттық және дәстүрлі діндер. Ежелгі Мысыр, Грекия, Рим діни түсініктері. Шығыс елдерінің діни дүниетаным жүйелері. Зәрдүштік діни ілім жүйесі. Тәңірлік дүниетаным. Кітап түсірілген ежелгі діни қауымдар тарихы. Мұса пайғамбар және Тәурат, Забур (4 сағат).
Буддизм діни ілім негіздері, тарихы, тәжірибесі және таралу аймақтары. Буддизмнің аясындағы діни ағым тармақтары (1 сағат).
Христиан діни ілім негіздері, тарихы, тәжірибесі және таралу өңірлері. Иисус Христос және Библия. Христиан дінінің негізгі бағыттары. Қазіргі заманғы христиан діні (3 сағат).
Ислам дінінің негіздері, тарихы, тәжірибесі және таралу өңірлері. Мұхаммед пайғамбар және Құран Кәрім. Ислам діні аясындағы қалыптасқан діни бағыттар мен ағымдар. Мұсылман құқығының не- гізгі мектептері (мәзһабтар). Ханафи құқықтық мектебінің ерекшеліктері мен маңызы. Матурудия мектебінің ерекшеліктері мен тарихи рөлі. Сопылық танымдық мектебі. Ислам, ғылым және мәдениет (5 сағат).
Қазақстан аумағындағы ислам. Қарлұқ-Қарахан мемлекетіндегі исламның мемлекеттік дін ретін- де орнығуы. Қожа Ахмет Ясауидің хикметі. Алтын Ордадағы исламның тарихы. Қазақ хандығы тұсындағы исламның рөлі. Қазақ жырауларының мұрасындағы исламдық діни таным. Қазақ хандығы тұсындағы зайырлылық бастаулары. XX ғасырдағы Қазақстандағы атезим саясаты. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы ислам діні. Ханафи құқықтық нормаларының Қазақстанда таралуы (5 сағат).
Қазақ жеріне христиан дін өкілдерінің келуі. Қазақстан Республикасы аумағындағы православиелік діни ұйымдар қызметі. Қазақстан Республикасы аумағындағы католиктік және протестанттық діни ұйымдар қызметі (2 сағат).
Ислам мәдениеті. Исламдық сәулет өнері. Ислам мәдениетінің жазба ескерткіштері. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқари, Ахмет Иүгінеки, Хұсам ад-дин Сығнақи, Бұқар жырау, Бекет ата, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, Бекасыл Биболатұлы, Ғұмар Қараштың діни мұралары (3 сағат).
Жалған діни ұйымдар мен ағымдар туралы түсінік. Дін атын жамылған теріс пиғылды ағымдар, олардың белгілері және зардабы. Тыйым салынған діни ұйымдар. Терроршылық – дінге жат ұғым. Діни экстремизм мен терроризмнің ұлттық қауіпсіздікке қатері (3 сағат).
Қазақстан – унитарлы және зайырлы мемлекет. Қазақ халқы – діни тұтастығын сақтаған ұлт. Қазақстан Республикасының дін туралы заңнамасы. Зайырлылық – мемлекеттік жүйенің негізі, ұлттық қауіпсіздіктің кепілі. Діни сенім еркіндігі туралы түсінік. Қазақ халқы – Қазақстандағы діни және этникалық тұрақтылықтың кепілі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Н.А. Назарбаевтың халықаралық қауымдастықта бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласын- да жүргізген саясаты. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» тұжырымдамасы. Қазақ Елінің тұрақтылығы, ынтымақтастығы және дін мәселесіндегі сабақтастық ұстанымы (5 сағат).