Саяси қысым жағдайында Ұлт зиялыларын қудалаудың жаңа толқыны.
1946 жылы тамызда БК (б)П Орталық Комитетінің «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы қаулысы шықты.
Бірқатар көркемөнер қайраткерлері қуғынға ұшырауы Қазақстандағы ұлт зиялыларын қудалаудың жаңа толқынына жол ашты.
Əдебиет, өнер, ғылым қайраткерлеріне негізсіз саяси айып тағу басталды.
1947 жылы қаңтарда Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің «Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл жəне əдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» қаулысы шықты.
Қазақ халқының Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі, əсіресе ХХ ғасырдың басындағы рухани мұрасын ғылыми зерттеуге шек қойылды.
Өткен ғасырларда жасалған мәдениет туындыларын ғылыми тұрғыдан байытуға, жаңа заманға сай өңдеп, қайта пайдалануға ұмтылыстың бәрі саяси қателік және ұлтшылдық сипаттағы бұрмалаулар деп жарияланды.
Қазақ зиялылары арасынан «ұлтшылдар» мен «байшылдарды» іздеу науқаны басталды.
Мәскеуде «Дәрігерлер ісі», Ленинградта «Ленинград ісі», Қазақстанда «Бекмаханов ісі» ұйымдастырылды.
Дарынды тарихшы, ғалым Ермұхан Бекмаханов (1915-1966) 1943 жылы шыққан «Қазақ КСР тарихы» еңбегінің авторларының бірі. Тарихшының аталған кітаптағы Кенесары Қасымұлы қозғалысы туралы материалдары мен 1946 жылы КСРО Ғылым академиясында қорғаған докторлық диссертациясы негізінде жазылған «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» деген монографиясы сынға алынды. Ресейге қарсы ұлттық көтерілістер дəріптелген, орысқа қарсы жазылған деп айыпталды. Авторға «буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дəріптеуші» деген кінә тағылды.
1950 жылғы 26 желтоқсанда «Правда» газетінде «Қазақстан тарихы мəселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан баяндайық» атты мақаланың жариялануы Е.Бекмахановты ресми түрде саяси айыптаудың басы болды. 1951 жылғы 10 сəуірде «Бекмахановтың буржуазияшыл – ұлтшылдық көзқарасын айыптау туралы» Қазақстан БК(б)П Орталық Комитетiнің Қаулысы жарияланды.
1952 жылғы Қазақ КСР Жоғарғы Сотының үкімімен 25 жылға бас бостандығынан айрылды. Мәскеу мен Ленинградтағы ірі ғалымдардың және академик, қоғам қайраткерi А. М. Панкратова сияқты қайырымды да қамқор адамдардың тiкелей араласуының арқасында Е. Бекмахановтың iсi қайта қаралып, 1954 жылы ақталып шықты.
Саяси қысым жағдайында Саяси қысым жағдайында
“Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл жəне əдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы” қаулы шыққан мерзім:
Ресейге қарсы жасалған ұлттық көтерілістер дəріптелген деген айып тағылған тарихи еңбек:
“Қазақстан тарихы мəселелерін маркстік- лениндік тұрғыда баяндайық” мақаласы жарияланған газет:
Биология, медицина, геология саласындағы ғалымдарға тағылған айып:
КОКП ХХ съезінен кейін есімдері қайта атала бастаған мемлекет қайраткерлері:
Қазақстанның қай ғалымының көзқарасы «ғылымға жат» деп танылды:
Қай жылы БК(б)П Орталық Комитетiнiң “Звезда”, “Ленинград” журналдары туралы қаулылары шықты:
Ермұхан Бекмаханов “Қазақ КСР тарихы” еңбегі үшін қанша жылға бас бостандығынан айырылды:
Республика өнеркәсібін қайта құру және одан әрі дамыту 1946-1950 жылдары халық шаруашылығын қалпына келтіру бесжылдық жоспардың басты мақсаты: ауыр өнеркәсіпті дамыту, темір жолдарын салу, ауыл шаруашылығының өнімін ұлғайту. Отын-энергетика кешенi. 1940 ж. II жартысынан -1960ж. ортасында Қазақстан өнеркәсібінің отын-энергетика саласы жақсы дамыды.
1950 жылдар қарсаңында көмір шабу, қопару, вагондарға тиеу жұмыстары толық механикаландырылды.
Көмір өндіру соғысқа дейінгіден 6,5 есе артып,
1950 жылы 17,4 млн тоннаға жетті.
Алматыда, Құлсарыда, Өскеменде су электр станциялары, Жезқазғанда жылу электр орталығы салынды.
Бұқтырма СЭС-нің құрылысы аяқталды.
1950 жылдардың екінші жартысында электр станциялары мен оның жүйелері бір орталықтан басқарыла бастады.
1945 жылы – 1,15 млрд. квт/сағ,
1960 жылы – 10,6 млрд. квт/сағ электр қуаты өндірілді.
Ембі, Жетібай, Өзендегі мұнай өндіру кәсіпорындарының өнімі 2,5 есе ұлғайды.