Нұқ Пайғамбар – Алланың елшісі, исламда аса құрметтелетін пайғамбарлардың бірі. Нұқ пайғамбар Алланың әмірімен пұтқа (Вадду, Сува, Йагусу, Йауку, Насру) табынып келген өз халқын бір Аллаға сыйынуға шақырды. Біраз уақыттан соң адамдардың бір бөлігі оның насихатын қабылдайды. Сенбеушілер егер пайғамбар болсаң кереметіңмен бізді жазала деп қасарыса түсті. Осы оқиғаға байланысты діни аңыздар мен Құран Кәрімде Нұқ пайғамбардың ақыры Құдайға жалбарынып, дінсіздерге қандай шара жасайтыны туралы медет сұрағандығы айтылды.
Нұх Пайғамбар халық арасында «Екінші адам» деп аталады. Мұның себебі оның дәуірінде болған «Топан су» оқиғасында Аллаға және Нұх Пайғамбарға сенгендерден басқа баршаның жоқ болуы, сондықтан адамзат жанұясының қайтадан пайда болуы.Құран Кәрімде көптеген пайғамбардың өз дәуірінде болған ерекше және ғибырат беретін оқиғалар баяндалған.
Қытайлықтар Түркияда Арарат тауында Нұх пайғамбардың кемесін тауып отыр.
Археологтар тапқан фрагменттер Інжілде айтылған кеменің қалдықтары екенігіне 99,9 пайызға сенімді. Көміртекті танализдің нәтижесіне сүйеніп отырған мамандардың айтуынша, табылып отырған жәдігердің жасы 4 мың 800 жылдың шамасында